Тулга алеуметтануы.pptx
- Количество слайдов: 9
Дәріс тақырыбы: Тұлға әлеуметтануы 1. Әлеуметтану ғылымындағы “адам”, “индивид”, “тұлға” ұғымы; 2. Тұлғаның әлеуметтену процесі: әлеуметтену, реәлеуметтену, деәлеуметтену; 3. Тұлғаның әлеуметтенуіндегі негізгі агенттер; 4. Тұлғаның рөлдік концепциясы : Дж. Мид, Ч. Кули теориялары; 5. З. Фрейдтің психоталдауы;
Тұлға әлеуметтануындағы үш ұғым: Адам - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Индивид - адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Тұлға - адамның тек табиғи- биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.
Тұлғаның үш өлшемі: Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т. б. қамтиды. Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т. б. қамтиды. Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Тұлғаның әлеуметтану процесі Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс -әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, тұлға қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, жан-жақты жетілген адам. Реәлеуметтену процесі – ескі нормалар, құндылықтар, ережелер мен іс-әрекеттер орнына жаңа нормалар мен құндылықтарды игеру процесі Деәлеуметтену проецсі – нормалар мен құндылықтарды жоғалту процесі
Әлеуметтену агенттері Екінші реттік әлеуметтену агенттері Бірінші реттік әлеуметтену агенттері Отбасы – индивидтің әлеуметтену інің алғашқы агенті Балабақша, мектеп, жоғары оқу орны
Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы Ч. Кулидің айнадағы мен” тұжырымдамасы Айналадағы адамдар – менің өзім туралы ой түйіндеуіме көмектесетін, өзіндік “Мен”-ді қалыптастыратын айна. Менің өзім туралы пікірім, бұл – басқалардың маған берген бағаларының жиынтығы. Өзіндік “Мен” – нің мазмұны төрт элементтен құралады: 1. Мен шындығында қандаймын; 2. Өз өзімді қалай бағалаймын; 3. Мені басқалар қалай көреді; 4. Менің бейнем басқаларға қалай көрінеді. Тұлға Ч. Кули бойынша Басқалардың пікірі туралы түсінік Басқалардың мені қалай бағалайтындығы туралы түсінік Басқалардың маған берген бағасына менің жауабым
Дж. Мидтің тұлға туралы теориясы Имитация (еліктеу) сатысы Баланың дүниеге келген күнінен бастап екі жасына дейін Бала ата-анасының, қоршаған ортасының ісәрекеттерін бейсаналы түрде орындайды. Ойын сатысы Екі жастан алты - жеті жасқа дейін Бала ойыншық ойнау арқылы барлық әлеуметтік рөлдерді өзі ойнап шығады Ұжымдық ойын сатысы Алты –жеті жастан жасөспірімдік шаққа дейін Бала әлеуметтік күтімдерді ұғына бастайды және осы рөлге сәйкес ісәрекет жасайды
З. Фрейдтің психоталдау тұжырымдамасы Личность состоит из трёх компонентов: • Ид (ол) –бейсаналы сезімдер, құмарлықтар, жыныстық және агрессиялық қажеттіліктер • Мен (Эго) – Міндеттеу және басу арқылы ортаға бейімделу, ес. • Жоғарғы Мен (супер-Эго) – қоғамның адамгершіліктік ұстанымдарының жиынтығы. Ішкі сыни пікір. З. Фрейд бойынша тұлғаның құрылымы Бейсаналы істерді, құмарлықтард ы қадағалау, реттеу Ид (Ол) құмарлық алуға ұмтылыс Қоғамның әсерімен құрылатын бағалаушы компонент
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. Әлеуметтану. Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, ә. ғ. д. , профессор М. М. Тажиннің жалпы редакциясының басқаруымен шыққан. 1 -2 кітап. Алматы, “Қазақ университеті”, 2005 А. И. Икенов «Әлеуметтану негіздері» Кравченко А. И “Социология”, М. , 2000. Тәжин М. , Аяғанов Б “Әлеуметтану негіздері” А. , 1993 Забирова А. Т. Практикалық әлеуметтану. Астана, 2011, - 196 б Павленок П. Д. “Социология”, М. , 2002 Булатова А. , Исмағамбетов З. “Курс лекции по социологии”, А. , 2002 Г. О. Абдикерова. Социализация личности в процессе модернизации казахстанского общества. М. С. Әженов, М. С. Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, Алматы, 2002. К. У. Биекенов, З. Ж. Жаназарова. Социология общественного мнения. М. С. Әженов, Д. Бейсенбаев. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы, 1997 г. Андреева Ю. П. , Коржевская А. М. , Костина Н. Б. , Социальные институты: содержание, функции, структура. Свердловск, 1989 г
Тулга алеуметтануы.pptx