
ДЕМОКРАТИЯ.pptx
- Количество слайдов: 13
ДЕМОКРАТИЯ.
Жоспары: 1) Демократияның пайда болу тарихы 2) Демократия түрлері 3) Демократияның теориялары
Демократияның пайда болу тарихы
мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; қоғамдық құрылымны ң мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократия ұғымы мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі;
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі десек, оның бірнеше түрі бар: Делегати вті демокра тия • гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия менавторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген. • халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі Идентит жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж. Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің арлы демокра теориясы мен тәжірибесі). тия Тікелей демокр атия • халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум. • халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара Өкілдік бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен демократи қабылданған шешімдер ие болады. я
Демократияның антикалық теориясы Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афина республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі: соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа катыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді.
Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады. Афина мсмлекеттік құрылысының үшініші маңызды демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты құрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребс арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинаның азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке кызмет ететін.
Афиналық демократия Периклдің (б. з. б. 490 -429) басшылық еткен дәуірінде, әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады. Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті. Б. з. б. 322 жылы афиналық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афинада демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды.
Демократияның классикалық теориясы. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "коғамдық келісім" деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы ісәрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ыктиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін кабылдайды.
1. 2. 3. 4. Иозеф Шумпетер (1883 -1950) демократияның “Шумпетерлік” теор иясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет: Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Демократияның Алуан түрлілктің теориясы. Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын калаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді. АҚШ Конституциясы авторларынын бірі Дж. Мэдисон (1751 — 1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдықету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалықполистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бастартты. Оныңорнына демократияның дарашылдықжәнелибералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алғатартты. Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның Төбе топ теориясы. Демократияның төбе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеугс көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялықтетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.
ДЕМОКРАТИЯ.pptx