Aseptika_d_r_s_-__az (1).ppt
- Количество слайдов: 23
Дәрістің тақырыбы: Хирургияның даму тарихы. Антисептиканың түрлері, қолдану әдістері. Асептика. Хирургиялық құралсаймандарды, таңғыш заттарды және тігіс жіптерді залалсыздандыру. Операциялық аймақ пен хирургтың қолын өңдеу
Асептиканың қағидалары: «Жараға жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек» . n Барлық хирургиялық науқастар екі топқа бөлінуі керек – таза және инфекцияланған немесе іріңді. n
Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары n n n Экзогенді инфекцияның көздері: бациллотасымалдаушылар, іріңді хирургиялық науқастар. Экзогенді инфекцияның ену жолдары: ауа-тамшылы жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы), жанасу жолы (құрал-саймандар, таңғыштар, төсек жапқыштар, хирургтың қолы және т. б. ), имплантациялық жол (тігетін, пластикалық материалдар, протездер және т. б. ). Эндогенді инфекцияның көздері: науқастың терісі мен ауыз қуысы (тіс жегісі), ішкі ағзалар (асқазан-ішек, жоғарғы тыныс, зәр шығару жолдарының жедел және созылмалы аурулары), патологиялық ошақтар. Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары: гематогенді (қан тамырлары арқылы), лимфогенді (лимфа жүйесі арқылы), жанасу (контакт) арқылы
Операциялық бөлімнің құрылысы n n Абсолютті залалсыз аймақ. Салыстырмалы залалсыз аймақ. Шектелген тәртіп аймағы. Жалпы ауруханалық тәртіп аймағы.
Ауадағы бактериялардың таралмауын төмендегі шаралар іске асырады: n n Ауруханаға түскен науқастар санитарлық өткелден өту керек. Пациенттер жеке бас гигиенасын сақтау керек. Медицина қызметкерлері жеке бас гигиенасын сақтауы (тұмаудың, іріңді аурулардың болмауы) керек. Медицина қызметкерлері 3 айда 1 рет мұрынжұтқыншағын стафилококқа (тасымалдаушылыққа) тексерту керек.
Жинастырудың түрлері: n n n Жұмыс күнінің басында – алдын ала жинастыру – горизонтальді жазықтықтағы заттардың шаңын сүрту, залалсыз үстел мен қажетті құрал-саймандарды дайындау. Ағымдық – операция кезінде пайдаланған заттар, таңғыштар және алып тасталған ағзаларды қайта-қайта жинап отыру. Әр операциядан кейін – өңделген заттарды операциялық бөлмеден шығару, қажет болған жағдайда еденді жуу. Жұмыс күнінің соңында – қорытынды жинастыру – бактерицидтік заттармен еденді және горизонтальді жазықтықтарды жуу. Генеральді – операция және жараны таңу бөлмелерінде аптасына 1 рет қабырғаны, еденді, үстелді, шамдарды қимылдамайтын құрылымдарды антисептиктерді пайдаланып, жуу керек.
Ауа-тамшылы инфекциямен күресу әдістері Маска тағу (фильтрлейтін – А) n Бактерицидтік шамдарды қолдану n Вентиляция жасау (бактерицидтік фильтр арқылы бөлмелерді желдендіру) n Медицина қызметкерлері мен науқастар жеке бас гигиенасын сақтауы керек. n Бахилді кию тәртібі сақталу керек – алдын ала бахилді жуып, қайнатып, залалсыздандырады. n
Залалсыздандыру (латынша «sterilis» – ұрықсыз) қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы.
