35.ppt
- Количество слайдов: 59
Дәрістің тақырыбы: Жоғары тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының (АІЖ), зәр-жыныс мүшелерінің, іріңді инфекциялардың, сепсистің микробиологиялық диагностикасы. Ауруханаішілік инфекциялар. Диагностикасы және алдын алу. м. ғ. к. , доцентіАхметова С. Б.
Оппортунистикалық бронх-өкпелік инфекциялардың этиологиясы Тыныс алу жолдарының инфекциялары: • Бронхит (өткір және созылмалы); • Пневмония; • Абсцесс; • Өкпе гангренасы; • Плевральды қуыс эмпиемасы. Аталған аурулардың ішінде алдыңғы орынды өткір және созылмалы бронхит алады.
Жұғу жолдары: • Ауа-тамшылы; • Қан арқылы (операциядан, эндоскопиялық зерттеулерден кейін); Негізгі қоздырғыштары: • Спецификалық қоздырғыштар; • Шартты-патогенді бактериялар.
Бронхит және трахеит Өткір бронхит бірінші рет вирусты инфекциялардан кейін дамиды. Негізгі қоздырғыштары (біріншілік этиологиялық агенттері): • Streptococcus pneumoniae; • Haemophilis influencae және т. б. Вирусты инфекцияға екіншілік бактериальды инфекция, микоплазматикалық, сирек түрде саңырауқұлақты инфекция қосылып іріңді процесске айналады.
Екіншілік бактериальды инфекция агенттері: • • • Staphylococcus aureus; Haemophilis influencae; Staphylococcus epidermidis; E. coli; Klebsiella pneumoniae және т. б.
Созылмалы бронхит қоздырғыштары Әртүрлі микробтар ассоциациясы, алдыңғы орында пневмония стрептококктары, алтын түсті және эпидермальды стафилококктар.
Әртүрлі факторларға байланысты созылмалы бронхит қоздырғыштары келесі бактериялар болуы мүмкін: • Ішек таяқшасы; • Пневмония клебсиелласы; • Протей; • Көкіріңді таяқшалар; • Бранхамелла; • Нейссериялар; • • • Энтеробактер; Бактероидтар; Ацинобактериялар; Фузобактериялар; Пептострептококктар; Кандидалар ж/е т. б.
Инфекциялық процесс барысында микробтар ассоциациясының сандық және сапалық құрамы тұрақты өзгеріп отырады.
Өкпе абсцесі қоздырғыштары: • Ірің тудыратын кокктар мен грам теріс бактериялар ассоциациясы. Өкпе гангренасы қоздырғыштары: • Анаэробты спора түзбейтін бактериялар және ірің тудыратын кокктар мен грам теріс бактериялар ассоциациясы.
Өткір пневмония қоздырғыштары: • Streptococcus pneumoniae монодақыл түрінде; • Алтын түсті және эпидермальды стафилококк грам теріс бактериялармен ассоциация түрінде кездеседі. 10 -30% жуық жағдайда балаларда пневмонияны вирустар мен микоплазмалар қоздырады.
Микоплазмалық пневмония 4 жылда бір рет эпидемия түрінде пайда болады. Қоздырғшы: Mycoplasma pneumoniae
Вирусты пневмония Жиі түрде 5 жасқа дейінгі балаларда басқа жастағы топтармен салыстырғанда 4 есе жиі кездеседі. Негізгі қоздырғыштары: 1. РС-вирустар; 2. Аденовирустар; 3. Парагрипп және А, В типті грипп; 4. Сирек түрде герпес вирустар; 5. Риновирустар; 6. Қызамық; 7. ЕСНО вирустар; 8. Коксаки ж/е корона вирустар.
Соңғы жылдары ересектерде жиі кездесетін токсикалық пневмония қоздырғышы – Legionella pneumoniae (легионерлер ауруы). Балаларда кездесетін ағымы ауыр пневмония қоздырғышы – Pneumocysta carinii.
Созылмалы пневмония Қоздырғыштары – этиологиясы полимикробты өткір және созылмалы бронхит қоздырғыштары. Сонымен қатар шартты-патогенді микобактериялар қоздыратын өкпелік микобактериоз созылмалы пневмония түрінде дамиды.
