
Dinaraly_1179__1179_a_1179_ty_1171_ystar.pptx
- Количество слайдов: 20
Дінаралы қ қақтығы стар
+ Батыстың белгілі ғалымы Самюэл Хантингтон өзінің «Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында «Дүние жүзіндегі екі лагерьдің бірі - Кеңес Одағы құлағаннан кейін әлемде екінші бір қарама-қарсы күштер пайда болды, ол - діндер, өркениеттер қақтығысы, дәлірек айтсақ, христиан діні мен ислам дінінің арасындағы қақтығыс. Болашақта адамзат тағдырын осы екі діннің арасындағы диалог шешеді» деген пікір айтады.
Ислам ж әне христи ан діндері арасындағ ы қақтығыс тар
Жалпы, ислам мен христиан діндерінің арасындағы тәжіке бүгін басталған жоқ. 1979 жылы Иранда Аятолла Хомейнидің АҚШ-қа ашық қарсы шығуы бұл ислам діні мен мәдениетінің Батысқа деген қарсылығының үлкен көрінісі еді. Бірақ ол кезде бұл қарсылық әлемдік сипат алады деп ешкім ойлаған жоқ. Сол тұста әлем мемлекеттерінің коммунизмнің де жай ғана таптық мәдениет екеніне көзі жетті. Барлық діндерді ығыстырып оны коммунистік идеологиямен ауыстырғысы келетінін пайымдады. Батыс пен социалистік елдерден біржолата түңілген мұсылман мемлекеттері енді әлемге өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін үлгі ретінде ұсына бастады.
1980 жылы КСРО-ның Ауғанстанға басып кіруін мұсылмандар елге өзге діннің кіруі деп есептеді. 1990 жылы АҚШ-тың Кувейтке байланысты Иракқа соғыс ашуын да мұсылман мемлекеттері жаратқан жоқ. 2001 жылы 11 қыркүйектегі қаралы оқиғадан кейін АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш «бұл - үшінші дүниежүзілік соғыс» деп жариялағаны мәлім. Тіпті ол басында «крест жорығын» жариялаймын» деп қалып, артынан кешірім сұрады. Ол сол тұста дүниені екіге бөліп тастады 2001 жылы Ауғанстанға, 2002 жылы Иракқа АҚШ-тың басып кіруін мұсылман мемлекеттері христиан дінінің басымдығын көрсету үшін жасалып жатқан әрекет деп есептеді. Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыста Құрама Штаттардың еврейлерді ашық қолдауы да жағдайды ушықтырып отыр.
Жаңа ғасырдың екінші ондығы да жаңа діни қақтығыстан басталды. Адамзаттың 30 пайыздан астамын құрайтын христиан дінінің өкілдеріне қарсы тағы бір соққы берілді 2010 ж 7 қаңтарында Мысыр елінің Нага-Хамади қаласында Ғайса пайғамбардың туған күнін атап өтуге келген христиандарға мұсылмандар оқ жаудырды. Жеті адам қаза тауып, тоғыз адам әр түрлі жарақат алды. Бұл оқиға діни қақтығыстар тарихының жаңа парағын ашты деуге толық негіз бар. Себебі бұл оқиға Ғайса пайғамбардың туған күнінде орын алған болатын. Ал діни фанатиктер үшін пайғамбарының туған күні ең қасиетті күндердің бірі болып есептеледі. Мысырдағы христиан дінін ұстанушылардың дені – коптылар. Копт дегеніміз – кәдімгі перғауын заманындағы египеттіктердің ресми ұрпағы. Бүгінде коптылар 80 миллион халқы бар Мысыр елінің 10 пайызын құрайды екен. Бір Каирдің өзінде 163 копт христиандарының шіркеуі жұмыс істейді. Арабтар жаулап алар алдында Мысырда копт тілінің дәурені жүріп тұрған. Мұсылмандар Мысырды басып алғанмен, бес ғасыр бойы копт тілі өзінің қолдану аясын тарылтпай келді. Дегенмен басқыншы халықтың көптігінің арқасында бұл көне тіл бүгінде тек шіркеулердегі діни-наным рәсімдерін өткізетін тілге айналды. Інжіл тарихында коптылар Ғайсаның ең алғашқы ізбасарлары болып есептелінеді. Сондықтан әлем христиандарының коптыларға деген құрметі ерекше. Сол себептен де 7 қаңтарда орын алған лаңкестік әрекет күллі христиан әлемін дүр сілкіндірді.
