
Nerv_zh_1199_yesini_1187_fiziologiasy (1).pptx
- Количество слайдов: 51
ДӘРІС ТА ЫРЫБЫ: Қ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ӘРЕКЕТІ, ОЛАРДЫ ЖАС Ң ЕРЕКШЕЛІГІ. Пән: Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
ДӘРІС ЖОСПАРЫ МЕН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: • Нейронның құрылысы мен қасиеттері. Тітіркену, тітіркендіргіш, қозу, қозғыштық, тежелу ұғымдары. Нерв талшығы және оның қасиеттері. • Нерв талшықтарының жас ерекшеліктері және олардың миеленденуі. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар. • Орталық нерв жүйесіндегі қозудың берілу механизмі. Нерв орталығы және оның қасиеттері. • Рефлекс нерв әрекетінің негізі. Орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу және олардың өзара әрекеті. • И. М. Сеченов пен И. П. Павлов -жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - нерв жасушасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша жасушалар- глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв жасуша ларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағүрлым көп болады. 20 -30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді. Басқа тірі жасушалар тәрізді оның мембранасы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа жасушалардан айырмашылығы денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта кетуі мүмкін.
Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз тәрізді. Денесінен ұзынды қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон ағаш). 1 -дендрит 2 -жасуша денесі 3 -аксон
Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1, 5 -2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв жасушасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: • сезгіш ұштар рецепторлар • қозғаушы ұштар - эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандайда болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне қозуға айналдырады. Эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1 -1, 5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді. Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
СИНАПСТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңыңдағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейрон аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесініңқабығы. Синапс түймешесініңіші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады(лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығынпостсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасыңда синапсаралығы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады. Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: Қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда ү-амин қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады деген болжам бар. Әрбір нерв жасушаларында коптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв өрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы жасушаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады. Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
НЕРВТЕР МЕН НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫ Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жене миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды. Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа боледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды откізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін жөне орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жүмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тындамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т. с. с) белгілі шамада қызмет атқарады. Бұл кезде ұлпалардың клеткаларыңда белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қаңдай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
Физиологиялық белсенділік - кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мүндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Т і т і р к е н у деп - сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін т і р к е н д і р г і ш деп атайды. Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштер төртке бөледі: • физикалық • химиялық • физикалық – химиялық • биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т. б. ) және электрлік әсерлерді айтады. Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамыңдағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады. Физикалық-химиялықтітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады. Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микро организмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын қуат жасуша мембранасының ішкі жөне сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иоңдық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды. Тыныштық жасуша мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды. Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы жасуша мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық тоғы 50 -90 м. В-қа дейін болады.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ГИГИЕНАСЫ Балалар мен жасөспірімдердің орталық жүйке жүйесінің және жоғарғы жүйке жүйесінің іс-әрекетінің қалыпты дамуы үшін сергек болып жүргеннің өзінде күшті титықтауға жеткермейді, олардың өмір тіршілік тәртібін дұрыс ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Дұрыс өмір тіршілік тәртібі – бұл балалардың бір тәулікте үйлесім-ді болып әр түрлі іс-әрекеттерін тиянақты етіп, демалысын ұйымдастыру болып саналады. Осындай тәртіпті жас ерекшелігін есептей отырып, баланың ісәрекетіндегі қажетті элементтерді сақтай отырып (ұйқы, серуендеу, сабағы т. б. ) және бұл кезде олардың ағзасын шамадан тыс титықтауға жеткермеу керек. Үй жағдайына үйренген балалар бала-бақша жағдайына өткенде көп қиындыққа душар болады. Бала-бақша жағдайын тез үйренуі үшін тәрбиешілер, медбикелер жаңа келген балалардың тәртібі қандай болғанын алдын ала білуі керек. Сол тәртіпке жақындау тәртіптерді қолдану арқылы біртіндеп мектепке дейінгі мекеме тәртібіне үйретеді.
