Лекция 6 Базы данных.ppt
- Количество слайдов: 24
Деректер базасы Ақпараттық-іздеу жүйелері ДБ және ДББЖ ұғымы Деректер базасының үлгілері ДББЖ типтері 1
Ақпараттық-іздеу жүйелері p Ақпараттық-іздеу жүйелері – бұл құрылымды ақпараттың үлкен жиынтығын іздеу, өңдеу, сұрыптау және фильтрлеу үшін арналған қолданбалы компьютер құралы. 2
АІЖ екі типі бар: p 1. Құжаттық-гарфикалық АІЖ-де барлық сақталған құжаттар арнайы түрде индекстеледі, яғни әрбір құжатқа іздеу түрінен тұратын жеке код тағайындалады. Іздеу құжаттар бойынша емес, олардың іздеу түрі бойынша жүргізіледі. Үлкен кітапханаларда кітаптарды дәл солай іздейді. p 2. Факт-графикалық. Факт-гарфикалық АІЖ-де құжаттар емес, қандай да бір пәндік салаға қатысты фактілер сақталады. Іздеу фактінің түрі бойынша жүргізіледі. 3
ДБ және ДББЖ ұғымы p p Әрбір АІЖ екі бөліктен тұрады: деректер базасы (ДБ) және деректер базасымен басқару жүйелері (ДББЖ). ДБ- бұл белгілі бір пәндік салаға қатысты құрылымды деректердің жинағы. ДББЖ – бұл ДБ жасау үшін, оларды актуальды күйде ұстау және олардан керек ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажетті бағдарламалық және тілдік құралдар жиынтығы. Қазіргі уақытта көптеген түрлі ДББЖ бар. Dbase, Clipper, Fox. Pro, Paradox, Microsoft Access сияқтылар кеңінен қолданысқа иеленген. 4
Деректер базасының үлгілері Кез-келген деректер базасының ядросы деректер үлгісі болып табылады. Деректер үлгісі арқылы пәндік саланың обьектілері және олардың өзара байланысы көрсетілуі мүмкін. p Деректер үлгісі – бұл деректердің құрылымы және оларды өңдеу операцияларының жинағы. Деректер үлгісінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, желілік және реляционды. p 5
p Иерархиялық үлгі жалпыдан жекеге бағыну ретімен орналасқан және құрылымы бойынша аударылған бұтақ құрайтын элементтердің жиынтығы. 6
p Иерархиялық үлгі Ректор ИСФ Кафедра ТСМИ Специальность ПСК ИТФ Кафедра ТСПи. А Специальность Қ Специальность ЕТ Кафедра АИС Специальность АЖ Кафедра АӨТ Специальность ПЖ 7
Иерархиялық үлгінің артықшылықтары: p Пәндік саланың көрсетілу қарапайымдылығы, құрылымдарды анализдеу оңтайлылығы және оларды сипаттау қарапайымдылығы Иерархиялық p үлгінің кемшіліктері: Жаңа жазбаларды қосу және бар жазбаны өшіру қиындығы, ақпараттық артықшылық, сипаттау көлемділігі. 8
Желілік үлгі p Желілік үлгіде әрбір элемент басқа кез келген элементпен байланысты болуы мүмкін. Менеджмент кафедрасы «Персоналмен басқару» оқыту пәні «Менеджмент және туризм» мамандығының студенттері Экономика кафедрасы «Менеджмент» оқыту пәні «ЭУП» мамандығының студенттері «Экономика» оқыту пәні «Финанс және кредит» мамандығының студенттері 9
Желілік үлгінің артықшылықтары: p Пәндік саланың объектілерінің қатынасының алуан түрлілігін бейнелеу мүмкіндігі, айқындылық, желі шыңының әрқайсысына қол жетімділік, ақпарат көлемділігінің аздығы. Кемшіліктері: p Ақпарат көлемінің артуына қарай желілік үлгі сипаттау үшін қиынға түседі. 10
Реляционды үлгі p Реляционды үлгіде объектілер мен олардың арасындағы байланыс кесте түрінде беріледі, сондай-ақ байланыстарды да обьекті ретінде қарастырады. ДББЖ қазіргі барлық құралдары деректердің реляционды үлгісін құптайды. p Үлгі негізінде кестелік әдістер және деректерді көрсету мен оларды манипуляциялау құралдары жатыр. 11
Реляционды үлгі 1 Атрибут NАтрибут Домен Жазба (кортеж) 12
p Реляционды үлгіде кесте қатынас деп аталады. p Жол – жазба (кортеж). p Баған – атрибут деп аталады. p Әрбір атрибут может доменнің көптеген мәндерінің кейбірін қабылдай алады. p Осылайша, кесте – біртипті жазбалардың соңғы жиынынан тұратын реттелген құрылым болып табылады. 13
Басқа үлгілерден ерекшелігі – деректермен манипулияциялаудың нақты мат. әдістерін қолдану мүмкіншілігі. p Артықшылығы – айқындылық, деректерді өзгерту қарапайымдылығы p 14