т о • Ал бұл елдің оңтүстігіндегі көршісі Судандағы жағдай мүлде өзгеше. Мұнда конфессияаралық қақтығыс ұлттық сипат алып отыр. Белгілі дәрежеде оған ел билігінің де қатысы бар. Онда экстремистік күштер ашық әрекет жасайды. Елдің оңтүстік христиандар өмір сүретін аймағында шариғат заңын енгізу халықтың қарсылығын тудырды. Оның ақыры елдің бөлінуіне апарып соқтыратын сыңайлы. • Қазіргі жағдайда көп нәсілді, көп ұлысты, әрқалай дінді ұстанатын Африка құрлығы мемлекет терінің көбінде дінаралық қарым қатынас айрық ша проблемаға айналды. Қақтығыстар жиі ұшырасады. Күні кеше құрлықтағы ең халқы көп ел – Нигерияда дін аралық қақтығыс бұрқ ете қалып, одан 11 адам қаза тапты. Биліктегілер былтырғыдай бұл қақтығыс тереңдеп кетпесе екен деп тілейді. Сонда 500 адам қаза тапқан.
Христиан ді нінің тармақ тары арасындағы қақтығыс
Солтүстік Ирландияның астанасы Белфастта дінаралық қақтығыс болды. Орын алған жаппай бейберекетсіздіктерге мыңға жуық адам қатысқан. Келіспеушілік жергілікті протестанттар мен католиктер арасында туындап отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, дінаралық қақтығысты бастап отырған “Ольстердің бейбіт әскері” қозғалысының жақтастары, яғни протестанттар екен. Олар Солтүстік Ирландияның Ұлыбритания құрамынан шығуына қарсылық білдіруде. Католиктер болса, керісінше, Ирландия Республикасымен бірігуді қалап отыр. Айта кету керек, Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасында мұндай қақтығыстар жиі болып тұрады. Дегенмен жергілікті билік бұл жолғы бейберекетсіздіктердің тым ауыр тиіп отырғанын айтады. Себебі: біріне өшіккен халық Белфаст қаласының біраз жерін қиратып тастаған. Әлемге аты әйгілі Ванга атты болгар көріпкелі келер ғасырда адамзаттың санасы өзгеріске ұшырап, жер бетіндегі қақтығыстардың барлығы діни негізде болады деп жорамал жасап кеткен екен. ХХІ ғасыр басталысымен біз дүниежүзінде орын алған діни бетпердені жамылған қаншама лаңкестік әрекеттер мен конфессияаралық соқтығысуларға куә болып келеміз.
Ислам әлемі тағы да дүр сілкінді. Бұл жолы тек мұсылман елдері ғана емес, кәріқұрлықтағы Европа елдері шерулетіп жатыр. Оған американдық бір режиссёрсымақтың талантсыз әртістердің басын біріктіріп, «Мұсылмандардың пәктігі» фильмін түсіргені себеп болды. Мұсылмандықты аяқасты еткен киноны интернет желісі арқылы бүкіл әлем тамашалаған. Енді АҚШ қа Ислам әлемі «жау көзбен» қарауда. Исламды күлкіге айналдырған «шығармашылық топтың» кесірінен «шиеленіс оты» шарпып кетті. Көптеген елдерде АҚШ тың елшілігі жанына наразы жұрт жиналып, тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түсуде. Тіпті, «Ақ үйдегілер» дипломаттарын қорғау мақсатында өз елшіліктеріне әскер жіберіп үлгеріпті. Америка билігінің айтуынша, оны мысырлық копт (христиан дінінің бір тармағы) Накула Бассерли түсірткен. Ол бұған дейін Калифорния түрмесінде алаяқтық қылмысы бойынша айыбын өтеген деседі. Мәнсіз түсірілген фильм көптеген интернет сайт тарынан алынып тасталынса, әзірге «You. Tube» видеопорталынан өшірілмеді. Қазір компания ол фрагмент терді өшіруден бас тартып отыр. Басты дәлелдері – роликтің мазмұны олардың ережесіне қайшы келмей ді. Десе де, «You. Tube» бірқатар мұсылман елдерін де бұл қысқа фильмді көру каналын жауып тастады.