ҰЙҚЫ ЖӘНЕ СЕРГЕКТІК ГИГИЕНАСЫ Баланың сергек болуы белсенді іс-әрекетіне байланысты болады. Бұл кезде ми жасушасының сыртқы тітіркендіргіштерінің әсерімен жүйке қозуы арнайы қабылдағыштар (көз, құлақ, тері т. б. ) арқылы баланың орталық жүйке жүйесіне беріледі. Осыған орай ерте және мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі, олар сергек болса да тез шаршап титықтауы мүмкін. Ұйқы мен сергектіктің реті ауысуы ағзаның дұрыс іс-әрекеті болып табылады. Ұйқы жұмыс қабілеттілігін орнына келтіруге, ми қыртыс жасушаларының шамадан тыс қажуынан сақтап, шамадан тыс титықтауға жеткермей белгілі дәрежеде терең және берік ұйқыны қамтамасыз етеді.
Кейбір гигиеналық шарттарды сақтау тәртібі. Балалардың жасына қарай тиімді ұйқының негізгі шарттарының бірі оның ұзақтығы болып саналады. Бала ұйқысы тәулігіне ü 3 -6 айлығында 17 сағат; ü 6 -10 айлығында – 16 сағат; ü 10 айлығында – 1, 5 жаста – 15 сағат; ü 1, 0 жастан 3 жасқа дейін – 13 -14 сағат; ü 3 -5 жаста – 12 сағат; 6 -7 жаста – 12 сағат; ü 8 -10, 5 жаста – 11 сағат; ü 11 -12 жастан – 10 сағат; ü 13 -15 жаста – 9, 5 сағат; ü 16 -18 жаста – 8, 5 сағаттан кем болмауы крек;
Мектеп жасындағы балалардың ұйқы ұзақтығы олардың орталық және жоғарғы жүйке жүйесінің функционалды күйіне теріс әсер етеді, күші бұзылады. Ұстамдылық күші мен жүйке барысының қозғалғыштығы бірінші және екінші түйсік жүйесінің аралық ісәрекеті бұзылады, шартты рефлекстің қалыптасуы жылдамдығы төмендейді, ағзаның вегетативті реактивтілігі нашарлайды. Ұйқысы қанбаған кезде жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Ұйқы қажеттілігі тек жасына қарай емес, баланың денсаулығына да байланысты. Мектептегі балаларға ояну және жату бір мезгілде болуын әдетке айналдыру қажет. Бұл шартты рефлекстің түзілуін тудырады.
Тиімді ұйқы сипаты оның тек белгілі ұзақтығына байланысты емес, ол жеткілікті терең ұйқы ұзақтылы-ғымен сипатталады. Ұйқы жиі бұзылса ағзаның жақсы демалысын қамтамасыз етпейді. Ұйқы алдында ауыр күйзеліске, асыр салып ойнау-ға, қол-аяқ денесін тез қимылдату әрекетінен ой-еңбегіне күш салу, ұйқыны қашыратын жағдайдан аулақ болған жөн. Ұйқының алдында таза ауада 15 -20 мин. серуендеу тиімді. Баланың ұйықтайтын бөлмесінде мынадай қоздырғыштар: көтеріңкі сөздер, айқай-шу, ұрысу, музыкалық аспаптарда ойна, радио, телевизор дыбыстарын бәсеңдету немесе тіптен болдырмау қажет. Таза ауада белсенді дем алу орталық жүйке жүйесінің қызметтік (функционалды) күйіне қолайлы әсер етеді. Мектеп жасындағы оқушылардың күн тәртібінде далада, ашық ауада серуендеу: бастауыш сыныптар үшін – 3 -3, 5 сағат; орта сынып оқушылары үшін – 2 -2, 5 сағат; жоғарғы сыныптар үшін – 1, 5 -2 сағат ұсынылады.
