диаграмма.pptx
- Количество слайдов: 71
Диаграмма
Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды. Диаграммалар жұмыс беттерінде орналасқан мәліметтер негізінде құрылады. Диаграмма бетте мәліметтермен графикалық объект сияқты орналасады. Диаграмманы баспаға шығаруға болады. Барлығы 11 диаграмма түрлері бар. Олардың әрқайсысы көптеген түрлерден тұрады. Диаграммалардың мынадай типтері болады: ü Гистограммалар ü Сызбалар ü Дөңгелек диаграммалар ü Жолақ диаграммалар ü Аумақтық диаграммалар ü XY (нүктелік) диаграммалары ü Биржалық диаграммалар ü Беттік диаграммалар ü Шеңбер диаграммалар ü Көпіршікті диаграммалар ü Жапырақты диаграммалар
Гистограммалар Жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді гистограммамен бейнелеуге болады. Гистограммалар бір уақыт кезеңіндегі деректердің өзгерісін көрсету немесе элементтерді өзара салыстырып көрсету үшін пайдаланылады. Әдетте, гистограммаларда санаттар көлденең осьдің бойымен, ал мәндер тік осьдің бойымен реттеледі.
Гистограмманың мынадай түрлері бар: ü Топтастырылған гистограмма және үш өлшемдік топтастырылған гистограмма Топтастырылған гистограммалар санаттар бойынша мәндерді салыстырады. Топтастырылған гистограмма екі өлшемдік тік бұрыштардағы мәндерді көрсетеді. Үш өлшемдік топтастырылған гистограмма деректерді тек үш өлшемдік көрініс арқылы көрсетеді. Үшінші мән білігі (тереңдік осі) пайдаланылмайды.
v Жинақталған гистограмма мен үш өлшемдік жинақталған гистограмма Жинақталған гистограммалар әр санат мәнінің жалпы жиынға үлесін салыстыра отырып, жеке элементтің жалпыға қатынасын көрсетеді. Жинақталған гистограммалар екі өлшемдік тігінен жинақталған тік бұрыштағы мәндерді көрсетеді. Үш өлшемдік жинақталған гистограммалар деректерді тек үш өлшемдік көрініс арқылы көрсетеді. Үшінші мән білігі (тереңдік осі) пайдаланылмайды.
v Үлестік гистограмма және үш өлшемдік үлестік гистограмма Үлестік гистограмма мен үш өлшемдік үлестік гистограммалардағы санаттар бойынша әрбір мәннің жалпы жиындағы үлесін салыстырады. Үлестік гистограмма мәндерді екі өлшемдік тігінен үлестік бұрыштар түрінде көрсетеді. Үш өлшемдік үлестік гистограмма деректерді тек үш өлшемдік көрініс арқылы көрсетеді. Үшінші мән білігі (тереңдік осі) пайдаланылмайды.
v Үш өлшемдік үлестік гистограммаларда өзгертуге болатын үш білік (көлденең ось, тік ось және тереңдік осі) қолданылады және олар көлденең және тереңдік осьдері бойынша деректер нүктелерін салыстырады. Деректерді санаттар бойынша және қатарлар бойынша тең салыстыру қажет болғанда үш өлшемдік үлестік гистограмманы пайдалануға болады, себебі бұл диаграмма түрі көлденең осьдің де, тік осьдің де бойындағы санаттарды көрсетеді, мұндағы тік осьте мәндер көрсетіледі.
Цилиндрлік, конустық және пирамидалық диаграмма Цилиндрлік, конустық және пирамидалық диаграммаларды тік бұрышты гистограммалар үшін көзделген бірдей топтастырылған, жинақталған, үлестік және үш өлшемдік диаграмма түрлерінде пайдалануға болады, сондай-ақ, ол деректерді бірдей жолмен көрсетіп, салыстырады. Жалғыз айырмашылығы диаграмма түрлерін тік бұрыштардың орнына цилиндрлік, конустық және пирамидалық пішіндерде көрсетуі.
Сызбалар Жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді сызбамен бейнелеуге болады. Сызбалар уақыт өткен сайынғы ағымдағы деректерді көрсетуі, жалпы шкаламен салыстырылуы мүмкін және осы себептен тең уақыт аралықтарындағы деректердегі өзгерістерді көрсету үшін пайдаланылады. Сызбада санат деректері көлденең осьдің бойына біркелкі етіп орналастырылады және барлық мән деректері тік осьдің бойына біркелкі үлестіріледі.
