Дерматовенерология кафедрасы Тақырыбы: Липшютц — Чапин жедел жарасы
Дерматовенерология кафедрасы Тақырыбы: Липшютц — Чапин жедел жарасы Орындаған Тексерген: Факультет: Топ: 2014-2015 оқу жылы
ЖОСПАРЫ: Липшютц— Чапин жедел жарасы Этиологиясы Жіктелуі Клиникалық көрінісі Диагностикасы Дифференциальды диагностикасы Емі
Липшютц — Чапин жедел жарасы-жиі жыныс жолдарының төменгі бөлігін, урогенитальді сфераны зақымдайтын полиэтиалогиялық ауру. Австриялық дерматолог (B. Lipschutz, 1878—1931) анықтаған.
Этиологиясы: Ауру қоздырғышы—анықталмаған, Белгісіз вирустармен шақырылады, бірақ Bacillus crassus. екіншілік қоздырғыш болып табылады деген болжам бар. Жыныстық қатынассыз жас әйелдер мен 14-20 жас аралығындағы қыз балаларда,инфекциялық аурумен (ангина, тонзиллит, пневмония,туберкулезбен ауырған, аллергиялық реакция жоғары адамдарда )жиі кездеседі.
Жіктелуі Жедел Жеделдеу Милиарлы Гангренозды Эрозивті Рецидивті Дифтероидты
Клиникасы: Әйелдің сыртқы жыныс мүшесінде жедел милиарлы жара пайда болады. Қоздырғыш енген жердің терісі қызарып,жұмсақ консистенциялы, көптеген майда жаралар көбейеді. Жараның сыртын іріңдіктер қоршайды. Жиі улкен ернеуде көп кездеседі, Ал кіші ернеу мен аралықта аз кездеседі.
Вульваның жедел жарасы)
Әйелдің сыртқы жыныс мүшесінде шанкр тәрізді түзілістер пайда болады. Қоздырғыш енген жердің терісі қызарып, кішкене іріңдік пайда болады. Екі- үш күннен кейін іріңдік жарылып кішкене жара болады да, бірте-бірте үлкейіп, тереңдей бастайды. Қалыптасқан түрде бұл жара әр түрлі пішінді келеді, шеттері иректі, түбі тегіс емес және іріңмен қапталған.
Әйелдің сыртқы жыныс мүшесінде гангренозды түрдегі жедел жара пайда болады. Гангренозды түрінде шанкр тәрізді диаметрі 3 см және оданда көп, іріңді-некротикалық жабындымен қапталған, шеттері гиперемияланған түзіліс пайда болады. Қатты қалтыраудан, жоғарғы дене қызуынан кейін басталады. Сыртқы жыныс мүшесінде қатты ауру сезімі болады. Кіші ернеудің жоғарғы бөлігінде терең жаралар пайда болады. Жараның сырты сұрғылт-сары түстес тығыз жабындымен қапталған, жедел жара тез жазыла бастайды, түбі іріңнен тазарады. Бұл үрдіс 2-4 аптаға созылады.
Диагностикасы: Уретрадан, қынаптан, цервикальді каналдан, жараның жоғарғы бөлігінен бөлінді алынады. Микроскопия әдісі арқылы нативті және алынған препаратты бояу арқылы майда таяқшалар грамм ± флораны анықтайды. Амплификация әдісі-бойынша гонокок, трихомонад, хламидия, генитальді микоплазма, I және II типтегі герпес вирустарын, Эпштейна — Барр және цитомегаловирустарынан нуклейн қышқылын алу Кіші жамбас қуысынын УДЗ әдісі арқылы қабыну үрдістерін, (эндоцервицит, эндометрит, сальпингоофорит)анықтайды.
емі Жедел түрінде Имуномодуляторлар тар спектрлі антибиотикпен бирге Десенсибилиарлы препараттар Витаминдер Гамма-глобулин, В, А, Е витаминдермен бірге
Цефалоспориндер, цефтриаксон күніне 0,25-0,5 г 5күн. Фторхинолондар, таривид күніне 300-400 мг, ломадей 400 мг күніне. Қатты ауырған кезде анальгетиктер (анальгин, баралгин, триган.) Протеолитикалық ферменттер: трипсин бұлшықетке 0,01 г 1-2 рет күніне ,химопсин. Иммунокорректорлер (метилурацил, пентоксил), Витаминдер Дезинтоксикация (неогемодез, реосорбилакт, сорбилакт 1-2 рет аптасына).
виферон суппозиторий түрде (күнде тік ішекке, қынапқа 10 күн бойы күніне 2 рет. Жергілікті терапия-«Фуцикорт» креммен 7 күн бойы күніне 2 рет. Болжамы-қолайлы.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Васильев М.М., Денисова В.М. Эпидемиология, диагностика и лечение больных с эрозивно-язвенными поражениями половых органов, ассоциированными с бактериальной инфекцией, а также с вирусами из семейства герпесов / Клиническая дерматология и венерология, 2009. — № 1. — С. 16-22. 2. Fugua W.C., Winans S.C., Greenberg E.P. Quorum sensing in bacteria: the LuxR-LuxI family of cell density-responsive transcriptional regulators. — J. Bacteriol., 1994; 176 (2): 269-275. 3. Анкирская А.С., Демидова Е.М., Земляная А.А. // Вестн. АМН СССР, 1991. — № 6. — С. 17-19. 4. Канашкова Т.А., Титов Л.П., Скороход Г.А. и др. // Тезисы докладов Научной конф. «Проблемы бактериологии и иммунологии». — Минск, 1999. — С. 69-73. 5. Воропаева С.Д. // Антибиотики и химиотер., 1999. — Т. 44. — № 3. — С. 42-45. 6. Gibley L.J., Gibley L.J. // Am. J. Obstet. Gynecol., 1991. — Vol. 165. — № 4. — P. 1245—1249. 7. Horowitz B.J., Mardh P.A., Hady E., Rank E.L. // Am. J. Obstet. Gynecol., 1994. — Vol. 170. — № 3. — P. 857-861. 8. Мавров И.И. Половые болезни. — М.: АСТ-ПРЕСС КНИГА, 2002. — 752 с.: ил. — (Медицинская энциклопедия). 9. Кожные и венерические болезни: справочник / под редакцией О.Л. Иванова. — М.: Медицина, 2007. — 336 с. 10. Жучимова Н.Л., Бочкарев Ю.М., Чигвинцева Е.А., Сурганова В.И. Острая язва вульвы / Клиническая дерматология и венерология, 2006. — № 1. — С. 33-35. 11. Прохоренков В.И., Цурган К. Дифференциальная диагностика эрозивно-язвенных поражений гениталий. Consilium Medicum, 2004: T.06, № 3. 12. Тихонова Л.И., Кисина В.И., Лосева О.К. и др. Тактика клинико-лабораторной диагностики и терапии инфекций, передаваемых половым путем, характеризующихся эрозивно-язвенными поражениями, и лепры / Вестник дерматологии и венерологии, 2006. — № 6. — С. 46-55.
38880-lipshyutts__chapin_zhedel_zharasy.ppt
- Количество слайдов: 16