Микробиологиялық диагностикасы • Негізгі әдіс – бактериологиялық зерттеу (қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу үшін). • Қосымша әдіс – ИФР және капсуланың қабыну реакциясы. Зерттелетін материал: қақырық, бронх шайындысы қоздырғыштың min концентрациясы. Этиологиялық маңыздысы: • Стрептококктар – 106 КОЕ/мл; • Стафилококктар – 105 КОЕ/мл; • Энтеробактериялар ж/е грам теріс ферменттемейтін бактериялар – 104 КОЕ/мл; • Candida albicans – 103 кем болмауы керек.
Асқазан-ішек жолдары инфекцияларының этиологиялық құрылымы Оппортунистикалық өткір ішек ауруларының қоздырғыштары: • E. coli, Citrobacter froundi; • Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, aerogenes; • Seratta marcesees, Proteus mirabilis, vulgaris; • Pseudomonas aeruginosa, Campilobacter jejuni, НАГ-вириондар; • Staphylococcus aureus, Streptococcus faecalis (энтерококк), Clostridium perfringens, Bacillus cereus.
Аталған микробтар қоздыратын аурулар жиі түрде тамақ токсикоинфекциясы, сирек түрде микробты интоксикация (стафилококкты, клостридиальды) және инфекциялық аурулар (эшерихиоз, кампилобактериоз) түрінде дамиды.
Аурудың жұғу жолдары: • Су арқылы; • Тұрмыстық контакт; • Микробпен ластанған тамақты қолданғанда (ауру науқастан, тасушылардан, сирек түрде жануарлардан жұғады).
Қоздырғыштар тамақ өнімдерінде бөлме температурасында көбейеді, ал псевдомонадалар, клебсиеллалар тоңазытқыш t-да көбейеді. Стафилококктар ж/е клостридиялар тағам өнімдерінде экзотоксин түзеді (негізгі патогенді фактор), ал басқа микробтар эндотоксин бөледі.
АІЖ ауруларының клиникалық формалары • Гастрит, энтерит, гастроэнтерит, колит ж/е т. б. • E. coli АІЖ ауруларының ауыр түрін қоздырады, организм көп мөлшерде су жоғалтып, сепсиспен аяқталады. Перфрингене клостридиялары интоксикация, сепсис, некротикалық энтерит тудырады.
АІЖ мүшелерінің бактериологиялық зерттелуі • Өңештің – проксимальді бөлігінде микробтар аз, дистальды бөлігінде: стафилококк, дифтероидтар, сүт қышқылы бактериялары, сарциналар, Bacillus subtilis, кандидалар анықталады. • Асқазанда тәжірибе жүзінде бактериялар болмауы керек н/се оның саны 103 – 104 КОЕ/мл-ден аспауы керек (р. Н-қа байланысты). Жаралы рецидивті гастродуденит кезінде қоздырғыш Helicobacter pilori-дің маңызы ерекше. Тамақ токсикоинфекциясы кезінде S. aureus, B. sereus асқазан шайындасынан бөлінеді.
АІЖ мүшелерінің бактериологиялық зерттелуі • Ішек – ащы ішекте микробтар саны 103 - 105 КОЕ/мл аспау керек. Тоқ ішекте микробтың жалпы саны 107 КОЕ/мл мөлшерінде кездеседі. • Диарея – ең жиі кездесетін ауру, негізгі қоздырғыштары: • Энтеротоксигенді ішек таяқшасы; • Шигеллалар; • Иерсиния; • Вибриондар; • Сальмонелла штаммдары.
Зәрді бактериологиялық зерттеудің сандық әдістері • Ілмекпен себу әдісі (зәрді арнайы ортаға Д=2 мм платиналық ілмекпен себу); • Микроскопиялық әдіс (центрифугадан айналдырылған зәрді микроскоппен зерттеу) 1 мл зәрде бактерия саны 105 КОЕ/мл болғанда оң нәтиже. Зәрде лейкоциттер және эритроциттер анықталса – патологиялық процесс;
Бактериурия Сау адамның 1 мл зәрінде бактерия саны 104 дәрежесінен аспау керек. • 105 дәрежесінен асса - клиникалық маңызды бакериурия; • Бактерия саны 106 -108 – зәр шығару жолдарының инфекциясы; • Транзиторлы бактериурия - әртүрлі патологиядан кейін энтероколит, медициналық манипуляциядан кейін пайда болады; • Анық емес бактериурия – зәрде бактерия саны 104 дәрежесінен аспаған жағдайда, зерттеуді 2 -3 рет әртүрлі интервал аралығында қайталау қажет; • Маңызды бактериурия – зәр шығару жолдарының қабыну белгісі (симптомсыз цистит н/се пиелонефрит).
