
филос 3.pptx
- Количество слайдов: 11
Дәріс жоспары: 1. Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті 2. Философияның генезисі. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы 3. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі 4. Платонның білім мен біліктілік мәселесін қоюының іргелік сипаты 5. Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы ретінде
1. Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті Б. д. д. 6 -5 ғасырларда Кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан гректің қала мемлекеттері одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларында сондай ақ Сицилия жағалауындағы қалаларда, ақыр соңында Грекияның өз ішіндегі Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия б. д. д. екінші бірінші ғасырларда қалыптасты. Сол кезеңде мәдениет дамыды, гректер арасынан поэзия, драматургия, философия басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Демокрит, Геродот, Сократ, Платон, Аристотель және т. б. Дүниеге келді.
2. Философияның генезисі. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы Милет мектебінің өкілі Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Келесі өкілі Анаксимандр дүние негізі апейрон деп пікірлеген. Апейрон бұл белгісіз бастама. Анаксимен дүниенің негізі ауа деп есептейді.
Гераклит Эфес қаласынан шықты. Оның пікірінше дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ. Бәрі ағады, бәрі өзгерісте. Гераклиттің ойынша дүниедегі барлық құбылыс жанды оттан тұрады, бірақ ол өте құрғақ.
Демокрит. (б. д. д. 460 ж. –б. д. д. 360 ж. ) Демокрит – атомистер мектебінің негізін қалаушы философ. Ол әлем атом және бос құбылыстан тұрады дейді. Ол атом көрінбейді, құлаққа естілмейді, түссіз, бірақ нақты өмір сүреді деп уағыздайды.
3. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі Сократ грек философы. Оның басты мақсаты жастарды өз философиясы арқылы тәртіпті өмір сүруге баулу. «Менің білетінім еш нәрсе білмейтінім» дейді Сократ. Сондықтан ол «Өзіңді өзің біліп ал» деген талап қойды. Сократтың негізгі әдісі бұл майевтика.
5. Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы ретінде Аристотель (б. д. д. 384 -322 ж. ) Аристотель – Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Негізгі еңбектері: «Физика» , «Жан туралы» , «Метафизика» , «Категориялар» , т. б. Аристотель Ликей немесе Перипатетика мектебін құрған. Аристотельдің пікірінше «адамдар қоғамдық жануарлар» .
Аристотель
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!
филос 3.pptx