Әрбір реляционды кесте екі өлшемді массив болып табылады және келесі қасиеттерге иеленеді: p Кестенің әрбір элементі деректердің бір элементіне сәйкес келеді. p Кестедегі барлық бағандар бірыңғай, яғни бағандағы барлық элементтер бірдей түр мен ұзындыққа ие. p Әрбір баған теңдессіз атауға ие. p Кестеде бірдей бағандар жоқ. p Бағандар және жолдар реті кез келген болуы мүмкін. 15
ДББЖ типтері Деректерді өңдеу технологиясы бойынша ДБ орталықтанған және тармақталған болып бөлінеді. p Орталықтанған ДБ есептеуіш жүйенің біреусінің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе ЭЕМ желісінің компоненті болып табылса, мұндай базаға тармақты қол жеткізуге болады. Деректер базасын қолданудың бұл әдісі ДК локальді желілерінде жиі қолданылады. 16
p Тармақталған деректер базасы есептеуіш жүйенің түрлі ЭЕМ сақталған қиылысатын немесе бірбірін қайталайтын бірнеше бөліктерден тұрады. Тұтынушылар көзқарасы бойынша ол барлық деректер бір жерде сақталғандай болып көрінеді. Әрине, мұндай схема байланыс арналарының сенімділігі мен өнімділігіне қатаң талаптар қояды. 17
Транзакция ұғымы p Транзакция деп ДБ әсер ету жағынан бөлінбейтін не транзакцияға кіретін барлық операторлар нәтижелері ДБ-да бейнелетін, не барлық операторлардың әсері толығымен болмайтын деректермен манипулияциялау (оқу, жою, қою, модификация) операторларының тізбектілігін айтады. Транзакция лозунгы – «Барлығы немесе ештеңе» . 18
p Транзакция механизмін ұстау – ДББЖ даму деңгейінің көрсеткіші. Транзакцияны ұстаудың корректеу механизмі біруақытта деректер базасының тұтастығын қамтамасыздандырудың негізі болып табылады. p Деректер базасының мәліметтеріне қол жетімділік әдісі бойынша деректер базасына локальді қол жетімділік және жойылған қол жетімділік болып бөлінеді. 19
p Желі қолжетімділігімен орталықтанған деректер базасының жүйелері сәйкес жүйелердің келесі архитектурасын топшылайды: n файл-сервер; n клиент-сервер. 20
Файл-сервер. Желі қолжетімділігімен ДБ жүйелерінің архитектурасы желідегі бір машинаның файлдардың орталық сервері ретінде алынуын топшылайды. Мұндай машинада бірге қолданылатын орталықтанған ДБ сақталады. p Желідегі барлық басқа машиналар орталықтанған деректер базасына қол жететін жұмысшы станцияларының функцияларын орындайды. Деректер базасының файлдары тұтынушы сұраныстарына сәйкес негізінен өңдеу жүретін жұмыс станцияларына жіберіледі. p 21
p Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталықтанған ДБ сақтаумен қатар орталық машина (деректер базасының сервері) деректердің негізгі көлемін өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс екендігі түсіндіріледі. Клиенттің (жұмыс станциясының) деректерге беретін сұранысы іздеу және сервердегі деректерді алуды тудырады. Алынған деректер, файлдар емес, сервердан клиентке желі бойынша тасымалданады. 22
p Клиент-сервер технологиясының негізгі идеясы мынада: қуатты сервер жұмыс станцияларына файлдарды емес, қажетті ақпарат үлесін жібереді, яғни сұранысқа жауап береді. Осылайша, желі арқылы жіберілетін ақпарат көлемі кемиді (желі трафигі). p Клиент-сервер архитектурасының спецификасы SQL сұраныс тілін қолдану болып табылады. 23
p p Әмбебаптылық дәрежесі бойынша ДББЖ екі класын ажыратады: - жалпы тағайындау жүйелері; - арнаулы жүйелер. Жалпы тағайындау ДББЖ қандай да бір пәндік салаға немесе қандай да бір тұтынушылар тобының ақпараттық қажеттіліктеріне бағытталмаған – бұл ақпараттық жүйенің деректер базасын жасау және эксплуатациялаумен байланысты барлық функциялардың жиынтығын орындауға арналған күрделі бағдарламалық жинақтар. Арнаулы ДББЖ жалпы тағайындаудағы ДББЖ қолдану тиімсіз немесе мүмкін емес болғанда сирек жағдайда қолданылады. 24
Лекция 6 Базы данных.ppt