Фильмнен көріністер
Қазақста ндағы діни қақ тығыста р
Дін – өмір философиясы. Философиядағы дау-дамайлар мен әр түрлі пікірталастар осы дін хақында болған. Талай оқымыстылар “Дүние неден жаралды? ”, “Адам қалай дүниеге келді? ”, “Өмір дегеніміз не? ” деген сұрақтарға жауап таба алмай, басы қатқан. Ал Ислам діні бұл сұраққа әлдеқашан-ақ жауап берді. Тіршілікті жаратушы бір ғана Алла-Тағала екенін бүгінде әлем халықтары мойындай бастады. Десе де, бір өкініштісі, осы бұлтартпас шындықты бұрмалайтындар көп. Түрлі ағымдағы діни секталар Қазақстанда да өз уағыздарын айтып, оң-солын айыра алмай жүрген жастарды, тіпті ересек адамдарды тарихи тек-тамырынан ажыратып, дәстүрлі дінімізге қарсы қоюда. Бұл идеологиялық қауіптің артын ойлаудың өзі қорқынышты. Алайда, осы жағымсыз құбылыспен еліміз қалай күресуде? Діндер арасындағы келісім ақтала ма? Міне, осы сұрақтар төңірегінде ой толғап көрсек. . . 2008 жылғы қазанның 1 -і күнгі ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде елімізде 4173 діни бірлестік бар екен. Оның 2441 -ін – мұсылмандар, 293 -ін – православие, 86 -сын – католиктер, 1272 -сін – протестанттар, 4 -ін – будда, 28ін – иуда, 49 -ын – дәстүрлі емес діндер мен 47 -сін қайырымдылық қорлары мен басқа да қоғамдар құрайды екен. Осыншама діни бірлестіктің бір шаңырақтың астында бірлікте өмір сүруі алғашқы кезекте Елбасының жүргізіп отырған саясатының арқасы екені анық. Десек те, бұл бірлестіктердің барлығы бірдей ұлт болып ұйысуымызға кедергі келтірмейді
• Қазіргі таңда Қазақстанда 384 миссионер жұмыс атқаруда. Көше көшені аралап, құдайы асқа шақырып, тегін кеңес беруге даяр діни секталардың көбейгені соншалық, еліміздің ірі қалаларында олардан аяқ алып жүре алмайсыз. Олар жай жүрмейді. Олар жастарды материалдық игілікпен алдап, арбап, өз діндеріне кіргізіп, одан соң оларды құлша өмір сүруге алып келеді. Мәселен, Алматы, Астана қалала рында “Иеһова куәгерлері” мен “Жаңа өмір” белсенділерін жиі кездестіретін болдық.
• • Бүгінгі күнгі еліміздегі діни ахуалдың алаңда ту шылығы қауіпті құбылыс “уах хабилік” ағымның артынан еріп кетушілердің саны көбейіп, “сәләфи” ағымының кеңінен на сихатталуы көңілге үлкен қорқыныш ұялатады. 2009 2010 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарасақ, 10 мың адам ның 7, 5 мыңы уах ха билер, оның ішінде 75 пай ызы 13 25 жас ара лы ғындағы жасөспірімдер мен жастар. Маусым айында Ақтау дағы қатаң режімді олониядан 21 тұтқын қашып, олар к өзін өзі жарып жі берген оқиға елді дүрліктірген ді. Олардың бәрі де уаххабилік ағымды ұстанушылар екендігі анықталды. Жоғарыда аталған ағымға ерген азаматтар дың қызмет етуі былай тұрсын, сәбилерін тиісті медициналық тіркеуден және дәрігерлік тек се руден өткізуден бас тартуда. Мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар арасында музыка тыңдау харам, Мемлекеттік әнұранды тыңдамау, кеуде ге қол қоймау, Мемлекеттік туға құрмет көрсетпеу, әскери борышты өтемеу дұрыс деген ұғым қалыптастырып, теріс бағыттағы уағыздар жүргізуде. Сондай ақ, 12 16 жастағы қыз балалардың сабақты тастап кетуі мен ата анасының рұқсатынсыз неке қию фактілері де жиілеп келеді.
