Дәріс тақырыбы ТРОМБОЗ. ЭМБОЛИЯ. ШОК
Дәріс тақырыбы ТРОМБОЗ. ЭМБОЛИЯ. ШОК
Тромбоз деп – қанның қан тамырлары ішінде ұйып қалуын атайды. Ұйыған қан тромб д. а. Тромбоздың негізінде физиологиялық қан ұю үдерісі жатады. Қанның ұюы өте күрделі, көп салалы үдеріс. Ол қан ұйытушы және қан ұюына қарсы жүйелердің бақылауында болады.
Қан ұюына қарсы жағдайларға бірінші ретте, қалыпты жағдайда қан құрамында болатын антикоагулянттар: гепарин, антитромбин және фибринолизин жүйесі кіреді. Патологиялық жағдайларда гемостазды, рефлекторлық- гуморалдық жолмен реттеуші фибринолиздік жүйе іске қосылады.
Қан ұю үдерісі қанды ұйытушы және қан ұюына қарсы жүйелердің кері байланыс механизмі арқылы реттеліп тұрады. Қан ұю үдерісі тромбоциттердің белсенділігінен басталады. Эндотелий қабаты жарақаттанғанда, сол жерге тромбоциттер жабысып қалып, олардан адгезивті белоктар: фибриноген, фибронектин, тромбоспондин бөлініп шығады. Сөйтіп, біріншілік тромбоциттік тромб пайда болады.
Қан ұю үдерісі 4 кезеңнен тұрады: 1) Белсенді тромбопластиннің пайда болуы; 2) Тромбопластин протромбиннен тромбиннің пайда болуы; 3) Тромбин әсерінде фибриногеннің фибрин-мономерге айналуы; 4) Фибрин-мономердің фибринді белсендіретін заттардың әсерінде фибрин-полимерге айналуы.
Тромбтың түзілу кезеңдері • Тромбоциттер агглютинациясы • Фибриноген коагуляциясы • Фибриннің түзілуі • Эритроциттердің агглютинациясы • Плазма белоктарының преципитациясы
Тромбтың түрлері: 1. Қызыл тромб – құрамында эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер бар, көбінесе вена тамырларында кездеседі; жылдам дамиды. 2. Ақ тромб – фибрин, лейкоцит және тромбоциттен түзілген артерия қан- тамырларында кездеседі. Олардың көлемі кішкентай; баяу дамиды 3. Аралас тромб – құрамында ақ және қызыл тромб элементтері аралас орналасқандықтан, түсі шұбар болады. Оның бас жағы – ақ тромбтан, ортасы – аралас тромбтан, аяқ жағы – қызыл тромбтан түзілген.
Қолқадағы аралас тромб
Аяқтың терең веналарындағы тромб
Аралас тромб
4. Гиалинді тромб – біртектес, эозинофилді массалардан түзілген, оның құрамында бір-бірімен өте тығыз байланысқан тромбоцит, лейкоцит, фибрин бар. Кейде ол, бір-біріне жабысқан эритроциттердің ыдырауынан, плазма нәруызының шөгіндісінен де пайда болады. 5. Фибринді тромбтар – таза фибрин жіптерінен немесе фибрин мен ақ қан түйіршіктерінің қоспасынан түзіледі. Бұл құбылыс ҚШҰ синдромына тән.
Тромбтардың жіктелуі: - Қабырғалық; - Обтурациялық; - Үдемелі; - Дилятациялық; - Шар тәрізді.
Артериядағы тромб Гематоксилин-эозин х 400
Тромбтың пайда болу себептері: 1) Қан тамырының бүтіндігінің бұзылуы; 2) Қан ағымының баяулауы немесе қиындауы (мысалы, аневризма аймағында); 3) Қанның физикалық қасиеттерінің және химиялық құрамының өзгеруі; 4) Қан тамырларының қабынуы (тромбофлебит, тромбоартериит).
Тромбоздың нәтижесі: 1. Асептикалық аутолиз; 2. Тромбтың дәнекертінденуі (организациясы); 3. Тромбтың сығылуы (ретракциясы); 4. Тромбтың өзектенуі (канализациясы); 5. Тромбтың тамырлануы (васкуляризациясы); 6. Тромбқа тұздар шөгіп қалып, тасқа айналуы (флеболиттер). 7. Тромбтың сепсистік аутолизі; 8. Тромбоэмболия.
