Дәріхана
Дәріхана – дәрідәрмек дайындайтын және сататын мекеме немесе аурухана бөлімшесі.
Ең алғашқы дәріхана 754 жылы Бағдатта ашылған. Қазақстанда тұңғыш Дәріхана – 1842 ж. Орал қаласында ашылған.
Дәріхана — тұрғындарға дәрігердің рецепті бойынша дәрі әзірлейтін және дайын фармацевтика өнімдерін беретін мекеме. Онда рецептісіз сатылатын дәрідәрмектер, науқасты үйде күтуге қажетті заттар да болады.
Дәріхана үш құрылымдық бөлімшеге бөлінеді: • Дәрі - дәрмектер қоры бөлімі; • Дайын дәрі дәрмектер бөлімі (ДДДБ) • Рецептік өндіріс бөлімі. (РӨБ)
Дәрі қоры бөлімінің негізгі қызметі: • Дәрі дәрмектерді қабылдау және оның өтуін есепке алу; • Дәрі дәрмектерді дұрыс сақтауын қамтамасыз ету; • Емхана кабинеттерінің және бөлімшелерінің тапсырыстары бойынша дәрі дәрмектерді жіберу.
Дайын дәрі дәрмектер бөлімінің басты міндеті: • Өндірісте шығарылған дайын дәрі дәрмектерді тұрғындарға өткізу; • ВАЗ арқылы дайындаған дәрі дәрмектерді тұрғындарға жіберу; • Рецептурасыз дәрі дәрмектерді жіберу.
Рецептік өндіріс бөлімінің қызметі: • Емхана кабинеттерінің және бөлімшелердің тапсырыстары бойынша зарарсыз және зарарсызданбаған дәрі дәрмектерді дайындау; • Экстемпоралді рецепт бойынша дәрі дәрмектерді дайындау.
Дәріхана штаты 4 провизорлардан құрылады (дәріхана меңгерушісі, қор бөлімінің провизоры, провизор технологі, провизор аналитигі) фармация менеджерінен, 2 фармацевттерден, 2 –дәрі бөлшектеушіден және 2 тазалықшыдан.
Дәріхананың ең негізгі жұмыс көрсеткіші көтерме және бөлшектеу тауар айналым болып саналады. Бөлімшелерден түскен тапсырыстар дәрі дәрмектер қажеттігін анықтайтын басты тұтқышы болып есептеледі. Дәрі дәрмектерді таңдау белгісіне төмендегі тұтынушы қасиеттері тән: • Тиімділік; • Қауіпсіздік; • Сенімділік; • Ыңғайлылық және қабылдау жайлылығы.
Дәріханада: - халық үшін дәрі дәрмектер сатылады; - түрлі дәрілер дайындалады; Дәріханаға келіп : - адамдар түрлі дәрілер туралы білу мүмкін; - адамдар алғашқы медициналық көмекті алу мүмкін және т. б.