Сызбалардың мынадай түрлері бар: Сызба және таңбалауыштары бар сызба Уақыт өткен сайынғы трендтерді немесе реттелген санаттарды көрсету үшін, әсіресе деректер қатары көп болып, олардың берілу тәртібі маңызды болғанда, жекелеген дерек мәндерін көрсету мақсатында таңбалауыштармен берілген немесе оларсыз сызбалар пайдаланылады. Санаттар көп немесе жуық мәндер болған жағдайда, таңбалауышсыз берілген сызбаны пайдаланған жөн.
Жинақталған сызба және таңбалауыштары бар жинақталған сызба Әрбір мән үлесінің уақыт өткен сайынғы өзгерістері мен реттелген санаттарды көрсету үшін жекелеген деректер мәндерін көрсету мақсатында таңбалауыштармен берілген немесе оларсыз жинақталған сызбаларды пайдалануға болады.
Үлестік сызба және таңбалауыштары бар үлестік сызба Әрбір мән үлесінің уақыт өткен сайынғы өзгерістері мен реттелген санаттарды көрсету үшін жекелеген дерек мәндерін көрсету мақсатында таңбалауыштармен берілген немесе оларсыз үлестік сызбаларды пайдаланылады. Санаттар көп немесе жуық мәндер болған жағдайда, таңбалауышсыз берілген үлестік сызбаны пайдаланған жөн.
• Үш өлшемді сызбалар әрбір деректер жолын немесе бағанын үш өлшемдік таспа түрінде көрсетеді. Үш өлшемдік сызбада өзгертуге болатын көлденең, тік және тереңдік біліктер болады.
Дөңгелек диаграммалар Дөңгелек диаграммаға тек жұмыс парағындағы бір бағанға немесе жолға реттелген деректерді бейнелеуге болады. Дөңгелек диаграммалар бір деректер қатарындағы элементтердің өлшемін элементтердің қосындысына шамалас түрде көрсетеді. Дөңгелек диаграммадағы деректер нүктелері тұтас дөңгелектің проценттік қатынасы түрінде көрсетіледі.
Дөңгелек диаграмма пайдаланылатын жағдайлар: ü • Бейнеленетін тек бір деректер қатары бар. ü • Бейнеленетін мәндердің ешқайсысы теріс емес. ü • Бейнеленетін мәндердің ешқайсысы дерлік нөлдік мәндер емес. ü • Санаттар саны жетіден аспайды. ü • Санаттар тұтас дөңгелектің бөліктерін көрсетіп тұр.
Дөңгелек диаграмманың мынадай түрлері бар: • Дөңгелек және үш өлшемдік дөңгелек диаграммалар Дөңгелек диаграммалар жалпыдағы әрбір мәннің үлесін екі өлшемді немесе үш өлшемді пішімде көрсетеді. Дөңгелек диаграмманың бөліктерін ерекшелеу үшін оларды қолмен шығарып қоюға болады.
• Дөңгелек диаграмма секторы және дөңгелек диаграмма сызығы негізгі дөңгелек диаграммадан шығарып алынып, екінші дөңгелек диаграммаға немесе жинақталған сызықтық диаграммаға біріктірілген пайдаланушы анықтайтын мәндері бар дөңгелек диаграммаларды көрсетеді. Бұл диаграмма түрлері негізгі дөңгелек диаграммадағы кішкене бөліктердің ажыратылуын оңайлату үшін пайдаланылады.
• Қиылған дөңгелек диаграмма және үш өлшемді қиылған дөңгелек диаграмма Қиылған дөңгелек диаграммалар жекелеген мәндерді ерекшелей отырып, әрбір мәннің жалпыдағы үлесін көрсетеді. Қиылған дөңгелек диаграммаларды үш өлшемдік пішімде көрсетуге болады. Барлық бөліктер мен жекелеген бөліктерге арналған дөңгелектің қиылу параметрін өзгертуге болады, бірақ қиылған дөңгелектің бөліктерін қолмен қозғалту мүмкін емес.
Жолақ диаграммалар Жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді жолақ диаграммамен бейнелеуге болады. Жолақ диаграммаларда жекелеген элементтердің салыстырылған көрнекі мысалдары беріледі.
Жолақ диаграмма пайдаланылатын жағдайлар: • Білік белгілері ұзын болып тұр. • Көрсетілетін мәндер ұзақтық мәндері болып тұр.