Баланың орталық жүйке жүйесі бір уақытта ағзаның саналы іс-әрекетін (ойлану және қимылын) және олардың санасыз қызметін (тыныс және асқорыту қызметін) бақылап қамтамасыз етеді. Шеткі ерекше (вегетативті) жүйке жүйесі тағы да балаларға түрлі сезімдерді анықтайды. Мысалы, ауырсыну және ыстықсуықты (температураны) білдіреді. Жүйке жүйесі тұрақты түрде қаныққан оттегі мен қанды қажет етеді. Мидың қайсы бөлігінде қан ағуы үзілуі не жетіспеуі оның қызметінің бұзылған себептері болып саналады. Жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты, оның қайсы бөлігі ауырған болса сол бөлімі ауырсынып, сезімталдығы жоғалып әлсізденеді. Ми зақымданғанда жаны күйзелуден басқа бас ауруы, ұйқы басуы, санасының қара ниеттенуі немесе елес–қиял ауруларына (галюцинация) ұшырайды.
БАЛАЛАРДЫЊ ЖЙКЕ ЖҮЙЕСІ, ОНЫ Ү Ң ТӘНТАНУ-Т НТІРЛІГІНТАНУЫ ЖНЕ Ә Ә ЖАНТАНУЫ МЕНТӘРБИЕЛІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жүйке жүйесінің маңызы: барлығына белгілі біздің денемізде көптеген мүшелер, мүше жүйелері бар. Олардың өзіне тән әрқайсысының атқаратын қызметі, жұмысы, міндеті бар. Осыған орай әрбір мүше, әрбір жүйе өз алдына бет-бетімен жұмыс атқарып кетпес үшін оларды бір тәртіпке, ретке салып тұратын адамдар денесінде жүйке жүйесі бар. Жүйке жүйесі адамның түрлі бөліктерінің қимылын, ортаның өзгеруіне байланысты бір мақсатқа лайық етіп реттеп басқарып тұрады. Жүйке жүйесі ішкі секреция бездерімен біріге отырып, денедегі жеке мүшелердің және бүтін ағзаның қызметін нейрогуморальдық (жүйкесұйықтық) жолмен басқарып түрады.
Ес, ой, ақыл, қалау, ынта, талап, құмар, сағыну, күйіну, сүйіну, қайрат, қаттылану, ашулану, бұрсану секілді және сана, қабылдау, қиял, қимыл, ерік деген адамның жантануы, жансыры, жүйке жүйесінде, үлкен мидың қыртысында пайда болады. Адамды айналасындағы табиғатпен сезім мүшелері арқылы байланыстырып тұрған да жүйке жүйесі. Сырттан тиген әсерді жүйке жүйесі қабылдап, оны адамға талдап түсіндіреді. Адамның денесіндегі мүшелердің, ұлпалардың, жасушалардың реттеліп, дұрыс тамақтанып тұруы да жүйке жүйесінің басқаруынан болады. •
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Жалпы жүйке жүйесін өздерініњ морфологиялық құрылысына және мүшелерді жүйкелендірілген қызметіне байланысты үш бөлімге бөлеміз. Олар: орталық жүйке жүйесі, шеткі (қиян) жүйке жүйесі ерекшеленген (вегатативті) жүйке жүйесі деп аталады.
Орталық жүйке жүйесіне омыртқа бағанасының ішіндегі түтікте жатқан жұлын, қу бастың ішінде жатқан ми жатады. Осы орталық жүйке жүйесінен: мидан және жұлыннан жүйкелер шығып барлық мүшелерді жүйкелендіреді. Мидан 12 жұп жүйке шығады. Жұлыннан 31 жұп жүйке шығады. Бұл жүйкелер дененің шеткі, ұзақта жатқан сезім мүшелерін, бұлшықеттерді, теріні, сіңірлерді және буындарды жүйкелендіреді. Сондықтан да аталған жүйкелерді шеткі немесе қиян жүйке жүйесі деп атайды. Қиян жүйке жүйесіне 12 жұп ми жүйке, 31 жүп жұлын жүйке жатады. Тек ішкі мүшелерді жүрек, өкпе, бауыр, ішек-қарын, бүйректер т. б. жүйкелендіретін жүйкелерді ерекшеленген немесе ерекше (вегатативті) жүйке жүйесі деп атайды. Ерекше (вегатативті) жүйке жүйесіне симпатикалық жєне парасипатикалық жүйкелер жатады.
АДАМНЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ Орталық жүйке жүйесі: 1 – ми; 2 – жұлын; Шеткі жүйке жүйесі: 3 – ми жүйкелері; 4 – жұлынның жүйкелері; Ерекше (вегетативті) жүйке жүйесі: 5 – жүйкенің симпатикалық бөлім; 6 – жүйкенің парасимпатикалық бөлімі
Жүйке іс-әрекетінің негізгі формасы – рефлекс. Ағзаның рецепторлардан келген хабарына орталық жүйке жүйесі арқылы жауап беруін рефлекс дейді. Мысалы, өте жарықтан көз қарашығының кішіреюін алсақ болады. Тамаққа – сілекей ағу. Қабылдағыштар (рецепторлар) дегеніміз – түрлі тітіркендіргіштерді қабылдауға бейімделген жүйке ұштары. Талдамалар (анализаторлар) жүйкесінің шеткі бөлімі. ( Сурет - Тері қабылдағыштары (рецепторлары). Жартылай нұсқасы) 1 – тері үстіндегі жүйке ұштары; 2, 3 – сезу денешігі; 4 – шаш айналасындағы жүйке ұштары; 5 – суықты сезетін қабылдағыш рецептор; 6– қысымды сезетін қабылдағыш рецептор.
Рефлекстің қабылдағыш аймағы. Ағзаның қайсы аймағы тітіркенуде белгілі рефлексті ғана тудырса, оны рефлекстің қабылдағыш (рецептор) аймағы дейді. Мысалы, көздің мүйізгек қабығы тек жыпылықтату рефлексін, емізулі баланың ерін-ауыз аймағы ему қимылын – ему рефлексін туғызады. Ағзада рецепторлардың қызметі мен орналасуына қарай: эксторецепторлар, проприорецепторлар, интеррорецепторлар деп бөледі. Эксторецепторлар – сыртқы ортадағы өзгерісті, бес сезім мүшелер жасушасынан (көздің торы, құлақ құрышы, тері, иіс, дәм сезу) қабылдайды; интеррорецепторлар – ішкі мүшелер жасушаларынан (жүрек, бауыр, бүйрек, тамырлар, без т. б. ) келетін хабарды қабылдайды. Ал меншікті немесе проприорецептор – бұлшықет, сіңірлер, буындардан келетін өзгерістерді (дененің қимылын, күйін) қабылдайды.
РЕФЛЕКС ТҮРЛЕРІ И. П. Павлов рефлекстерді шартсыз және шартты деп екіге бөлген. Шартты рефлекс – өмір, тұрмыс, әлеумет, қоғамнан қалыптасатын және өшіп, қайта жаңғырып отыратын рефлекстер. Шартты рефлекстердің ең өмірлік қажеттіліктері атадан балаға мұра болып беріліп: салт, дәстүр, әдет-ғұрыпқа айналады. Шартсыз рефлекс – бұл тұқым қуалап берілетін, тума рефлекс. Мысалы тамақ, ему, қорғану рефлекстері.
