Лек. 3 Демэкология.pptx
- Количество слайдов: 11
Дәрістің тақырыбы : «Популяциялар экологиясыдемэкология » Дәрістің жоспары: §Популяция туралы түсінік §Түрдің популяциялық құрылымы
«Популяция» - ұғымы лат. рopulus – халық деген мағнаны білдіреді. Бұл ұғымды - В. Л. Иогансен енгізген. Популяция – дегеніміз белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, шығу тегі бір, бір түрдегі особьтардың жиынтығы. Түр – тірі организмдер жүйесіндегі негізгі структуралық бірлік. Ол тұқым қуалайтын ұқсас морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктері бар, бір-бірімен еркін будандасатын, ұрпақ бере алатын, белгілі тіршілік жағдайына бейімделген абиотикалық, биотикалық ортамен белгілі қарым-қатынаста болатын табиғатта белгілі бір ареалды мекендейтін особьтардың жиынтығы.
Жеке популяциялардың өмір сүру заңдылықтарын, оның сыртқы және ішкі әсерлерден өзгеруін - демэкология зерттейді. Популяцияны сандық көрсеткіштері бойынша екіге бөледі- статикалық және динамикалық. Статикалық көрсеткіші (СК)- популяцияны берілген уақыттағы жағдайын сипаттайды. СК- популяцияның саны, тығыздығы және құрылымның көрсеткіштері жатады. Популяцияның саны – әралуан түрлерде әр басқа және белгілі шекте болады.
Популяцияның тығыздығы – белгілі бір аудан бірлігіне, мысалы халықтың тығыздығы 1 м 2 немесе гидробионттар үшін көлем бірлігіндегі особьтар саны
Популяцияның динамикалық көрсеткіштеріне – туылуы, өлуі, популяция өсімі және дамуы жатады. Популяцияның туылуына – особьтардың жыныстық жетілу жылдамдығы, көрек пен қамтамасыз етілуі және ауа райы жағдайларына байланысты болады. Популяцияның өлуі - особьтардың өлген саны. (особьтардың жасы мен күйіне байланысты) Олар: физикалық, биотикалық және антропогендік факторларға байланысты.
• Популяцияның өсімі – белгілі бір уақыт аралығынды популяциядағы особьтардың сандық мөлшерінің көбею қабілеті. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл өмірінде 10 -15 лақты дүниеге алып келеді, бал арасыньң аналығы - 50 мың жұмыртқа, ал айбалық (Mola mola) 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді.
• Популяцияның жас құрамы – особьтар тіршілігінің ұзақтығына, жыныстық пісіп жетілуіне байланыста болады.
Популяция гомеостазы Популяциялардын ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін – гомеостаз дейді. Популяцияның сандық, мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын - олардың динамикалық тепе-теңдігі дейді, яғни, белгілі бір жағдайдағы популяциялық өз санын бір қалыпты ұстап тұруын атайды.
• Әрбір жүйенің тіршілік етуі - оның құрамы мен құрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі реттеу - организмдердің үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы.
• Популяцияның өзін-өзі реттеуі табиғатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. • бір жағынан, бұл популяция санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтыгын құрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорганыс механизмдері, т. б. ), • ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар).
• Мысалы, орман қауымдастықтарында өскен кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағаштардың саны 100 -120 жылдан кейін, жапырақты ағаштар саны 5070 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.
Лек. 3 Демэкология.pptx