9 каз.pptx
- Количество слайдов: 29
ДӘРІС Тақырып: «Дисталды және мезиалды тістесудің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы» Балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы мен Ортодонтия пәні Мамандық «Стоматология» Курс: IV Уақыты: 1 сағат Дәріскер: Мухтарова К. С. 2012 жыл.
Дәріс мақсаты Дәрісті бітіргеннен кейін сіздер дистальді және мезиальді тістесудің этиологиясын, патогенезін, клиникасын және оның диагностикасын білулеріңіз керек.
Жоспар Дәрістің мақсаты Жағдайлық есеп Дистальді тістесу этиология, клиника, патогенез Мезиальді тістесу этиология, клиника, патогенез
Жағдайлық есеп Науқас 11 жаста, дұрыс емес тістесуге байланысты балалық тісдәрігермен бағытталған. Шағымы: жоғарғы жақ алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына, төменгі жақта екінші кіші азу тістерге жарып шығуына орын жеткіліксіз.
Қандай мәліметтерді жинау керек?
Науқастың анамнезінен: Анасының айтуы бойынша жүктілік ешқандай патологиясыз өтті. 1, 5 жасқа дейін табиғи тамақтану болды. Бірінші сүттістер, төменгі орталық күректістер, алты айда жарып шықты. 4 жаста жоғарғы жақтың қалпы ақырындап өзгеріп тұрды, алдыға қарай жылжыды.
Тағы қандай мәлімет керек?
Объективті белгілер: Бойы мен салмағы жасына сай Баланың тұрысы бұзылған Беті шығыңқы, оның төменгі бөлігі қысқарған, мұрын ерін қатпарлары айқын, еріндер түйіспейді. Мұрын арқылы демалу бұзылған. Жоғарғы ерін қысқарған, ауыз қуысы ашық. Балада жағымсыз қылықтар (бөгде заттарды сору) бар
Науқастың диагностикалық модельдерін дайындау Жоғарғы жақтың диагностикалық модельдерінде тіс қатарының вестибулярлы орналасуы, жоғарғы жақ тіс қатары төменгі жақ тістерінің 1/3 тен көп бөлігін жабады, төменгі жақтың оң жағында екінші кіші азу тістің жарып шығуына орын аз.
Дистальді тістесу • Дистальді тістесу – сыртқы негізгі белгі болып, жоғарғы жақтың шамадан тыс дамуы, немесе төменгі жақтың толық дамымауы, немесе екі белгісі де қатар болып тіс қатарлары қабысқанда жоғарғы фронтальді тістер төменгілеріне қарағанда дұрыс емес алдыға шығуы саналады.
Этиология Генетикалық бұзылыс Бала жасындағы мұрын мен жұтқыншақтың созылмалы аурулары Мұрынмен дем алудың бұзылыстары Балада жағымсыз қылықтардың болуы (бөгде заттарды сору) Жасанды тамақтандыру кезінде Баланың осанкасында болған бұзылыстар Сүттістердің уақытынан ерте жоғалтуы (оның тұрақты тістеріне дейін өте ерте жоғалтқанда) Жоғарыда аталған себептер төменгі жақтың баяу дамуына алып келеді, жоғарғы жағының шамадан тыс өсуіне және дистальді тістесуінің түзілуіне алып келеді.
Патогенез Дистальді тістесудің түзілуінде мұрынмен дем алудың бұзылуы негізгі орын алады. А. А. Погодина мәліметтері бойынша, 34% балаларда тіс жақ ақаулары мұрынмен дем алудың бұзылыстарымен байланысты, ал ортогнатиялық тістесуі бар балардың тек 6% кездеседі. Мұрын пердесінің қисаюы, төменгі мұрын қылқандарының гипертрофиясы, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы аденоидтар, жұтқыншақ таңдай бездерінің ұлғаюы және жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары мұрынмен тыныс алуға механикалық кедергі жасайды. R. Frankel шайнау, жұту, тыныс алу, сөйлеу және ауыз маңайындағы, шүйде, мойын бұлшықеттердің тонусының өзгеруін тіс жақ ақауларының дамуының бірінші себептеріне жатқызады. Ең жағымсыз деп ол мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы және ауызды ашық ұстау қылығын санайды.
Жоғарғы тіс қатары ауыз арқылы дем алғанда, тілдің ішкі жағынан тірегі болмағандықтан(ол төмен түседі), ұрттық бұлшықеттер әсерінен тарылады, ұзарып алдыға қарай шығады. Ауыздың айналмалы бұлшықеттерінің әлсіздігіне байланысты жоғарғы алдыңғы тістер алдыға қарай ығысады. Мұрын қуысындағы пайда болатын кері қысым жоғары ( «готического» ) таңдайдың түзілуіне себепкер болады. Тіс қатарларының прогнатикалық ара қатынасы (тісальвеолярлы пішін) жоғарғы мен төменгі азу тістерінің сауытының көлемінің сәйкессіздігіне байланысты болуы мүмкін. Оны H. Gerlach және Тонн индекстері арқылы тексеруге болады. Ақаудың себептері болып азу тістердің толығымен жарып шықпауын, жоғарғы алдыңғы тістердің ұрттық қисаюын және төменгі тістердің отвесное орналасуын, төменгі жақтың дистальді жылжуын жатқызуға болады. Тіс қатарының алдыға қарай ығысуы фронтальді тістердің ауытқу деңгейіне байланысты, сондықтан оның протрузиясы кезінде доға ұзарады, ретрузиясында— қысқарады.