Жолақ диаграмманың мынадай түрлері бар: • Топтастырылған жолақ және үш өлшемдік топтастырылған жолақ диаграмма Топтастырылған жолақ диаграммалар мәндерді санаттар бойынша салыстырады. Топтастырылған жолақ диаграммаларда әдетте санаттар тік осьтер бойында және мәндер көлденең осьтер бойында жатады. Үш өлшемдік топтастырылған жолақ диаграммалар үш өлшемдік пішімдегі көлденең тік бұрыштарды көрсетеді; ол үш осьдегі деректерді бейнелемейді.
• Жинақталған жолақ және үш өлшемдік жинақталған жолақ диаграмма Жинақталған жолақ диаграммалар жекелеген элементтердің жалпыға қатынасын көрсетеді. Үш өлшемдік жинақталған жолақ диаграмма үш өлшемдік пішімде көлденең тік бұрыштарды көрсетеді; ол деректерді үш осьте көрсетпейді
• Үлестік жолақ және үш өлшемдік үлестік жолақ диаграмма Бұл диаграмма түрі әр мәннің жалпыдағы проценттік үлесін салыстырады. Үш өлшемдік үлестік сызықтық диаграмма үш өлшемдік пішімде көлденең тік бұрыштарды көрсетеді; ол деректерді үш осьте көрсетпейді.
• Көлденең цилиндрлік, конустық және пирамидалық диаграмма Бұл диаграммаларды тік бұрышты жолақ диаграммалар үшін көзделген бірдей топтастырылған, жинақталған, үлестік және үш өлшемдік диаграмма түрлерінде пайдалануға болады. Олар деректерді бірдей жолмен көрсетіп, салыстырады. Жалғыз айырмашылығы диаграмма түрлерін көлденең тік бұрыштардың орнына цилиндрлік, конустық және пирамидалық пішіндерде көрсетуі.
Аумақтық диаграммалар Жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді аумақтық диаграммамен бейнелеуге болады. Аумақтық диаграммалар уақыт өткен сайынғы өзгерістің шамасын ерекшелейді және оны өзгеріс бойынша жалпы мәнге назар аудару үшін пайдалануға болады. Мысалы, жалпы пайданы ерекшелеу үшін, уақыт өткен сайынғы пайданы көрсететін деректерді аумақтық диаграммада бейнелеуге болады. Сонымен қатар, аумақтық диаграмма бейнеленген мәндердің қосындысын көрсете отырып, бөліктердің тұтастыққа қатынасын да көрсетеді.
Аумақтық диаграмманың мынадай түрлері бар: • Екі өлшемдік аумақтық диаграмма және үш өлшемдік аумақтық диаграмма Екі өлшемдік немесе үш өлшемдік пішінде көрсетілсе де, аймақтық диаграммалар әрбір мән үлесінің уақыт өткен сайынғы өзгерістері мен басқа санат деректерін көрсетеді. Үш өлшемдік аймақтық диаграммаларда өзгертуге болатын үш білік (көлденең, тік және тереңдік) пайдаланылады. Әдетте, бір қатардағы деректерді басқа қатардағы деректер жасырып қалатындықтан, жинақталмаған аумақтық диаграммадан гөрі, сызбаны пайдаланған жөн.
• Жинақталған аумақтық және үш өлшемдік жинақталған аумақтық диаграмма Жинақталған аумақтық диаграммалар әрбір мән үлесінің уақытқа немесе басқа санаттағы деректерге бөлінген үлесінің өзгерісін көрсетеді. Үш өлшемдік жинақталған аумақтық диаграмма солай көрсетіледі, бірақ онда үш өлшемдік көрініс пайдаланылады. Үш өлшемдік көрініс шын мәнінде үш көлемдік диаграмма емес, үшінші мән білігі (тереңдік осі) пайдаланылмайды.
• Үлестік аумақтық және үш өлшемдік үлестік аумақтық диаграмма Үлестік аумақтық диаграммалар әр мәннің уақытқа немесе басқа санаттағы деректерге бөлінген үлестік пайызының өзгерісін көрсетеді. Үш өлшемдік үлестік аумақтық диаграмма солай көрсетіледі, бірақ онда үш өлшемді көрініс пайдаланылады. Үш өлшемді көрініс шын мәнінде үш көлемді диаграмма емес, үшінші мән білігі (тереңдік осі) пайдаланылмайды.
