Диоксиндер, полихлорланған бифенилдер және басқа да полигалогенделген көмірсулар.


Диоксиндер, полихлорланған бифенилдер және басқа да полигалогенделген көмірсулар. Тағам өнімдерін ластау көзі ретінде Орындаған: Жаркинбекова М.И

Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) және соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) класына жататын улы химиялық заттектер. Диоксиндер мен фурандар химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік және түрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын және т.б. жаққан кезде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан (топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл) Диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда және адам организмінде жиналады. Қоршаған ортаға өнеркосібі дамыған елдерде Диоксиндер едоуір мөлшерде шығарылады.

Диоксиндердің улылығын ескерсек, бірінші кезекте олардың хроникалық улылығын адам ағзасына күнделікті аздаған мөлшерде еніп, жоғарғы дәрежеде зияндық келтіруінде. Ең төменгі көрсеткіште, бір адам ағзасын улауға жеткілікті диоксин мөлшері ауыз қуысы арқылы түскенде 0,1 микрограмм (грамның 1миллион бөлшегі) 1 келі салмаққа. Химиялық көрсеткішіне қарай диоксиндер айрықша қауіпті тұрақты органикалық ластауыштарға жатады. Токсикология терминінде "диоксин" қосылыс ретінде 2,3,7,8-тетрахлордибензо-пара-диоксин, бұл өз кезегінде ең қауіпті топ ксенобиотиктер мен полициклденген полихлорлы қосылыстар қатарына жатады. Нәтижесінде олар ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталады.


2006 жылы БДСҰ және ауылшаруашылық және сауда-саттық ұйымы (АСҰ) бірлесе ФАО/АСҰ "Кодекс Алиментариус" комиссиясымен серіктесе отырып "Кодекс практики для предотвращения и снижения уровня загрязнения пищевых продуктов и кормов диоксинами и диоксиноподобными ПХБ" (поли хлорленген бифенилдер) кодексін жасады. Осы құжатты басшылыққа ала отырып, кез келген елдің арнайы ұлттық және аумақтық билік орындары сәйкесінше шараларды қолдана алады. Ал, қазіргі кезде жануар тектес азық құрамындағы диоксин мөлшерінің деңгейін анықтауға арналған әдістемелік құжаттар мен стандарттарды жасау мәселесі көтерілуде. 90% адамдардың диоксинмен улануы тағам өнімдері арқылы, соның ішінде ет-сүт өнімдері, балық және теңіз жәндіктері өнімдерінен келетіні дәлелденген. Осы фактілерге қарай, азық-түлік қауіпсіздігі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да, диоксиндердің таралуының алдын алуындағы негізгі мәселе, жоғарыда атап айтқандай диоксин бөлуші өндіріс орындарымен жұмыс жасап, қатаң бақылау жүргізу керек. Азық-түлік қауіпсіздігінде, уланудың алдын алу мақсатында өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, тарату және сату кезеңінде дұрыс қадағалау жүргізу маңызды мәселе болып табылады

Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератогенді немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.Органикалық қосылыстардың ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматты көмірсулар қауіпті. Бифенилдер Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдар таралады.Олардың көпшілігі тұрақты ағзаларды жеңіл сіңіреді және ұлпаларда бифенил(ПХБ) қоспалары болады. ДДТ,(пестицидтер),тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен еріткіштер.Бұл топқа өте улы зат диоксиндер де жатады. Кеңінен таралған полихлорланған бифенилдер фитостирол, андроген уытты заттары жатады.Андроген-диоксиндерге жатады.Фитостирол-бифенилдерге жатады

Полихлорланған бифенилдер химиялық инертті, 500 жоғары диэлектрлік тұрақтылығымен сипатталады. ПХБ конденсаторда электроизоляциялық сұйықтық ретінде қолданылады. ПХБ микробилогиялық фунгицид ретінде қолданылады. ПХДД және ПХДФ заттары қоршаған ортада, әсіресе топырықта жинақталуға бейім. ПХДД және ПХДФ пересистентті және билогиялық күшті әсер етеді.Сондықтан олар суперэкотоксиканттар қатарына жатады. Метаболизм процесіне қатысып, қанның құрамына еніп, эритроциттер құрылысын бұзады. Бұл экотоксиканттардың уыттылығы соғыс кезінде қолданылған зарин затының уыттылығымен пара-пар. Осы экотоксиканттардың антропогендік таралу көздері мыналар: 1)ластанған химия өнеркәсібінің өнімдері ПХБ(полихлорланған бифенилдер) 2)хлорды ағарту үшін қолданылатын қағаз-целлюлоза өнеркәсібі 3)галоген көмірсутектері қосылған этилденген бензиндерді қолданатын автомобиль көліктері 4)тұрмыстық-өнеркәсіптік қалдықтарды өртейтін өнеркәсіптер

БҰҰ 1998ж. тұрақты органикалық 12 химиялық қосылыстарды өндіріс орындарында қолдануға тыйым салынған

Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады. ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.


Жасушадағы зат алмасу мен үрдістердің реттелуінің бұзылуы. Жаусша метаболизмі химиялық заттардың əсер ету нəтижесінде бұзылуы мүмкін.Гомондармен жəне басқа да реттеулердің жүйелерге жауап бере отырып,химиялық заттар басқарылмайтын өзгеріске алып келеді,генетикалық кодты өзгертеді. Мысалы,көміртегінің тотықсызданып еру реакциясының бұзылуы,токсикалық (улы) металдан болатын,əсіресе мыс пен мышьяк қосындысы;пента хлорфенал (ПХФ),триэтил – қорғасын,триэтилцинк жəне 2,4 – динитрофенол.Фосфорланып тотығу реакциясы стадиясында демалудың химиялық үрдісінің тізбегін бұзады;хлорорганикалық пестицидтер мен полихлорланған бифенилдер (ПХБФ) қалқанша безінің жұмысының бұзылуына əкеліп соғады. Әсері


Мутагенді жəне канцероегнді əсер ету. ДДТ,ПХБФ жəне полиароматикалық көмірсутектер (ПАУ) сияқты заттар потенциалды түрде мутагенді (ағзаның тұқым құалаушылық қасиеттерінің өзгеруіне ДНҚ бұзылу есебінен алып келеді) жəне канцерогенді жаңа ұрпақтың жақсы жəне жаман сапаларының дамуы əсер етуге ие.Бұлардың адамға жəне жануарларға зиянды əсері ауадағы жəне тамақ азық түліктерінде кездесетін осындай заттармен ұзақ байланыста болған кезеде шығады.Мəлімет бойынша,жануарларға жасалған тəжірибе негізінде алынған,канцерогенді əсер екі сатылы механизм нəтижесінде пайда болады: а) Гонадотропты эффект еркектер даралығындағы сперматогенез бен əйелдердің овогенезге əсер етуде пайда болады,соның арқасында биологиялық объектінің функцияларының репродуктивтілігінің бұзылуынан пайда болады б) Эмбриотопты эффект ұрықтың дамуындағы бұзылуында – ұрықтың өлуінде,немесе оның өлшемінің жəне массасының төмендеуінде тұрақты матаның дифференцировкада көрінеді. в) Аллергенді эффект – терінің ыдырауы,демінің бұзылуы жəне т.б. түрде байқалатын эффект.

dioxinder_polikhlorlan_1171_an_bifenilder_zh_1241_ne_bas_1179_a_da_poligalogendelgen.ppt
- Количество слайдов: 13