Лек. 2 Аутэкология.pptx
- Количество слайдов: 12
Дәрістің тақырыбы : «Дара организмдер экологиясыаутэкология » Дәрістің тақырыбы: §Экологиялық факторлар мен олардың классификациясы §Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары
Аутэкологияның міндеті – түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғал, жоғары және төменгі температураға, ортаның тұздылығы) физиологиялық және морфологиялық және т. б. бейімделуін анықтау.
Аутэкология ұғымын ағаш рет 1896 жылы Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды. Аутэкология ең алғаш рет экологияның жеке саласы ретінде III ботаникалық конгресте қабылданды.
Экологиялық тұрғыдан орта дегеніміз – табиғи денелер, тау-тас, орман-көл, өзен-мұхит және жаратылыста орын алатын құбылыстар Экологиялык фактор - кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Экологиялық классификация бойынша экологиялық факторлар екі топқа: абиотикалық және биотикалық. Бұл факторлар антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты
Экологиялық факторлар популяция тығыздығына тәуелсіз және тәуелді болып екі санатқа бөлінеді. Бірінші санат факторларына климаттық, екіншісіне – биотикалық факторлар жатады. Топтастырудың жолы бойынша ЭФ энергетик және сигналдық болып бөлінеді.
Оптимум ережесі: Каз келген организмнің тіршілігі үшін қолайлы не қолайсыз болып саналатын факторлар әсерінің белгілі бір интервалы.
Организмнің қажеттілігіне сәйкес келетін және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етенін фактордың сан мөлшері – оптимум аймағы деп , ал органим үшін қолайсыз мөлшері – пессимум аймағы деп аталады.
Шелфорд ережесі Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтату туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы америкалық зоолог В. Шелфорд енгізді. Организмнің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілк етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық ( толеранттылық, латынша toleranti-шыдам, төзім) шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты.
Яғни организм осы max немесе min мәндерінің аралығында ғана өмір сүре алады. Шыдамдылық шектерін экологиялық валенттілік деп атайды. Организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі , қоршаған ортаға бейімделуі дейді,
Одум ережелері В. Шелфордтың толеранттылық заңынан кейін америкалық ғалым Ю. Одум (1979 ж. ) бірнеше ережелермен толықтырды: Организмдер кейбір факторларға кең ауқымды (яғни, толеранттық диапозандары кең) және басқа факторларға тар ауқымды төзімділікте (басқа факторларға қатысты толеранттық диопазоны аз) болуы мүмкін;
экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары (диапозандары кең) организмдер табиғатта кең таралған; Егер түр үшін бір экологиялық фактордың әсері оптималды болса, төзімділік шектері юасқа экологиялық факторларға да өзгеріп, төмендеуі мүмкін.
Лек. 2 Аутэкология.pptx