Зарина срс оз.pptx
- Количество слайдов: 17
Денсаулықпен байланысты өмір сапасы Орындаған: Абданбай З Топ: ЖМ-11 -09 -2 к Тексерген: Дәрмен Н. Ж.
Жоспар: Кіріспе Салауатты өмір салтының үш категориясы Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері Қорытынды
Кіріспе: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі". Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты, Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады. Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді.
1) Салауатты өмір сүру деңгейі; 2) Салауатты өмір сүрудің сапасы; 3) Салауатты өмір сүрудің стилі. «Салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы:
Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігінің толығымен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудін сапасы дегеніміз – әлеуметтік категория – үйіші, кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психологиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру. Салауатты өмір сүрудің стилі
Дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ) бойынша: «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49 -53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. 17 -20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты. Ал 18 -22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді). 8 -10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.
Өмір сапасы – жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі (ДДҰ, 1996)
Өмір сапасы Денсаулықпен байланысты Физикалық саулық (благополучие) Психологиялық саулық Әлеуметтік саулық Рухани саулық Денсаулықпен байланысты емес Білім Экономиялық қауіпсіздік Қоршаған орта Физикалық қауіпсіздік
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» . Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Денсаулықпен байланысты өмір сапасы:
Қазақстандағы өмір сапасын талдау және бағалау шеңберінде қарастырылатын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялар тізбесі. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауы. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы. Қазақстан Республикасының 2011 -2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы. 2012 -2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013 -2020 жылдар арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы. 2030 жұмыспен қамту бағдарламасы.
Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселесіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Кейінгі жылдары адамдар арасына көптеген аурулар тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40 -ы кемтар болып туады. Осы сияқты кез келген адамның денсаулығынан кемінде 1 ақау табылады. Оның барі өмір сапасына, салауатты өмір салтына байланысты! Сондықтан да әр адам өз денсаулығын күте білгені дұрыс! Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер: Ø Биғалиева Р. Қ, Исмаилов “әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару”. Ø www. google. kz Ø www. medkurs. ru Ø www. egov. kz
Зарина срс оз.pptx