Девиантты минез-кулык.pptx
- Количество слайдов: 15
Девиантты мінез-құлық және әлеуметтік бақылау
ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Девиация ұғымы, мәні. 2. Девиантты мінез-құлықтың себептері және түрлері. 3. Әлеуметтік бақылау.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Социальные отклонения. Введение в общую теорию. М. , 1984. 2. Кудрявцев В. И. Социальные деформации. Причины, механизмы и пути преодоления. М, 1992. 3. Социология преступности. М, 1966. 4. Социология экономической преступности. М. , 1988.
Әлеуметтануда девиантты мінезқұлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын жасап ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның болмауы» дегенді білдіреді.
Егер де индивидтер қоғамдағы жалпыға ортақ нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады. Аномия – қоғамның мүшелерінің өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле-тұра оларға бейжай қарайтын қоғамның жайкүйі
ДЕВИАЦИЯ (ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУ) ДЕГЕНІМІЗ – БҰЛ БЕЛГІЛІ БІР ҚОҒАМДА ҚАЛЫПТАСҚАН НОРМАЛАРҒА НЕМЕСЕ МОЙЫНДАЛҒАН ШАБЛОНДАРҒА ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН, АДАМДАРДЫҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҮРІСТҰРЫСТАРЫ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫ.
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ДЕП БЕЛГІЛІ БІР ҚОҒАМДЫҚ ЖҮЙЕ ҮШІН ЗАҢДЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚҰБЫЛЫСТАР МЕН ПРОЦЕСТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫН АТАЙДЫ.
ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР ЕКІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ: ЖЕКЕ ДЕҢГЕЙ БҰҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДА ДЕВИАЦИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ БІРЫҢҒАЙ КӨЗҚАРАС ЖОҚ.
ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық дәрігер Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен адамның дене белгілерінің арасында байланыстың бар екендігін айқындады.
Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі – американдық ғалым, дәрігер Уильям Шелдон болды. Оның тұжырымдары бойынша, адамның белгілі бір дене құрылымының болуы оның қандай да бір тұлғалық сапаларын білдіреді.
1. ЭНДОМОРФТАР – дене бітімі дөңгелек, орташа толықтықтағы адамдар, мұндай адамдарға ашықтық, адамдармен тіл табыса білу тән, 2. МЕЗОМОРФТАР – денелері тік, күшті келеді, мұндай адамдар көбіне мазасыздыққа бейім, белсенді, бірақ ауруды көп сезіне бермейді. 3. ЭКТОМОРФТАР – дене құрылымының нәзіктігімен және әлжуаздығымен ерекшеленеді, өз-өзіне есеп беруге бейім, сезімталдығы жоғары және ашушаң.
• Роберт Мертон мінезқұлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ ЖАҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕВИАЦИЯ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ: ЭКСТРАВЕРТИВТІ ЖӘНЕ ИНТРАВЕРТИВТІ АУЫТҚУ
ӘЛЕУМЕТТІК БАҚЫЛАУ ДЕП ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕНІҢ ӨЗІНӨЗІ РЕТТЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН, АДАМДАРДЫҢ МІНЕЗҚҰЛҚЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМҚАТЫНАСТАРЫН НОРМАТИВТІ РЕТТЕУДІ АТАЙДЫ.
Девиантты минез-кулык.pptx