УЗБЕКИСТАН СТРАНА СВЕТЛАЯ.pptx
- Количество слайдов: 18
Дайындаған: Қорғанов Б. Н Тексерген: Абдуллина А. Ғ
Тәуелсіздік күні Ресми тілі Елорда Ірі қалалары Үкімет түрі Президенті Премьер-министр Сенат төрағасы Мемлекеттік діні Жер аумағы • Барлығы • % су беті Жұрты • Сарап (2013) • Тығыздығы ЖІӨ • Қорытынды (2015) • Жан басына шаққанда ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды • Жан басына шаққанда ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2015) • Жан басына шаққанда АДИ (2015) Валютасы Интернет үйшігі ISO коды ХОК коды Телефон коды Уақыт белдеулері 31 тамыз 1991 жыл(КСРО-дан) Мемлекеттік құрылымы өзбекше Ташкент, Самарқанд, Ферғана, Андижан, На манган, Бұқара, Карши, Нүкүс, Қоқан, Марги лан Президенттік Республика Шавкат Мирзиёев Абдулла Арипов Нигматилла Юлдашев Ислам Географиясы Әлем бойынша 55 -шы-орын 447 400 км² 4, 9 ▲ 31 025 500 адам (41 -ші) 75, 8 адам/км² Экономикасы 51, 979 млрд $ 5938 $ 183, 933 млрд. $ 3100 $ 68, 190 млрд $ 2201 $ ▲ 0, 617 (орташа) (114 -ші) Сум Қосымша мәліметтер. uz UZ UZB +998 +5
Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солт. -батыс жазық және оңтүстікшығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т. б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария, Сурхандария, т. б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Аумағы Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңтүстік Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды. Климаты тым континентті, қуаң. Жазы ыстық, шілденің орташа температурасы солтүстік-батыс бөлігінде 33 – 38°С, оңт-нде 25 – 30°С. Қысы жылы, қар жұқа түседі. Қаңтарда 6, 3 С, оңт-нде 3 С болады. Жылдық жауын -шашынның мөлшері әр қилы, кей шөлді өңірлерде 100 мм, кей жерлерде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 900 мм. Өзендерінің көпшілігі Арал теңізінің алабына жатады. Ірі өзендері – Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Қашқадария. Жер суару және суландыру жүйесі өте жақсы дамыған. Жері негізінен сары және сары қоңыр топырақты; батыс және солтүстік жағы құм-шағылды келеді. Республика жерінің көпшілік бөлігінде қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етеді.
ШЫМҒАН ТАУЫ Батыс және Оңтүстік Тянь-Шаньға кіретін Гиссар тау жотасының – Хазрет Сұлтан шыңы, биіктігі 4643, 3 м
Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. • 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. • 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44, 4%-ын құрады. Ташкент авиациялықөндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т. ” ұшақтары шығарылады. • 1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8 -орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5 -орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2 -орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азықтүлік, шикізат, т. б. өнімдерді сырттан алады. Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.
Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б. з. б. 4 ғасырда салынған. Олар Бактрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы сақталған. Қала салу өнері көне заманнан (б. з. б. 3 ғасыр) басталып, орта ғасырларда өркендей түсті. Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, т. б. қалалардың сәулеттік өнер элементтері (шаһристан, рабад, т. б. ) сол кезеңнің классик. үлгісіне жатады. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пен эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды. Бейнелеу өнерінің тарихы тас дәуірінен бастау алады. Осы кезде көзешілік өнері пайда болып, қола дәуірінде жетілдірілді. Б. з. б. 1 -мыңжылдықта металдан көркем бұйымдар жасау, б. з. б. 3 ғасыр мен б. з. 3 ғасыры аралығында бедерлеу өнері, монументті мүсін, саздан бояулы мүсін жасау дамыды. Ислам діні енген кезеңнен бастап сән және қолданбалы өнер өркендеді. 15 – 17 ғасырларда Самарқандта, Бұхарада кітап миниатюрасы гүлденді. 19 – 20 ғасырларда өзбек суретшілері ұлттық нақышты, дәстүрлі шеберлік өнерінің кәсіби мектебін қалыптастырды. Әсіресе, қазақтан шыққан Өзбекстанның халық суретшісі Орал Таңсықбаев өзбектің заманауи кескіндеме өнері мен пейзажының қалыптасуына әсер етті. Ташкентте респ. өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 жылы “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді.
Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай.
Өзбекстанда туризм саласы ретінде скалодром және шаңғы сияқты демалыс және спорттық туризмнің белсенді нысандары кіреді, осы елдің бай археологиялық және діни тарихы, танымдық мақсатта, онымен қоса жай саяхаттар жүргізіледі. 2005 жылы Өзбекстан келген турист саны әлем бойынша 117 елінен 240 мың адамды құрады. Өзбекстанда әр жыл сайын күзгі халықаралық туристік жәрмеңкесі өтеді.
Шымған тауы
ХИУА Көне қала Ичан-Кала
УЗБЕКИСТАН СТРАНА СВЕТЛАЯ.pptx