Дәрістің тақырыбы: Хирургияның даму тарихы. Антисептика. Антисептиканың түрлері,

.ppt/slide_1.jpg)
Дәрістің тақырыбы: Хирургияның даму тарихы. Антисептика. Антисептиканың түрлері, қолдану әдістері. Асептика. Хирургиялық құрал-саймандарды, таңғыш заттарды және тігіс жіптерді залалсыздандыру. Операциялық аймақ пен хирургтың қолын өңдеу Медетбеков Талғат Алпысбайұлы
.ppt/slide_2.jpg)
Асептиканың қағидалары: «Жараға жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек». Барлық хирургиялық науқастар екі топқа бөлінуі керек – таза және инфекцияланған немесе іріңді.
.ppt/slide_3.jpg)
Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары Экзогенді инфекцияның көздері: бациллотасымалдаушылар, іріңді хирургиялық науқастар. Экзогенді инфекцияның ену жолдары: ауа-тамшылы жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы), жанасу жолы (құрал-саймандар, таңғыштар, төсек жапқыштар, хирургтың қолы және т.б.), имплантациялық жол (тігетін, пластикалық материалдар, протездер және т.б.). Эндогенді инфекцияның көздері: науқастың терісі мен ауыз қуысы (тіс жегісі), ішкі ағзалар (асқазан-ішек, жоғарғы тыныс, зәр шығару жолдарының жедел және созылмалы аурулары), патологиялық ошақтар. Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары: гематогенді (қан тамырлары арқылы), лимфогенді (лимфа жүйесі арқылы), жанасу (контакт) арқылы
.ppt/slide_4.jpg)
Операциялық бөлімнің құрылысы Абсолютті залалсыз аймақ. Салыстырмалы залалсыз аймақ. Шектелген тәртіп аймағы. Жалпы ауруханалық тәртіп аймағы.
.ppt/slide_5.jpg)
Ауадағы бактериялардың таралмауын төмендегі шаралар іске асырады: Ауруханаға түскен науқастар санитарлық өткелден өту керек. Пациенттер жеке бас гигиенасын сақтау керек. Медицина қызметкерлері жеке бас гигиенасын сақтауы (тұмаудың, іріңді аурулардың болмауы) керек. Медицина қызметкерлері 3 айда 1 рет мұрын-жұтқыншағын стафилококқа (тасымалдаушылыққа) тексерту керек.
.ppt/slide_6.jpg)
Жинастырудың түрлері: Жұмыс күнінің басында – алдын ала жинастыру – горизонтальді жазықтықтағы заттардың шаңын сүрту, залалсыз үстел мен қажетті құрал-саймандарды дайындау. Ағымдық – операция кезінде пайдаланған заттар, таңғыштар және алып тасталған ағзаларды қайта-қайта жинап отыру. Әр операциядан кейін – өңделген заттарды операциялық бөлмеден шығару, қажет болған жағдайда еденді жуу. Жұмыс күнінің соңында – қорытынды жинастыру – бактерицидтік заттармен еденді және горизонтальді жазықтықтарды жуу. Генеральді – операция және жараны таңу бөлмелерінде аптасына 1 рет қабырғаны, еденді, үстелді, шамдарды қимылдамайтын құрылымдарды антисептиктерді пайдаланып, жуу керек.
.ppt/slide_7.jpg)
Ауа-тамшылы инфекциямен күресу әдістері Маска тағу (фильтрлейтін – А) Бактерицидтік шамдарды қолдану Вентиляция жасау (бактерицидтік фильтр арқылы бөлмелерді желдендіру) Медицина қызметкерлері мен науқастар жеке бас гигиенасын сақтауы керек. Бахилді кию тәртібі сақталу керек – алдын ала бахилді жуып, қайнатып, залалсыздандырады.
.ppt/slide_8.jpg)
Залалсыздандыру Залалсыздандыру (латынша «sterilis» – ұрықсыз) қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы.