Уриноинфекциялардың клиникалық формалары • • Гломерулонефрит; Пиелонефрит; Бүйрекжаны абсцесі; Цистит; Простатит; Уретрит; Операциядан кейінгі инфекциялар (бүйрек алмастырудан кейін).
Уриноинфекциялардың қоздырғыштары • Гломерулонефрит (екі бүйректің диффузиялы қабынбасы) – Str. pyogenes, стафилококктардың нефрогенді штаммдары қоздырады.
Зәр шығару жолдарының инфекцияларын көпшілік жағдайда Enterobacteriaceae тұқымдасының өкілдері қоздырады: • • • E. coli (50 -85% жағдайда); Klebsiella pneumoniae (8 -13% жағдайда); Proteus spp; Citrobacter freundii; Ps. aeruginosa; Грам оң бактериялар өкілдері: • S. epidermidis; • S. aureus; • Str. pyogenes; • Str. faecalis.
Уриноинфекциялардың типтік емес қоздырғыштары: Зәрден S. аureus, коринебактериялар, лактобациллалардың анықталуы – негізгі патологиялық процесстің белгісі.
Уретрит қоздырғыштары: Trichomonas vaginalis; Mycoplasma hominis; Ureplasma urealyticum; Chlamydia trachomatis – сирек түрде кездеседі; • Candida туыстас саңырауқұлақтар – қант диабет ауруларынан, жүкті әйелдерден, катетор қолданған ауруларда анықталады. • •
Простатит Өткір және созылмалы бактериальды простатит (қуық асты безінің қабынуы) қоздырғыштары: • энтеробактериялар (E. coli, Klebsiella, Proteus) және көкіріңді таяқша, сирек түрде энтерококктар мен S. epidermidis. Созылмалы простатит - Trichomonas vaginalis, Candida albicans қоздырады.
Зәр-жыныс жүйесі мүшелерін зақымдайтын жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЗППП) Қоздырғыштың резервуары – ауру адам. Аурудың клиникалық формалары: Ш (гонорея); Соз Ш Хламидиоз; Ш Микоплазмоз; Ш Трихомониаз; Ш Генитальді герпес (қоздырғыш ВПГ-2 типі).
Негізгі қоздырғыштары: • Neisseria gonorrhoeae; • Chlamydia trachomatis; • Mycoplasma hominis; • Trichomonas vaginalis; • Ureplasma urealyticum; • Candida albicans және ВПГ.
Іріңді инфекциялардың этиологиясы Іріңді инфекциялардың жіктелуі: • Өткір және созылмалы • Жергілікті және таралған • Эндогенді және экзогенді
Эндогенді іріңді инфекциялардың қоздырғыштары – аутохтонды аурудың өз микрофлорасы, ауруханадан тыс эковарлар. Экзогенді іріңді инфекциялардың қоздырғыштары – ірің тудыратын бактериялар, яғни ауруханаішілік эковарлар.
Экзогенді инфекцияларға кең таралған хирургиялық аурулар жатады • • Фурункул; Карбункул; Абсцесс; Флегмона; Остеомиелит; Пиодермия; Панариция; Тілме қабынбасы (рожистое воспаление).