Залалсыздандырудың кезеңдері Залалсыздандыру алдындағы дайындық n Залалсыздандыруға дайындап орналастыру n Залалсыздандырылған заттарды сақтау n
Залалсыздандыру алдындағы дайындық n Тазалау n Жуу n кептіру
Залалсыздандыруға дайындап орналастыру n Әмбебап орналастыру n Бағытталған орналастыру n Түрлік орналастыру
Залалсыздандырудың әдістері n n n Залалсыздандырудың физикалық әдістері Күйдіру және қайнату Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау) Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру Сәулелі залалсыздандыру Залалсыздандырудың химиялық әдістері Газбен залалсыздандыру Антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыру
Автоклавта залалсыздандыру тәртібі 1, 1 атмосферада (t – 119, 60 С) – 1 сағат n 1, 5 атмосферада ( t – 126, 80 С) – 45 минут n 2 атмосферада (t – 132, 90 С) – 30 минут n
Заттардың залалсыздығын тексеру әдістері Тікелей әдістер (бактериологиялық әдіс, залалсыздандырылған заттардан тікелей бактериологиялық егу алынады) n Тікелей емес әдістер (физикалық әдіс): бензой қышқылы – 1200 С; резорцин – 1190 С, антипирин – 1100 С, аскорбин қышқылы – 1900 С, янтарь қышқылы – 1900 С, тиомочевина – 1800 С n
Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды өңдеу n n n 0, 5% мүсәтір спиртінде тампонды пайдаланып, бірінші шылапшында шынтаққа дейін қолды 3 минут жуу керек; 0, 5% мүсәтір спиртімен екінші шылапшында білектің жоғарғы және ортаңғы ⅓ бөлігінің шекарасына дейін 3 минут жуу керек; Залалсыз матамен қолды сүртіп кептіру керек; 96% этил спиртімен қолды 2 рет 2, 5 минуттан өңдеу керек; 5% йодтың спирт ерітіндісімен саусақтың ұштары мен тырнақтарын өңдеу керек.
Қазіргі кездегі хирургтың қолын өңдеу әдістері Первомурмен (С-4) өңдеу n Хлоргексидинмен қолды өңдеу n Дегмин және дегмицидпен өңдеу n Цирегельмен өңдеу n
Операциялық алаңды өңдеу заңдылықтары n кең көлемде өңдеу n кезектілік, «ортасынан – шетіне қарай өңдеу» n ластанған аймақтар соңында өңделеді (кіндік) n операция барысында бірнеше рет өңдеу керек
Операциялық аймақты өңдеу әдістері n Филончиков - Гроссих әдісі – залалсыз жапқышпен шектеу алдында екі рет; тілік жасаудың алдында; операция кезінде; жараға тігіс салар алдында және одан кейін бір-бір реттен 5% йодтың спирт ерітіндісімен сүртіледі n Баккал әдісі – жасөспірімдер мен йодқа аллергиясы бар ересек науқастардың операциялық алаңын 1% бриллиант жасылының спирт ерітіндісімен өңдейді
Имплантациялық инфекция Имплантация – емдеу (барысында) мақсатымен жасанды заттарды (протездер, спицалар, пластиналар, клапандар, тігіс жіптер) науқастың денесіне енгізу, сіңдіру болып табылады
Имплантациялық инфекцияның көздері n Тігіс жіптер n Дренажды түтіктер n Стенттер n Спиральдар
Тігіс жіптерінің түрлері n n Табиғатына байланысты: Табиғи жіптер (кетгут, жібек, мақта-маталық жіптер). Синтетикалық (лавсан, капрон, фторлон, дакрон, полиэстер, викрил, окцилон). Сіңуіне байланысты: Сіңетін – табиғи – кетгут; синтетикалық – окцилон, викрил, дексон. Сіңбейтін – қалғанының барлығы. Жуандығына байланысты – әртүрлі қалыңдықта болады. n n Жарақаттауына байланысты: Жарақаттайтын жіптер (хирургиялық инеге өткізілетін, қалыпты жіптер). Жарақаттамайтын (атравматикалық) жіптер – заводта жіп диаметріне сәйкес келетін инемен жабдықталған.
Тігіс жіптерін залалсыздандыру әдістері Кохер әдісі – жібек жіпті залалсыздандыру. n Ситковский әдісі – йод буында кетгутты залалсыздандыру. n Губарев және Клаудиус әдістері – люгольдің спирт және су ерітінділерінде кетгутты залалсыздандыру. n
Кері байланыс сұрақтары Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары. n Залалсыздандырудың әдістері. n Қазіргі кездегі хирургтың қолын өңдеу әдістері. n Операциялық алаңды өңдеу әдістері. n Залалсыздандырудың кезеңдері. n
Aseptika_d_r_s_-__az (1).ppt