Рефлекстің жолын рефлекторлық доға дейді. Қозудың сезімі сезімтал жүйкесі арқылы орталыққа келіп, қимыл жүйкесі арқылы мүшеге жауап болып бару жолын рефлекторлы доға деп атайды. Рефлекторлы доға: рецептордан сезімтал жүйесінен, орталықтан (жұлын не ми), қимыл жүйкесі және эффектордан (мүшеден) түзіледі. Осы аталған жол сау болғанда ғана рефлекс доғасы пайда болады (3 -сурет). • 3 -сурет. Тері қабылдағыштары (рецепторлары). Жартылай нұсқасы 1 – тері үстіндегі жүйке ұштары; 2, 3 – сезу денешігі; 4 – шаш айналасындағы жүйке ұштары; 5 – суыќты сезетін қабылдағыш рецептор; 6 – қысымды сезетін қабылдағыш рецептор.
4 -сурет. Рефлекторлық доға 1 – терідегі сезімді орталыққа жеткізуші жүйкенің қабылдағыш ұшы (рецептор); 2 – сездіргіш жүйкеніњ алшақ жатқан бөлігі; 3 – жұлынның сездіргіш жүйкелік түйіні (орталыққа жеткізуші жасуша); 4 – сездіргіш жүйкенің орталық бөлігі; 5 – аралық нейрон; 6 – алдыңғы ашадағы қимыл жүйкесінің жасушасы; 7 – қимыл жүйкесінің нейриті; 8 – оның бұлшықеттегі ұшы (эффектор).
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖИЫНТЫҚ, ТАРҚАЛУ, ИНДУКЦИЯ, ҮСТЕМДІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Жиынтық (суммация). Тітіркенудің жиі қайталануынан туатын рефлексті жиын (суммация) дейді. Бұл жағдайды И. М. Сеченов тєжірибеде толық дәлелдеп көрсеткен. Өмірдегі мысал: жұлқылап барып қарату. Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үнемі алмакезек жұмысқа кірісіп тұрады. Бір-біріне қарама-қарсы болғанымен, олар келісімді түрде болады. Бұл жағдайды Введенский мен Павлов ашқан. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеті қатты қозу болған жерде сөзсіз тежелу немесе қатты тежелу болған соң, артынан сондай дәрежеде қозу болып отырады.
Бұл жағдайды қатты күлген адам артынан тыныш болып қалуы немесе ашуға тығылып денесі де құрысып қалған адамның кейіннен барып өксіп жылау немесе босауынан білуге де болады. Жүрудің өзі де қозу мен тежелудің алмасуының бір түрі. Ретті координациялық қозғалыстың бұзылулары да көп кездеседі. Мысалы, жұтынарда көзді тез-тез жыпылықтату, қадам басқан сайын түшкіру т. б. Жүйке орталығындағы тежелуді эксперименттік жолмен 1862 ж. И. М. Сеченов бақаның орта мидағы көру төмпешігіне тұз құю арқылы анықтаған. Басы жоқ бақаның аяғын қысқашпен қысса, ауырсынған сезіммен аяғын тез тартады, әлгі тәжірибеде – аяғын тартуы нашарлаған.
Тарқалу (ирридиация) – қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы денеге тарқалып рефлекторлық жауап беруін тарқалу (иррадиация) дейміз. Бір ғана түрткіге бүтін денесімен, аяқ-қолымен, мойнымен, жылауымен жауап беруін тарқалу (ирридиация) дейді. Мысалы, жас баланың жарыққа қарауы не ауыртқандағы жиырылуы. Қозу болған жерде тежелу жағдайының болуын индукция дейміз. Қарсы пайда болатын күшті индукция дейміз.
Сондықтан да қозудан пайда болған индукция нәтижесінде тежелу болса, ондай индукцияны теріс индукция дейді (ток азаяды). Ал индукция қозуды қозушылықты асқындырып жіберсе, оны оң индукция деп атайды (ток көбейеді). Мысалы, адам қатты ашуда тұрғанда бір-екі ауыз жылы сөз айтса, ол тез басылады. Керісінше ашуы шығайын деп тұрған адамға дұрыс сөз болса да, бір сөз ұосыла айтылса, ол адамның ашуы тез көтеріліп кетеді. Индукция мен иррадиация бір-біріне осындай тығыз байланысты. Бірін-бірі тежеп, реттеп отырады. Бұл заңдылықтар мида жүріп жатады. Осылайша түрлі мінездер, темпераменттер, жүйке типтері қалыптасады.