XY (нүктелік) диаграммалары Жұмыс парағындағы бағандар мен жолдарға реттелген деректерді xy (нүктелік) диаграммасымен көрсетуге болады. Нүктелік диаграммалар бірнеше деректер қатарындағы сандық мәндердің арасындағы қатынасты көрсетеді немесе сандардың екі тобын xy координаталарының қатары түрінде көрсетеді. Нүктелік диаграммада біріншісі көлденең осьдің (x осі), екіншісі тік осьдің (y осі) бойындағы сандық деректердің жиынын көрсететін екі мән білігі бар. Ол осы мәндерді жалғыз деректер нүктелеріне біріктіріп, оларды тұрақсыз аралықтармен немесе топтармен көрсетеді. Нүктелік диаграммалар әдетте ғылыми, статистикалық және инженерлік деректер сияқты сандық мәндерді көрсету және салыстыру үшін пайдаланылады.
Нүктелік диаграмма пайдаланылатын жағдайлар: ü Көлденең осьдің шкаласын өзгерту қажет. ü Білікті логарифмдік шкала ету қажет. ü Көлденең осьдің мәндері біркелкі орналаспаған. ü Көлденең осьдегі деректер нүктелері тым көп. ü Ішіне мәндердің жұптары немесе топтастырылған жиындары кіретін жұмыс парағындағы деректерді нәтижелі түрде көрсетіп, топтастырылған мәндер туралы ақпаратты толығырақ ашып көрсету үшін нүктелік диаграмманың тәуелсіз шкалаларын реттеу қажет. ü Деректер нүктелерінің арасындағы айырмашылықтардың орнына, деректердің үлкен жиындарының арасындағы ұқсастықтарды көрсету қажет. ü Уақытына қарамастан деректер нүктелерінің көп мөлшерін салыстыру қажет, нүктелік диаграммаға неғұрлым көп деректер енгізілген сайын, салыстыру нәтижелілігі де соғұрлым арта түседі.
Жұмыс парағындағы деректерді нүктелік диаграммаға арнап реттеу үшін x мәндерін бір жолға немесе бағанға орналастырып, тиісті y мәндерін көршілес жолдарға немесе бағандарға енгізген жөн
Нүктелік диаграмманың мынадай түрлері бар: • Таңбалауыштары бар нүктелік диаграмма Диаграмманың бұл түрі мәндердің жұбын салыстырады. Деректер таңбалауыштары бар нүктелік диаграмманы пайдаланыңыз, бірақ көп деректер қолданылғанда сызықсыз пайдаланыңыз, себебі байланыстыратын сызықтар деректердің оқуын қиындатады. Деректер нүктелерінің байланысын көрсетпеу үшін де осы диаграмма түрін қолдануға болады.
• Жазық сызықтары бар және жазық сызықтары бар әрі таңбалауыштары жоқ нүктелік диаграммалар Диаграмманың бұл түрі деректер нүктелерін байланыстыратын жазық қисықты бейнелейді. Жазық сызықтарды таңбалауыштармен де, таңбалауыштарсыз да көрсетуге болады. Деректер нүктелері көп болған жағдайда таңбалауыштары жоқ жазық сызықты пайдаланыңыз.
• Тік сызықтары бар және тік сызықтары бар әрі таңбалауыштары жоқ нүктелік диаграммалар Диаграмманың бұл түрі деректер нүктелерінің арасындағы сызықтарды қосатын түзу сызықты көрсетеді. Түзу сызықтар таңбалауыштармен немесе оларсыз көрсетілуі мүмкін.
Биржалық диаграммалар Жұмыс парағындағы белгілі бір тәртіппен бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді биржалық диаграммамен бейнелеуге болады. Өзінің атауы айтып тұрғандай, биржалық диаграмма көбінесе акция бағамдарының құбылмалылығын көрнекі түрде беру үшін пайдаланылады. Алайда, бұл диаграмманы ғылыми деректер үшін де пайдалануға болады. Мысалы, биржалық диаграммаларды күнделікті немесе жылдық температуралардың құбылмалылығын көрнекі түрде беру үшін пайдалансаңыз болады. Биржалық диаграммаларды жасау үшін деректерді дұрыс тәртіппен реттеу керек. Биржалық диаграмма деректерінің жұмыс парағында реттелу жолы өте маңызды болып табылады. Мысалы, қарапайым "жоғары-төмен-жабық" биржалық диаграммасын жасау үшін «Жоғары» , «Төмен» және «Жабық» деп енгізілген тақырып атаулары бар деректерді сол тәртіппен реттегеніңіз жөн.