• • Жалпы, осы мәселелер еліміздің барлық аймақтарынан көрініс беріп отыр. Әсіресе, бұл мәселе Батыс Қазақстан халқын қатты алаңдатуда. Әр түрлі атаумен аталып, “дінсіздерге қарсы әділетті соғыс” бастауды мақсат тұтқан бұлар қару жарақтармен жабдықталып, мекеме лер мен адамдарды тонап, қоғам мен мем лекетке зиян келтіруде. Діни ахуалды бақылауда ұстау үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар өз деңгейіндегі нәтижесін бере алмауда. Өйткені, бұл саладағы қызмет заңнамалық тұрғыдан қамтылмаған, яғни дәстүрсіз діни бірлестіктердің кейбір заңсыз әрекеттеріне құқықтық тосқауыл қою мүмкіндігі шектеулі. Ал тек қана насихаттық жұмыстар арқылы қоғамдық сананы реттеу мүмкін емес. Респуб ликамыздағы ислам діні қызметкерлерінің көбінің дүниетанымы бір ғана дін айналасында өте тар деңгейде және қазіргі қоғам өміріндегі сұранысқа жауап бере алмауы да жасырын емес. Мешіт имамдары кездесулер кезінде ислам дінінің аумағындағы жалпы адами құндылықтардан басқа мәселелерден аспайды. Жоғарыда аталғанның негізінде Мәдениет, Білім және ғылым министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тығыз байланыста жүйелі түр де діни мәселелерімен нақты айналысып отыр ған жоқ. Сол себепті аталған ведомстволар жер гілікті жерлердегі өкілеттерінің жұмысын шұғыл түрде қолға алып, жоғарыда аталған, мем лекетке қауіп төндіретін түрлі фун дамен талистік, экстремистік діни көзқарастағы топ өкіл дерінің таралмауын, сондай ақ, білім беру саласына өтіп кетпеуін қадағалап, шара қолдануы қажет.
• Қазақстанда дін бөлек, мемлекет дін ісіне араласпайды. Сонда да Президентіміз бүкіл діндердің бәрінің басын қо сып, татулыққа шақырып жатқан кезде осы еліміздің өңірлерін дүрліктірген жайға Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан талдау жасалып, баға берілуі тиіс деп білеміз. Діни фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі ықтимал. Сондықтан да, кейбір мәсе ле лер де мемлекеттің араласуы қажет деп есеп тейміз. Көтерілген проблемаларды заңды түрде қамтамасыз етпей, діни ахуалды реттеу мүмкін емес.
• Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы аясында берген тапсырмасына сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан 2013 – 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. • Бұл құжаттың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы айрықша екені айтпасы да анық. Сондықтан да оның мазмұнында келесі қағидалар орын алса деген ұсыныс бар.
• Біріншіден, діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету кезінде мемлекеттік органдардың нақты міндеттері мен орнын анықтау. • Екіншіден, діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету кезінде азаматтық қоғам институтарын кеңінен тарту. • Үшіншіден, діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету аясында ғибадатханалар мен өзге де құлшылық жасау орындардың діни ахуалға әсері жөніндегі классификациясын әзірлеу. • Төртіншіден, діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету аясында басты екпін діни ағартушылық, идеологиялық қарсы тұру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұыстарына түсіру. • Бесіншіден, діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет етуді жүйелі және ғылыми негізде жүргізу.
• ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ ӨРШУІ 1979 жылғы Иран төңкерісі Парсы шығанағы мен Пәкістанда шииттердің ықпалын күшейтеді деген алаңдаушылық туғызды. Британдық «Джейн» журналы Құранды қатқыл ұстанатын уахабшылардың дінсіздерге, әсіресе олар мүшриктер деп санайтын шииттерге қарсы шара қолдануға шақыратынын басты назарға алады. • • Сауд Арабиясы исламдық мектептер – медресе жүйесін кеңейту арқылы шииттердің ықпалына қарсы тұру мақсатында сүнниттік доктринаға белсенді түрде қолдау көрсетті. Сол мақсатта пәкістандық президент Мұхаммед Зия уль Хақ секілді көптеген басшыларға молынан субсидиялар берді. Саудтықтар әлгі мектептерді сүнниттік исламның сүйкімін арттырсын және дінді уахабтық бағытта талдауға қолдау көрсетсін деген ниетпен салды. Пәкістандық тәлібтердің өкілі Азам Тариктың (ортада) Оңтүстік Уәзірстандағы беймәлім жерде пәкістандық журналистермен кездесіп отырған сәті. 18 қараша 2009 жыл. Атқарылған шаралардың нәтижесі бірден көзге көрінді. Қарқындап өскен сүнниттік радикализм Ауғанстандағы советтік басқыншылыққа қарсы қозғалысқа жауынгер жинауға септесті. Соңыра бұл жайт «Талибан» қозғалысы мен Усама бен Ладеннің жақтастарының белсенділігін өршітті.
Dinaraly_1179__1179_a_1179_ty_1171_ystar.pptx