Скачать презентацию Дағдарыс жағдайындағы бюджет саясаты Үкітай Асқар ФС к -302 Скачать презентацию Дағдарыс жағдайындағы бюджет саясаты Үкітай Асқар ФС к -302

Бюджет саясаты.ppt

  • Количество слайдов: 13

Дағдарыс жағдайындағы бюджет саясаты Үкітай Асқар ФС(к)-302 Дағдарыс жағдайындағы бюджет саясаты Үкітай Асқар ФС(к)-302

Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен және оларды азаматтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін пайдаланудың нақты жолдарын әзірлеумен байланысты жүзеге асырылатын шаралар мен қабылданатын шешімдердің жиынтығы.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемл. кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. М. б-ті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демокр. мемлекеттерде М. б-ті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Қазақстанда М. б. респ. және жергілікті бюджет болып бөлінеді. М. б-тің жобасын үкімет әзірлеп, парламенттің бекітуіне ұсынады.

Бюджет саясатының келесідей ерекше белгілері бар: 1)қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін Бюджет саясатының келесідей ерекше белгілері бар: 1)қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады; 2)құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 3)қоғамдық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді.

Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Бруттобюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.

Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының арасында бөлістіреді.

Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардың қалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.

Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.

 «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» • Ішкі қаржыландыру – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» • Ішкі қаржыландыру – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы • Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы

Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға: 1) мемлекеттік тұтыну шығындары (экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары); 2)төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке; кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі; 3)транспорттық төлемдер; 4)мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражатттары.

Әрбір бюджетте міндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл Әрбір бюджетте міндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік; бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі. Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында бос қалдыруы мүмкін. Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады.

Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар: - Мемлекеттік займдар - салық салудың артуы - Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар: - Мемлекеттік займдар - салық салудың артуы - ақша эмиссиясы.

Назарларыңызға рахмет Назарларыңызға рахмет