Демокрит (гр. Δημόκριτος; Абдеры, 460 б. э. д. — 370 б. э. д. ) - алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды.
Сонымен, адамзат қоғамы - табиғи жағдайдың бірте-бірте даму нәтижесі. Бұл мағынада қоғам, полис, заңдар жасанды, табиғаттан берілмеген. Бірақ олардың пайда болуы - табиғи қажетті, кездейсоқ жағдай емес. Жасанды мен табиғилық арасындағы байланыс сипаты дұрыс қабылдануы қажет. Осы тұрғыдан ол табиғаа қайшы келгеннің барлығын әділетсіз деп есептейді.
Демокрит бойынша, мемлекет мүддесі бәрінен де жоғары, азаматтар оның құрылымын және басқаруын жақсартуға ұмтылуы керек. Мемлекет бірлігін сақтау үшін Демокрит азаматтардың бірігуін, олардың бір-біріне көмектесуін, қорғауын талап етеді. Азамат соғысы жауласқан жақтар үшін жоқшылық ретінде бағаланды. Басқару формаларының ішінде демократияны, аристократияны қолдады.
Демокрит бойынша "ең жақсылар" байлар немесе текті жерден шыққандар емес, ақылды және мәдениетті адамдар. Мемлекетті басқару өнерін өнердің ең жақсысы, ал ақымақ азаматтар құрметті қызметтерді істеуге тиіс емес деп есептеген.
70 -тен астам шығармалар жазған: «Пифагор» , «Планеталар туралы» , «Табиғат туралы» , «Адам табиғаты туралы» , «Ақыл-ой туралы» , «Үлкен әлем құрылысы» , «Кіші әлем құрылысы» т. б.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы- атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс) болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан бөлшектенбейтін атомдардон тұратын болса, бейболмыс — өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады.
Болмыс сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең (ұқсас), қозғалмайды. Бұл қасиеттер адамның ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, оймақ т. б. тәріздес болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады.
Атомдар бос кеңістікте солқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді.
Назарларыңызға рахмет!