филос 2.pptx
- Количество слайдов: 12
Дәріс жоспары: 1. Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философиясының қалыптасуы мен дамуына әсері. 2. Үнді алғыфилософиядағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. 3. Карма, реинкарнация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының іргелі негізі ретінде.
Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философиясының қалыптасуы мен дамуына әсері.
Үнді философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді: 1. Ведалық кезең (б. д. д. 1500— 500 ғ. ғ. ); 2. Классикалық, немесе брахмандықбуддистік кезең (б. д. д. 500 — б. д. 1000ғ. ) 3. Индуистік кезең (1000 ғасырдан бастап).
2. Үнді алғыфилософиядағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Веда сөзі санскрит тілінен білім дегенді білдіреді, бірақ ол ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Ведалар төрт бөліктер тұрады: Самхиттер бұл құдайларға арналған гимдер жинағы Брахмандар бұл самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер Араньяктар бұл орман кітабы, қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берушілерге арналған ережелер жинағы Упанишадалар ұстаз қасында отырып уағыз, дәріс тыңдау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді, яғни ведалар тарауындағы философиялық бөлім, ежелгі үнді философиясының конондыұ ілімдері бейнелейтін әдеби мұра, рухани ілім.
Ортодоксалды және бейортодоксалды мектептер
3. Карма, реинкарнация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының іргелі негізі ретінде. Буддизм көне үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы Сиддхарта Гаутама Будда (нұрланған, оянған) Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: Сыртқы дүниені өзгерту арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру (хинаяна) және өзіндік «менді» өзгерту, өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын «ішкі утопияны» құру (махаяна) яғни буддизм ілімінде нигилистер мен субъективті идеалистердің ағымы
Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары Сансара бұл ежелгі үнді философиясындағы жанның жай таппай дүние кезуі, бір денеден екінше денеге ауысуы туралы ілім Карма бұл «іс ірекет» , көне үнді философиясының ұғымы. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Архат бұл нирвана жағдайына жеткен, қадірлі, құрметті, сөзі де, ісі де сабырлы, тілектерден ада, азат, дана адам. Мокша бұл азаптан рухани бостандық.
Көне Үнді діндерінің құдайлары
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!
филос 2.pptx