Маулен Нургали.pptx
- Количество слайдов: 22
Дәріс тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйесі
Дәрістің мақсаты: Жүрек-тамыр жүйесі Дәрістің жоспары: Кіріспе Жүректің қызметтері Жүректің қабырғасының құрылысы Эндокардтың құрылысы Миокардтың құрылысы Эпикардтың құрылысы Жүрек аускультациясы Жүрек перкуссиясы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулерінде адамның барлық ауруларының 40% жүрек-қан тамырлар жүйесінің үлесіне тиетіндігі анықталды.
Жүрек қабырғасының қабықшалары Ішкі - эндокард (endocardium) Ортаңғы - миокард (myocardium) Сыртқы - эпикард (epicardium)
Эндокардтың қабаттары эндотелий субэндотелий бұлшық етті эластикалық сыртқы дәнекер тіндік
Эндокардтың туындылары – жүрек қақпақшалары – сыртынан эндотелиймен қапталған борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құралған тығыз табақшалар.
Қарыншаларға қараған бетінде сіңірлер бекитін өсінділер болады, сондықтан ол тегіс емес
Қақпақшалардың жүрекшелік бөлігінде жазық бұлшық ет жасушаларының шоғырлары болады Қарыншалық бөлігінде эластикалық талшықтар басым келеді
Миокард Жүректің бұлшық ет тінінен құралған. Құрамында жүректің жиырылғыш элементі кардиомиоциттер болады. Олардың жиынтығын миокардтың паренхимасы деп қарастыруға болады.
Стромасын аз дамыған БТДТ түзеген. Оның құрамында қан тамырлары орналасады.
Кардиомиоциттердің түрлері Жиырылғыш Өткізгіш (жұмыскер, типтік) (типтік емес) Секреторлық
а) б) Препаратта берілген кардиомиоциттердің түрін анықтаңыздар
Миокардтың микроайналым арнасы. Бояуы: гемотоксилин, пикрофуксин, париж көгі
Өткізгіш кардиомиоциттердің түрлері: 1) R-жасушалар (пейсмекерлер) 2) Аралық жасушалар (өтпелі) 3)Пуркиньенің жасуша - талшықтары
Эпикард Жүректің сыртқы қабықшасы. Перикардтың висцеральды жапырақшасы болып табылады.
Перкуссия (латынша percussio “тері арқылы”) қазақша соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық ғалым дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722 -1801) болатын. Оның латынша жазылған “Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс” трактаты 1761 жылы жарық көрген. Жүрекке перкуссия жасау әдісі арқылы жүректің көлемін, оның орналасуын, шекарасын, кескін үйлесімін (конфигурация), сол сияқты қан тамырлары шоғырының енін де анықтауға болады.
Негізінен жүрек екі жағынан өкпемен жабылып тұрады, перкуссияның шарты бойынша, өкпе – ауасы бар мүше, онда ашық дыбыс, ал жүрек –ауасыз мүше, онда тұйық дыбыс естіледі. Осындай әртүрлі жағдайлар перкуссия әдісін тиянақты түрде қолдануға мәжбүр болады.
Аускультация (латынша auscultatio – «қазақша» тыңдаймын деген сөз) – организмдегі өзіне — өзі пайда болған дыбыстарды тыңдау болып табылады. Бұл әдіс Гиппократтан бастау алады. Оның еңбектерінде әр түрлі дыбыстардың, соның ішінде жүрек соғысын анықтаған. Бірақ ол мәліметтер бүгінгі күнге толығымен жетпеген. Аускультация әдісін негізін қалаған француз дәрігері Рене Теофил Гиацинт Лаэннек (1781 – 1826). Ол алғаш рет стетоскопты (stethos — кеуде, scopeo — қараймын) қолдануды ұсынған.
Дәрігер жүректі тыңдағанда әр жағдайда, яғни тік тұрғызып та, жатқызып та тыңдауға дағдылануы керек. Науқастардың кейбір қлыптарында, жүрек ақауларында пайда болатын дыбыстар жақсы естіледі. Мысалы: қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігінде пайда болатын протодиастолық шуыл, науқастың тік тұрған қалпында жақсы естіледі. Жүректі тыңдағанда дәрігер науқастың оң жағында тұруы керек. Дәрігердің тыңдайтйн нүктелеріне стетоскопты қоюына да ештеңе кедергі болмауы тиіс.
Маулен Нургали.pptx