Биржалық диаграмманың мынадай • Ашық-жоғары-төментүрлері бар: • «Жоғары-төмен-жабық» биржалық жабық Биржалық диаграммасы биржадағы бағаларды диаграмманың бұл түрі төрт көрсету үшін жиі пайдаланылады. Ол мәндер қатарының дұрыс келесі тәртіппен үш мәндер қатарын тәртіппен (ашық, жоғары, қажет етеді: жоғары, төмен және жабық) берілуін жабық. қажет етеді.
• Көлем-жоғары-төмен-жабық • Көлем-ашық-жоғары. Биржалық диаграмманың бұл түрі төмен-жабық Биржалық төрт мәндер қатарының дұрыс диаграмманың бұл түрі бес тәртіппен (көлем, жоғары, төмен мәндер қатарының дұрыс және жабық) берілуін қажет етеді. Ол екі мән білігінің көмегімен көлемді тәртіппен (көлем, ашық, жоғары, төмен және жабық) өлшейді: біреуі көлемді өлшейтін берілуін қажет етеді. бағанды, екіншісі биржадағы бағаларды көрсетеді.
Беттік диаграммалар Жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді беттік диаграммамен бейнелеуге болады. Беттік диаграмма екі деректер жиынының арасындағы оңтайлы тіркесімді табу үшін пайдаланылады. Топографиялық картадағы сияқты, түстер мен әшекейлер бірдей мәндер ауқымына жататын аумақтарды көрсетеді. Беттік диаграмманы санаттар мен деректер қатарының екеуі де сандық мәндер болған кезде пайдалануыңызға болады.
Беттік диаграмманың мынадай түрлері бар: • Үш өлшемдік беттік диаграммалар беткі көрініс ретінде екі өлшем бойынша мәндердің өзгеруін көрсетеді. Беттік диаграммадағы түсті баулар деректер қатарын бейнелемейді, олар мәндер арасындағы айырмашылықты береді. Бұл диаграмма деректердің үш өлшемдік көрінісін көрсетеді, бұны үш өлшемдік гистограммаға тартылған резеңке мата түрінде елестетуге болады. Бұл әдетте көру қиын деректердің үлкен көлемдері арасындағы қатынастарды көрсетеді.
• Түссіз үш өлшемдік беттік диаграмма Бетте түссіз бейнеленген жағдайда үш өлшемдік беттік диаграмма түссіз үш өлшемдік беттік диаграмма деп аталады. Бұл диаграмма тек қана сызықтарды көрсетеді.
• Контурлық диаграммалар екі өлшемдік топографиялық карталарға ұқсайтын беттік диаграммалардың үстінен қарағандағы көрінісі болып табылады. Контурлық диаграммада түс жолақтары мәндердің нақты ауқымдарын білдіреді. Контурлық диаграммадағы сызықтар тең мәнді интерполяциялы нүктелерді қосады.
• Түссіз контурлық диаграммалар да жоғарыдан көрінетін беттік диаграммалар болып табылады. Бетінде түсті баулары жоқ түссіз диаграмма тек қана сызықтарды көрсетеді. Түссіз контурлық диаграмманы оқу оңай емес. Оның орнына үш өлшемдік беттік диаграмманы пайдалануға болады.
Шеңбер диаграммалар Шеңбер диаграммаға тек жұмыс парағындағы бағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді бейнелеуге болады. Дөңгелек диаграмма сияқты, шеңбер диаграмма бөліктердің тұтастыққа қатынасын көрсетеді, бірақ оның ішінде бірнеше деректер қатары болуы мүмкін. Шеңбер диаграммаларды оқу оңай емес. Оның орнына жинақталған гистограмма немесе жинақталған жолақ диаграмманы пайдалануға болады.
Шеңбер диаграмманың мынадай түрлері бар: • Шеңбер диаграммалар деректерді сақиналар түрінде көрсетеді, мұндағы әрбір сақина деректер қатарын білдіреді. Егер пайыздық көрсеткіштер дерек белгілерінде көрсетілсе, әр сақинаның жиыны 100% болады. • Қиылған шеңбер диаграмма Көбінесе қиылған дөңгелек диаграммаларға ұқсайтын қиылған шеңбер диаграммалар жекелеген мәндерді ерекшелей отырып, әрбір мәннің жалпыдағы үлесін көрсетеді, бірақ олардың ішінде бірнеше деректер қатары болуы мүмкін.