Клиникалық маңызды хирургиялық инфекциялар • Стафилококкты инфекциялар (қоздырғыштары: коагулаза (-), S. aureus және S. epidermidis); • Грам теріс бактериялар қоздыратын іріңді инфекциялар (негізгі қоздырғыштары: E. coli, Enterobacter, Klebsiella, Proteus, Pseudomonas түрлері);
Клиникалық маңызды хирургиялық инфекциялар • Стрептококктардың А тобы қоздыратын инфекциялар – экзогенді және эндогенді болуы мүмкін. Қоздырғышы: βгемолитикалық Str. pyogenes (тасымалдаушылардың тері және мұрынжұтқыншақ қабатынан); • Басқа да стрептококкты инфекциялар Қоздырғыштары: энтерококктар, пептострептококктар (Enterococcus faecalis);
Клиникалық маңызды хирургиялық инфекциялар • Мионекроз және клостридиальды целлюлит (қоздырғыштары: Clostridium perfringens); • Сирек кездесетін хирургиялық іріңді инфекциялар. Қоздырғышы: Mycobacterium tuberculosis (40% жағдайда операциядан кейін).
Іріңді аурулардың клиникалық формалары: • • • Өткір іріңді отит; Созылмалы орташа отит; Өткір гайморит; Іріңді паротит; Іріңді медиастенит; Іріңді аппендицит; Холецистит және іріңді панкреатит; Іріңді парапроктит; Іріңді перитонит; Лактациялық мастит; Өткір гематогенді остеомиелит және т. б.
Микробиологиялық диагностикасы • Негізгі зерттелетін материал: ірің. 1. Бактериологиялық – негізгі әдіс; 2. Бактериоскопиялық – қосымша әдіс (ИФР). • Этиологиясын анықтау үшін жабық іріңді ошақтан – монодақыл 104 КОЕ/мл, ашық іріңді процессте - 105 КОЕ/мл болуы керек. Аралас дақыл (ассоциация) бөлінгенде микстинфекция диагнозы қойылады. Бактериологиялық зерттеуді 5 -7 күннен кейін қайталап жүргізеді, себебі қоздырғыштардың құрамы өзгеруі мүмкін.
Сепсистің микробиологиялық диагностикасы • Бактериемия – бактерияның қанға түсуі, бірақ онда көбеймейді, себебі қан өзінің бактерицидті қасиетін сақтайды. • Сепсис – ауыр өткір немесе созылмалы таралған қанның жұқпалы ауруы. Әдетте, иммунды тапшылық жағдайында пайда болады. Бактерия қанда көбейеді.
Сепсистің екі формасын ажыратады: • Септицемия; • Септикопиемия. Септицемия (біріншілік сепсис) – қоздырғыш қанға ену қақпасынан түсіп бірден көбейеді. Септикопиемия (екіншілік метастатикалық сепсис) – жергілікті инфекциялық процесстің таралу нәтижесінде дамиды.
Орналасуына байланысты ажыратады: • • Жаралы сепсис; Кіндікті сепсис; Урогенитальды сепсис; Стоматологиялық сепсис.
Сепсис полиэтиологиялық ауруға жатады: Қоздырғыштары: 1 -ші орында • S. aureus және S. epidermidis; • 2 -ші орында E. coli, Proteus spp, K. pneumoniae сонымен қатар Str. pyogenes, Рneumoniae, Faecalis, Bacteroides spp және т. б.
Микробиологиялық диагностикасы Бактериологиялық зерттеу әдісінің көмегімен қаннан гемодақылды бөліп алу (диагноз қою үшін материалды қызу көтерілу кезінде, химиотерапияға дейін алған шарт).
Ауруханаішілік инфекциялар Иммундық қорғаныш механизмдері бұзылған ауруларда пайда болады. Олар емдеу мекемесіне келіп түскеннен кейін 48 сағаттан соң пайда болады да, клиникалық белгілері білінбейді және инкубациялық кезеңі болмайды.
Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуына әсер ететін факторлар: Олардың 2 категориясын ажыратады: сыртқы және ішкі факторлар. • Ішкі факторлар – науқастың ауру ағымына байланысты; • Сыртқы факторлар – емдеу тактикасында хирургиялық манипуляциялар және инвазивті әдістемелер (тамыр ішіне катеторлар қолдану) пайдалану. •
Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуын тіркеу үшін келесі факторларды ескеру керек: • Микробтардың сипаттамасы; • Иесінің сипаттамасы (пациент – науқас, медперсонал); • Ауруханаішілік факторлар.