А. А. УХТОМСКИЙДІҢ ДОМИНАНТТЫ ЗАҢЫ Мидағы орталықтар өте көп. Осы орталықтардың біреуінің жасушаларының жұмысы артып, екінші орталықтың жасушаларының жұмысы тежеліп тұруын үстемдік (доминант) дейміз. Уақытша бір орталықтың екінші орталыққа үстемдік жасауын доминант дейміз. Мысалы, қарны аш мысық, сүт ішіп жатқанда аяғына ток берсе, аяғын сілкігені болмаса да сүтті іше береді, ток көбейіп кетсе ішуді қоя қашады. Тамақ орталығын қорғану орталығы үстемдік етті. •
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БАЛАЛАРДА ТАРҚАЛУ (ИРРАДИАЦИЯ МЕН ИНДУКЦИЯ) ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Тежелудің қалыптасуы. үстемдік (доминанттық) заңының тұрақтануы. Балалардың жасына қарай жүйке жүйесініњ координациялық қызметінің мамандануы. Ми бөліктері, олардың жетілулері. Жүйке жүйесі қызметтерінің қалыптасуы өте күрделі жолмен жүреді. Жүйке жүйесінің жалпы қасиеті қозу, тітіркену, тарқалу (иррадация), индукция, координация т. б. көптеген заңдылықтары және жантанулық (психологиялық) мінез-құлықтар, ана құрсағының ішінен бастап туылып, жетіліп өлгенге дейін өзгеріп, дамып отырады. Өйткені жүйке жасушаларының өздері олардың өсінділері дендрит, нейриттерінің бір-бірімен жалғасуы, бұлшықет, сезім мүшелеріне байланысулары, түйіс (синапс) қызметі біртіндеп жетіледі екен.
Жүйке жүйесі эмбрионалдық дамудың өзінде өте ерте пайда бола бастайды. 3 апталық эмбрионалдыќ дамуда-ақ жүйке түтігі пайда болады. Бала 3 айлық болғанда орталық жүйке жүйесінің қимыл жүйкелері бұлшықетке байланыса бастайды. Бала қимылдайды. 6 айда бала құрсақта еркін өмір сүретін болып, мүшелерінің бәрі қызметке кірісе бастайды. Бұл сезуші, қимыл жүйелерінің жұлын мен миға жалғаса бастағанын көрсетеді. Жаңа туылған балада қорғану, бағдарлау, ауырғанды сезу, жарықты сезу, дыбысты сезу рефлекстері болады. Бірақ бұл рефлекстер ретті емес. Бірде білсе, бірде білмейтінге ұқсайды.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТІЛУІ
Енді орталық жүйке жүйесіне, жұлын және ми бµліктерінің жетілуіне жеке-жеке тоқталамыз. Бастағы ми сырттан қарағанда біреу секілді. Шынында олай емес. Ми құрылысы және атқаратын қызметіне қарай бес бөлікке бөлінеді: 1. Сопақша ми; 2. Артқы ми (көпір, мишық); 3. Орта ми; 4. Аралық ми; 5. Үлкен ми. Ми баланың қу басының ішінде жатады. Мидың қалыбы жаңа туылған балаларда қысқа және жалпақ болып келеді. Бұл қалыбы қу бастың өсуіне байланысты өзгереді. Туылғаннан толық жетілгенге дейін ми 4 есе, ал дене 20 есе артады екен (5 -сурет, 2 -кесте). •
Ұлдар мен қыздардың ми массасы (г) Жасы Ұлдар Ќыздар Нәрестеде 371 361 3 жаста 1170 1068 7 жаста 1282 1262 20 жаста 1400 1270 Мида баланың ақыл-есіне нәр беріп тұратын, бір-бірімен ұласқан, іші ми – жұлын сұйықтығына толған – төрт қарыншасы бар. Олар: екі бүйір – оң, сол жарты шарда, үшінші – аралық мида, төртінші – артқы және сопақша мида орналасқан, одан кейін жұлын өзегіне ұласып кетеді. Оң, сол жарты шар немесе үлкен ми, жалпы ми массасының 80% құрайды.
