Дени Дидро Туылган жылы: 5 қазан 1713 жыл Туылган жері: Лангр, Франция Қайтыс болған күні: 31 тамыз 1784 жыл
педогог философ жазушы Дени Дидро Өнер сыншысы ағартушы
Энциклопедия немесе ғылым, өнер және қолөнердің түсіндірме сөздігі (1751 -1780)
Шығармалары: Ø Ø Ø Ø Д’Аламбердің Дидромен әңгімесі(1769 ж); Философиялық ойлар(1746 ж); Аллеялар немесе скептиктің серуендері(1747 ж); Көзі сауларға үлгі ретінде соқырлар туралы хат(1749 ж); Табиғатты түсіндіру жөніндегі ойлар(1754 ж); Рамоның жиені; Д’Аламбердің түсі; Жакфаталист және оның қожайыны.
Білімнің қайнар көзі - түйсік Дүниені көзқарас билейді
Мұғалімге ол өзі сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым , әділ және басқада жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.
Дени Дидро XVIII ғасырдағы француз ағартушы-материалисті. ''Ғылымдар, өнер және қолөнер энциклопедиясы'' авторы. Бұл еңбек француз буржуазиялық төңкерісінің идеологиялық дайындығына ықпал еткен. Дидро тәрбиеге көзкарасы «Гельвецияның «Адам» кітабын жүйелі түрде жоққа шығару» атты еңбегінде баяндалған. [2] Дени тұжырымы бойынша адамның өзін сүюі жақсы қасиет. Ол Гельвеций түжырымы бойынша, адамның өзін сүюі эгоизмнің бастауы деген шкфге қарсы тұрады. Дидроның ірі шығармалары: "Философиялық ойлар , Аллея немесе Скептиктің серуені" (1747), "Көзі көретіндерге сабық үшін соқырлар туралы хат" (1749), "Табиғатты тану турал ойлар", "Даламбердің Дидромен әңгімесі", "Даламбердің түсі", "Монахиня", "Рамоның жиені", "Жакфаталист және оның қожайыны" және т. б. [3] Француз ағартушысы, жазушы, мәдениет қайраткері, энциклопедияшыфилософ. Қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Жергілікті иезуиттер колледжінде білім алған, сосын Париждегі колледжді бітіріп шыққан. 1732 жылы өнер магистрі атағын алған. Оншақты жыл бойы жеке үйлерде сабақ беріп, кеңсе қызметіне көмектесіп, жұпыны ғана өмір сүрген. 1751 жылдан 1780 жылға дейін Францияда «Энциклопедияның немесе ғылымдардың, өнердің және қолөнердің Түсіндірме сөздігінің» 35 томдығы шығып тұрды. Дени Дидро француз Ағартушылығының және бүкіл Еуропа мәдениетінің дамуында орасан зор рөл атқарған «Энциклопедияның» Бас редакторы (1758 жылға дейін Д. Аламбермен бірге) болды. Дидроның қоғамдық саяси және әдеби қызметі 18 ғасырдың аяғындағы Ұлы француз революциясын рухани дайындауға үлкен ықпал етті, бірақ өзі соның аз ақ алдында қайтыс болды. Өзінің саяси көзқарастары жағынан ол феодалдық деспотиялық құрылысқа түбегейлі қарсы болды, амтериалістік және атеистік бағыт ұстады, сол үшін үкімет пен католиктік Шіркеу тарапынан ұдайы қуғынға түсіп отырды. Дидроның ғылыми, әдеби және қоғ саяси қызметі дүние жүзінде кеңінен танымал.
Париж қаласындағы Дидро ескерткіші
Барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті.
Бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мумкіншіліктерді меңгереді.
Бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатігез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар – қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.
Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары (1715 -1771) Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді. Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді. Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.
Тест 1. К. А. Гельвецийдің 1758 жылы шыққан кітабы? А. Ақыл туралы В. Адамның ойлау туралы С. Рамоның жиені 2. Әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген француз педагогі? А. Дени Дидро В. К. А. Гельвеций С. Ж. Руссо 3. Д. Дидро білімнің қайнар көзі неде деп түсіндірді? А. Кітапта В. Ақшада С. Түйсіктерде 4. Д. Дидро әділ және қарапайым және басқада адамгершілікті меңгеру тиіс деп кімдерге талап қойды? А. Оқушыларға В. Халыққа С. Мұғалімдерге 5. Д. Дидро өнер магистрі атағын қай жылы алды? А. 1731 В. 1732 С. 1893 6. Ғылымдар, өнер және қолөнер энциклопедиясының авторы? А. Д. Дидро В. К. А. Гельвеций С. Ж. Руссо 7. Д. Дидро қай шығармасы үшін түрмеге қамалды? А. Көзі көретіндерге сабақ үшін соқырлар туралы хат В. Еріндік туралы жазған хаты С. Ақыл туралы 8. К. А. Гельвеций алғаш атқарған қызметі? А. Салық жинаушы В. Тілші С. Суретші 9. К. А. Гельвецийдің қай кітабына тиым салынып өрттеуге шешім қабылданды? А. Ақыл туралы В. Сезім туралы С. Табиғат туралы 10. Д. Дидро мен К. А. Гельвеций қай ғасырдың философ педагогтары? А. XVIII ғ В. XX ғ С. X ғ