Микробтардың сипаттамасы • Ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары – шартты-патогенді микроорганизмдер, олар адгезивтік, инвазивтік қасиеттерге ие және организмде көбеюге бейім. • Мысалы: S. aureus – гемолизин, плазмокоагулаза, лецитиназа, фибронолизин, ДНК-аза, экзотоксин бөледі.
Ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық көрсеткішіне қарай 2 топқа бөледі: • Госпитальді (ауруханаішілік) бейімделген штамдар – нағыз қоздырғыштар; • Осы түрдің бейімделмеген штамдары транзиторлы. • Бейімделген (адаптацияланған) штамдардың бейімделмеген (адаптацияланбаған) штамдардан айырмашылығы: антибиотиктерге, антисептиктерге, дезинфектанттарға, фагтарға, бактериоциндерге жоғары тұрақтылық көрсету.
Иесінің сипаттамасы Ауруханаішілік инфекциялардың дамуына себебші “қауіпті факторлар”: 1. Науқас-пациенттің жасы; 2. Қосымша аурулар (диабет, онкологиялық процесстер, созылмалы нефрит, лейкоз ж/е т. б. ); 3. Төмен иммунды статус; 4. Ауыр операциядан кейін; 5. Тиімсіз антибиотик, гормондарды қабылдаудан кейін; 6. Иммунды тапшылық; 7. Психологиялық жағдайы; 8. Ұзақ инвазивті әдістермен зерттеуден кейін.
Ауруханаішілік факторлар Инфекция көзі – пациент, медперсонал, науқасқа келушілер, бактерия тасымалдаушылар, аурухана ішіндегі құралдар, аппараттар, медикаменттер, сирек түрде ауа, су, тамақ.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың негізгі 3 бағыты бар: • Медперсоналдың қолын өңдеуін бақылау; • Инвазивтік техниканың қолдануын бақылау; • Стационарда антибиотиктерді қолдануды бақылау.
Ауруханаішілік инфекцияда қолданылатын терминдер: • Госпитальді (ауруханаішілік, нозокомиальді) инфекция – емдеу мекемесіне түскеннен кейін 48 сағаттан кейінгі жағдайда болады, клиникалық белгілері білінбейді, инфекциялық кезеңі болмайды; • Ятрогенді инфекциялық – инфекция диагностикалық н/се терапиялық процедурадан кейін пайда болады; • Оппортунистикалық инфекция – инфекция иммунды қорғаныш механизмдері бұзылған ауруларда пайда болады.
Ауруханаішілік инфекциялардың негізгі қоздырғыштары: Ш S. aureus, S. epidermidis; Ш Streptococcus-тың А, В, D топтары; Ш Ps. aeruginosa, E. coli, Proteus; Ш Enterobacter, Citobacter; Ш Klebsiella, Salmonella, Serratia; Legionella, Mycoplasma; Ш Bacteroides, Campylobacter, Bac. cereus; Ш Саңырауқұлақтар – Candida, Penicillium, Aspergillus және т. б. ; ШВирустар – қарапайым герпес, РС-вирус, аденовирус және т. б.
Госпитальді ауруханаішілік инфекцияларды келесі топқа бөледі: • • Септицемия және бактеримия; Іріңді қабыну инфекциялары; Жаралы және күйік инфекциялары; Жоғары тыныс жолдары инфекциялары; Урогенитальді инфекциялар; Өткір ішек инфекциялары; Посттарнсфузионды инфекциялар (бронхоскопия, гастроскопиядан кейін, гемодиализ, наркоздан кейін);
Қоздырғыштың берілу жолы: • • Ауа-тамшы; Ауа-шаң; Алиментарлы; Жыныс жолымен, тік және жанама жолмен, трансфузиодты жолмен қан арқылы анадан балаға.
Микробиологиялық диагностика: • Негізгі әдіс - бактериологиялық, • серологиялық әдіс арқылы қаннан спецификалық антиденелер анықталады. • Жалпы сақтандыру: Эпидемиологиялық бақылау. Госпитальді инфекциялық штамдардың емдеу мекемелерінде болмауын қадағалау, болса себебін анықтау.
Зерттеу нәтижелерін дұрыс интерпретациялау критерийлері: НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА 6. Спецификалық антиденелердің РАХМЕТ!!! түзілу динамикасын зерттеудің маңызы зор.
35.ppt