Жұлынныњ жетілуі. Омыртқа жотасының (бағанасының) ішінде, дененің екі жағына теңдей болып: мойын бөлімінен – 8 (С 1 – С 8), кеудеден – 12 (Th 1 – Th 12), белден – 5 (L 1 – L 5), сегізкөзден – 5 (S 1 – S 5), құйымшақтан – 1 -ден 3 -ке дейін – (Са 1 – Са 3) жүйке шығады. Жұлынның ортасында – сұр зат, өзекті айнала қоршаған қанатын жайған көбелекке ұқсас, тек жүйке жасушаларынан түзілген және сұр затты қоршаған – ақ зат, жүйке өсінділері немесе талшықтары мен невриттерден тұрады. (5 -сурет. 1 -кесте).
5 -сурет. Баланың миы, мишығы, сопақша миы және жұлыны ашылған. Артынан көрінісі. 1 - жұлын 2 – жұлынның қатты қабығы; 3 – сопақша ми; 4 – мишық; 5 – сигматєрізді қойнауы; 6 – көлденең қойнауы; 7 – шүйде бөлігі; 8 – мидың қатты қабығы; 9 – жоғарғы жебе (сагитталды) қойнауы; 10 – мидың өрмекше торлы қабығы.
Жұлын – тәнтірліктік (физиологиялық) екі қызмет: рефлекторлы жєне өткізгішті жолмен атқарады да, ми мен шеткі мойын, тұлға, қол-аяқ мускулатураларын байланыстырып тұрады. Осылардың арқасында сіңір рефлексі, дененің белгілі күйін сақтау рефлексі, үлкен және кіші дәрет рефлексі, рефлекторлы жолмен аталық жыныс мүшесінің ісінуі ұрыќ шаштыратын орталық жұлында орналасқан. Жұлынның жетілуі миға қарағанда тез жүреді. Жұлынның да құрылысы мен қалыбы жасқа қарай өзгереді. Жаңа туылған балалардың жұлыны қайшыға ұқсаған бір тегіс болып, ұшына қарай жіңішкереді. Шамамен отыру, жүру және қолымен көп қимылдайтын жасқа келгенде, 1 -3 жастарда-ақ жұлында бел жєне мойын бөліктеріндегі бөлімі кеңейіп жуандайды. •
Ми мен жұлынның қабықтары, тамырлары және сұйықтықтары болады. Қабықтары – үшеу: сыртқы – қатты, ортаңғы – торлы және ішкі – жұмсақ немесе тамырлы қабығы. Олардың даму барысы, балалардың, әсіресе қабырғаларының артерия дамуы мынадай кезеңдерге: біріншісі – 1 жасқа дейін, қабырға құрылымдық тамырлар диференциялануы жеткіліксіз кезеңі, екіншісі – 1 -ден 6 жасқа дейін, бұлшықеттік кезеңі, үшіншісі – 6 -дан 18 жаста – серпімділік түрімен сипатталады, төртінші – 18 жастан 40 жаста, құрылыстары жетілген кезеңіне тура келеді. Ми-жұлын сұйықтығы ми қарыншаларында, жұлын өзектерінде сақталып, жасқа қарай қорғаныштық қасиеті күшейеді. Оның құрамында ақуыз, қант, тұз барлығы анықталған. •
Nerv_zh_1199_yesini_1187_fiziologiasy (1).pptx