.ppt/slide_9.jpg)
Залалсыздандырудың кезеңдері Залалсыздандыру алдындағы дайындық Залалсыздандыруға дайындап орналастыру Залалсыздандыру Залалсыздандырылған заттарды сақтау
.ppt/slide_10.jpg)
Залалсыздандыру алдындағы дайындық Тазалау Жуу кептіру
.ppt/slide_11.jpg)
Залалсыздандыруға дайындап орналастыру Әмбебап орналастыру Бағытталған орналастыру Түрлік орналастыру
.ppt/slide_12.jpg)
Залалсыздандырудың әдістері Залалсыздандырудың физикалық әдістері Күйдіру және қайнату Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау) Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру Сәулелі залалсыздандыру Залалсыздандырудың химиялық әдістері Газбен залалсыздандыру Антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыру
.ppt/slide_13.jpg)
Автоклавта залалсыздандыру тәртібі 1,1 атмосферада (t – 119,60С) – 1 сағат 1,5атмосферада ( t – 126,80С) – 45 минут 2 атмосферада (t – 132,90С) – 30 минут
.ppt/slide_14.jpg)
Заттардың залалсыздығын тексеру әдістері Тікелей әдістер (бактериологиялық әдіс, залалсыздандырылған заттардан тікелей бактериологиялық егу алынады) Тікелей емес әдістер (физикалық әдіс): бензой қышқылы – 1200С; резорцин –1190С, антипирин –1100С, аскорбин қышқылы – 1900С, янтарь қышқылы – 1900С, тиомочевина – 1800С
.ppt/slide_15.jpg)
Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды өңдеу 0,5% мүсәтір спиртінде тампонды пайдаланып, бірінші шылапшында шынтаққа дейін қолды 3 минут жуу керек; 0,5% мүсәтір спиртімен екінші шылапшында білектің жоғарғы және ортаңғы ⅓ бөлігінің шекарасына дейін 3 минут жуу керек; Залалсыз матамен қолды сүртіп кептіру керек; 96% этил спиртімен қолды 2 рет 2,5 минуттан өңдеу керек; 5% йодтың спирт ерітіндісімен саусақтың ұштары мен тырнақтарын өңдеу керек.
.ppt/slide_16.jpg)
Қазіргі кездегі хирургтың қолын өңдеу әдістері Первомурмен (С-4) өңдеу Хлоргексидинмен қолды өңдеу Дегмин және дегмицидпен өңдеу Цирегельмен өңдеу
.ppt/slide_17.jpg)
Операциялық алаңды өңдеу заңдылықтары кең көлемде өңдеу кезектілік, «ортасынан – шетіне қарай өңдеу» ластанған аймақтар соңында өңделеді (кіндік) операция барысында бірнеше рет өңдеу керек
.ppt/slide_18.jpg)
Операциялық аймақты өңдеу әдістері Филончиков - Гроссих әдісі – залалсыз жапқышпен шектеу алдында екі рет; тілік жасаудың алдында; операция кезінде; жараға тігіс салар алдында және одан кейін бір-бір реттен 5% йодтың спирт ерітіндісімен сүртіледі Баккал әдісі – жасөспірімдер мен йодқа аллергиясы бар ересек науқастардың операциялық алаңын 1% бриллиант жасылының спирт ерітіндісімен өңдейді
.ppt/slide_19.jpg)
Имплантациялық инфекция Имплантация – емдеу (барысында) мақсатымен жасанды заттарды (протездер, спицалар, пластиналар, клапандар, тігіс жіптер) науқастың денесіне енгізу, сіңдіру болып табылады
.ppt/slide_20.jpg)
Имплантациялық инфекцияның көздері Тігіс жіптер Дренажды түтіктер Стенттер Спиральдар
.ppt/slide_21.jpg)
Тігіс жіптерінің түрлері Табиғатына байланысты: Табиғи жіптер (кетгут, жібек, мақта-маталық жіптер). Синтетикалық (лавсан, капрон, фторлон, дакрон, полиэстер, викрил, окцилон). Сіңуіне байланысты: Сіңетін – табиғи – кетгут; синтетикалық – окцилон, викрил, дексон. Сіңбейтін – қалғанының барлығы. Жуандығына байланысты – әртүрлі қалыңдықта болады. Жарақаттауына байланысты: Жарақаттайтын жіптер (хирургиялық инеге өткізілетін, қалыпты жіптер). Жарақаттамайтын (атравматикалық) жіптер – заводта жіп диаметріне сәйкес келетін инемен жабдықталған.
.ppt/slide_22.jpg)
Тігіс жіптерін залалсыздандыру әдістері Кохер әдісі – жібек жіпті залалсыздандыру. Ситковский әдісі – йод буында кетгутты залалсыздандыру. Губарев және Клаудиус әдістері – люгольдің спирт және су ерітінділерінде кетгутты залалсыздандыру.
.ppt/slide_23.jpg)
Кері байланыс сұрақтары Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары. Залалсыздандырудың әдістері. Қазіргі кездегі хирургтың қолын өңдеу әдістері. Операциялық алаңды өңдеу әдістері. Залалсыздандырудың кезеңдері.

aseptika_d_r_s_-__az_(1).ppt
- Количество слайдов: 23