Даосизм.pptx
- Количество слайдов: 13
Даосизм Орындаган: Жаксылык Ыдырыс
Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б. з. б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди ( «Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лаоцзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі «киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы «әрекеттенбеу” ( «у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарамақайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үйлесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, «рухты қоректендіру” қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, құдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тәндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты «тәнді қоректердіру” – қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды.
Ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл магтар мен уағыздаушыларға халық арасында және император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын «алхимияны” дамытты. Сондайақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты.
«Аспан ұстаздарының жолы” деп аталатын Чжан Даомин (І-ІІ ғғ. ). негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқын иеленеді. Оның «Көктен түскен ұстаз” титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІV ғасырда «Жоғары тазалық” және «Рухани асыл қазына” атты даолық мектептер пайда болды
Кейінгі даошылар өз ілімін мемлекеттік дінге айналдыруға талпынды. Олар буддалық үлгідегі өсиеттерді жинақтап, ізгі адамдардың игі істері мен қызметтерінің тізімін жасады. Мемлекетке опасыздық жасау мен көтеріліс жасағаны үшін қатал жазалар қолданылды. Тан әулеті өз тегін ресми құдайландырылған Лао-цзыдан бастады.
«Фэн-шуй” жүйесі – адамның жанында энергетикалық үйлесімділік құру әдісі ретінде танылады. Бұл жүйемен шұғылданушылардың пікірінше, заттарды дұрыс орналастыру мен түрлі түстердің гаммасын орынды қолдану арқылы денсаулыққа, энергетика тұрғысынан жетістік пен табысқа қолайлы жағдайларды жасауға болады. Адам бұл жүйеде ғаламның энергетика заңдылықтарына бағынатын кішігірім объектісі ретінде қарастырылады.
Даосизм.pptx