Көпіршікті диаграммалар Көпіршікті диаграммаға жұмыс парағындағы бағандарға x мәндерінің тізімін бірінші бағанда беріп, ал тиісті y мәндері мен көпіршікті өлшемдегі мәндердің тізімі көршілес бағанда бере отырып реттелген деректерді бейнелеуге болады. Мысалы, деректерді мына мысалда көрсетілгендей етіп реттеу керек.
Көпіршікті диаграмманың мынадай түрлері бар: • Көпіршікті немесе үш өлшемдік әсерлі көпіршікті диаграмма Көпіршікті диаграмма түрлерінің екеуі де екі емес, үш мәндер жиынын салыстырады. Үшінші мән көпіршікті таңбалауыштың өлшемін анықтайды. Көпіршіктердің екі өлшемдік пішімде немесе үш өлшемдік әсермен көрсетілуін таңдауға болады.
Жапырақты диаграммалар Жұмыс парағындағыбағандарға немесе жолдарға реттелген деректерді жапырақты диаграммамен бейнелеуге болады. Жапырақты диаграммалар бірнеше деректер қатарының жиынтық мәндерін салыстырады.
Жапырақты диаграмманың мынадай түрлері бар: • Жапырақты және Боялған жапырақты таңбалауыштары бар жапырақты • диаграмма Боялған диаграмма Жекелеген деректер нүктелері үшін таңбалауыштармен жапырақты диаграммада немесе оларсыз берілетін жапырақты деректер қатары қамтылған диаграммалар мәндердің орталық аумақ түспен боялады нүктеге қатысты өзгерістерін көрсетеді.
Диаграмманы құру үшін: диаграмма құратын мәліметтерді енгізу; диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу; Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту; Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет; Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады; Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды; Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз. Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete пернесін басыңыз.
Диаграмма құру алдында мәліметтер бетте диаграмма түріне сәйкес орналасқандығына көз жеткізу керек. 1. Диаграмма құрылатын кесте бөлігін ерекшелеңіз. 2. Қою қосымшасында Диаграммалар тобында керекті диаграмма түрін шертіңіз
Диаграмма түрін таңдау Бетте таңдалған түрдің диаграммасы құрылады
Диаграмма түрін өзгерту Құрғаннан кейін диаграмма түрін және типін өзгертуге болады. 1. Диаграммалармен жұмыс қосымшасында Түр тобында Диаграмма түрін өзгерту батырмасын басыңыз. 2. Диаграмма түрін өзгерту терезесінде қажетті диаграмма түрін және типін таңдаңыз.
Диаграмма элементтерін қосу және өшіру Диаграмма макетін таңдау Диаграмма макетін диаграмма элементтерінің орналасуы анықтайды. 1. Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма макеті тобының Қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз. 2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз.
Диаграмма элементтерін қосу және өшіру Диаграммаға жеке элементтер қосуға және өшіруге болады. Ол үшін Диаграммалармен жұмыс қосымшасының элементтерін қолданады
Диаграмма өлшемін және элементтерін өзгерту Үнсіздік бойынша құрылған диаграмманың биіктігі 7, 62 см, ұзындығы 12, 7 см болады. Диаграмма өлшемін ерекшеленген диаграмма маркерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың нақты өлшемін Диаграммамен жұмыс қосымшасының Өлшем тобының есептеуіштерінде орнатуға болады.
Диаграмманы безендіру Безендіру стильін таңдау Диаграмманы безендіру стильі диаграмма элементтерінің түсін анықтайды. 1. Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма стильі тобында қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз. 2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз
Диаграмма элементтеріне құю Элемент құюын өз бетімен орнатуға болады. 1. Диаграмма элементін таңдаңыз. 2. Диаграммамен жұмыс Пішім қосымшасының Фигура стилі тобында Фигураны құю батырмасын шертіңіз және құю түсін таңдаңыз.
Элемент қаріпін безендіру Диаграмма қарпінің параметрлерін орнату үшін Диаграммалармен жұмыс/Пішім қосымшасының Word Art стильі тобының элементін қолдануға болады
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ
диаграмма.pptx