Клиника • Дистальді тістесуі бар науқастың беті помпайған, кейде оның төменгі бөлігі қысқарған, мұрын ерін және супраментальді қатпарлары айқын, еріндер қабыспайды. Тіс қатарларының түйісуінің айқын болған бұзылыстарында тіс жақ жүйесінің негізгі қызметтері бұзылады, негізінен: шайнау, жұту, дем алу.
Диагноз қойыңыз
Жауап : Дистальді тістесу
Жағдайлық есеп Науқас 12 жаста. ҚММУ емханасына келді. Бала тісдәрігерімен бағытталған. Жоғарғы иттістердің биік жарып шығуына, бүйір куректістердің дұрыс емес орналасуына шағымданды.
Қандай мәліметтерді анықтау керек?
Науқастың анамнезінен: Анасының айтуы бойынша жүктілік ешқандай патологиясыз өтті. 1, 5 жасқа дейін табиғи тамақтану болды. Бірінші сүттістер, төменгі орталық күректістер, алты айда жарып шықты. 4 жаста төменгі жақтың қалпы ақырындап өзгеріп тұрды, алдыға қарай жылжыды.
Тағы қандай мәлімет керек?
Объективті белгілер: Бойы мен салмағы жасына сай Баланың осанкасы тік, жүрісі қалыпты, бос Беті симметриялы Мұрын арқылы дем алады Дыбыстарды шығару дұрыс Жоғарғы ерін кішкене төмен орналасқан (западает) Төменгі ерін алдыға шыққан (выпячивает)
Науқастың диагностикалық модельдерін дайындау • Диагностикалық модельдерді қарау кезінде тіс жақ жүйесінің аномалияға жауап ретінде бейімделу реакцияны байқауға болады. Бұзылған қызметке компенсация ретінде тістер мен альвеолярлы өсінділердің өзгеруі байқалады. Алдыңғы жоғарғы тістердің протрузиясы байқалады.
Мезиальді тістесу • Мезиальді тістесу – бұл тістесудің жиі кездесетін ақауларының бірі, ол жоғарғы жаққа қарағанда төменгі жақтың алға қарай орналасуымен сипатталады. Сонымен, тістесудің осы ақауы кезінде төменгі жақ шамадан тыс дамыған, немесе керісінше, жоғарғысы толық дамымаған, немесе екеуі де бірге жүреді.
Этиология Тұқым қуалау Баланың туу кезінде жарақаттануы Жоғарғы тіс қатарындағы кейбір сүттістердің уақытынан ерте жоғалтуы(оның тұрақты тістермен табиғи алмасуына дейін) Бір тіс қатарындағы түрлі сүттістердің біркелкі емес қажалуы Сүттістердің тұрақты тістермен ауысу уақытының баяулауы Жақ сүйегінің дамуын баяулататын рахит және т. б. аурулар Тілдің қысқа үзбесі Баладағы кейбір жағымсыз қылықтар (саусақты, тілді, ойыншықтар мен басқа бөгде заттарды сору) Уйқы кезінде баланың үнемі дұрыс емес қалпында жатуы.
Патогенез Н. Г. Аболмасов ақаулардың келесі жіктелуін ұсынады: І. Шынайы прогенияның бірінші түрі (төменгі жақ пен тіс қатарының бүкіл немесе көпшіл аймақтарының ұлғаюы) А. Жоғарғы жақтың қалыпты кезінде Б. жоғарғы жақтың бас қаңқасында дистальді орналасуы немесе оның толық дамымаған кезінде II. Шынайы прогенияның екінші түрі А. жеке тістердің кері түйісуі, алдыңғы тістердің тік түйісуі немесе минимальді жабуы кезіндегі төменгі жақтың ұлғайған базальді бөлігі Б. төменгі жақтың иектік бөлімінің шектелген өсуі III. Жоғарғы микрогнатия IV. Жалған прогения (төменгі жақтың алдыға ығысуына байланысты алмалсыз тістесу) V. Алдыңғы тістердің біріне прогениялық қатынасы А. жоғарғы немесе төменгі жақтың алдыңғы тістерінің қисаюы арқасында Б. тістердің қисаюы мен альвеолярлы өсінділердің ақауының арқасында VI. Аралас түрлері.
Клиника Сүт тістесу кезеңінде екінші уақытша азу тістердің сауыттарының дистальді беттерінің арасында мезиальді баспалдағы болуы мүмкін, аралас және тұрақты тістесу кезінде – төменгі иттістер мен бірінші үлкен азу тістердің жоғарғы тістеріне қарағанда мезиальді орналасуы, төмпешіктің енінің жартысына, бір төмпешікке, екі төмпешікке және одан да көп. Алдыңғы бөлімінде төменгі күректістер жоғарғыларды жабады (кері күректістік жабуы). Кейде тістер тік орналасады, терең, ашық тістесу, және де күректістер арасында сагиттальді саңылау болады. Мезиальді тістесудің түрлі пішіндерінде бет әлпетінің жалпы ұқсастығы болады (иектің шығыңқы болуы, жоғарғы еріннің ішке кіруі, профилі ішке кірген.
Диагноз қойыңыз?
Жауап : Мезиальді тістесу
Назар аударғандарыңызға рахмет!
9 каз.pptx