Қанның қан тамыры ішінде шашыранды ұюы (ҚШҰ синдромы) Бұл үдерістің тромбоздан айырмашылығы – ұйыған қан тромбқа айналмай-ақ, өз- өзінен ыдырап, жоқ болып кетуі мүмкін. Бұл синдром шокта, дене күйгенде, сепсисте, қатерлі ісіктерде, тобы сәйкес келмейтін қан құйылғанда, ауыр хирургиялық операциялардан кейін кездеседі.
ҚШҰ синдромында қанда фазалы өзгерістер байқалады: 1. Гиперкоагуляция фазасында – қандағы шашыранды ұйындылар микроциркуляция тамырларын тығындап тастайды. 2. Гипокоагуляция фазасында – тромбоциттер саны азайып, фибриноген мөлшері төмендейді, қан ұйымай қалып, көптеген қан құйылу ошақтары пайда болады (тромбогемморагиялық синдром). 3. Фибринолиздің күшеюі кезінде – алғашқы пайда болған тромбтар еріп кетіп, қан ағу қайта күшейеді.
ҚШҰ синдромының негізгі морфологиялық белгілеріне: - Микроциркуляция арнасындағы тамырлардың тромбозы; - Геморрагиялық диатез; - Қан айналысының бұзылуына байланысты некроздар (бүйректердің қыртыс қабатының некрозы, бүйрек үсті безінің некрозы, бауырдағы, ұйқы безіндегі, гипофиздегі некроз ошақтары).
Эмболия деп – қан тамыры ішінде қалыпты жағдайда кездеспейтін әр түрлі заттардың көшіп жүруін және олардың қан тамырларын тығындап қоюын атайды. Бұл заттарды эмбол дейміз. Түрлері: • Тромбоэмболия • Майлы • Ауалы • Газды • Тіндік • Микробты • Бөгде заттар
Эмболияның тасылу бағытына қарап, үш түрін ажыратады: 1. Тура бағыттағы эмболия; 2. Кері бағыттағы (ретроградтық); 3. Күтпеген бағыттағы (пародоксалдық). Нәтижесі: Қауіпті асқынулары: өкпе артериясының тромбоэмболиясы – кенеттен өлім; Микробтық эмболия – сепсистің дамуы; Тіндік эмболия – ісік метастаздары.
Өкпе тамырларындағы ісіктік эмболия Гематоксилин-эозин х200
Шок – организмге шектен тыс күш әсер еткенде дамитын, қан айналымының жедел жеткіліксіздігімен көрініс беретін, ауыр патологиялық үдеріс. Түрлері: 1. Жарақаттық; 2. Гиповолемиялық; 3. Кардиогендік; 4. Сепсистік; 5. Гемотрансфузиялық; 6. анафилаксиялық; 7. Нейрогендік.
Шоктың даму кезеңдері: 1) Басталу кезеңі; 2) Үдемелі даму кезеңі; 3) Қайтымсыз кезеңі. Патологиялық анатомиясы: 1) Қанның сұйық болуы; 2) Геморрагиялық синдром; 3) Ағзалардағы қан айналымының бұзылуы; 4) Кейбір ағзалардағы шокқа тән ерекше өзгерістер (шоктық ағзалар).
Шоктық ағзалардағы өзгерістер: - Бүйректерде екі жақтық кортикалдық (қыртыстық некроз); - Өкпелерде сероздық-геморрагиялық ісіну, гиалиндік мембраналар, микроциркуляция арнасының тромбозы (респираторлық дистресс- синдром); - Бауырда центролобулярлық некроз ошақтары.
• Дулей теңіз-мендегі сезім деген • Жан бар ма • Сезім күшін сезінбеген, • Бар өмірге қимас ем, әттең дүние-ай • Жалғыз сәтті өткізген өзіңменен. • Ойнама, жаным, сірә теңізбенен, • Толқынға батырады теңіз –терең. • Шақтарымда ұзақ таң көз ілмеген, • Сырласамын, • Сиқырлы сезімменен
6Тромбоз. Эмболия. Инфаркт..ppt
- Количество слайдов: 25

