инн касипкерлик 3 лекция презентация.pptx
- Количество слайдов: 20
Дәріс тақырыбы: Инновациялық кәсіпкерлік: шет елдер тәжірибесі Лектор: э. ғ. к. , доцент Шамишева Н. Қ.
Дәріс жоспары 1. Шет елдердің инновациялық даму модельдері. 2. Жеке елдерде инновациялық кәсіпкерлікті қолдау.
1. Шет елдердің инновациялық даму модельдері.
Инновациялық қызмет табысы келесілерден тәуелді: • Елдегі жалпы экономикалық жағдайдан; • Мемлекеттік ғылыми-техникалық стратегиядан; • Толыққанды ресурстық қамтамасыз етуден; • Нарық конъюнктурасынан; • Мамандар кәсіпқойлығынан; • Тиімді менеджменттен.
Экономикалық дамыған елдердің инновациялық дамуының негізгі модельдері: 1. Ғылымда және инновациялық дамуда көшбасшылыққа бағдарланған, фундаменталды және қолданбалы зерттеулерге едәуір ресурстарды бөлетін, ірі мақсатты кешенді бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде экономиканың әскери-өнеркәсіптік секторда, жүзеге асыратын елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция).
1. Инновацияны белсенді таратушы, экономиканың басрлық сфераларында жағымды инновациялық ортаны құратын елдер (германия, Швеция, Швейцария). 2. Әлемдік ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне жоғары сезімталдықпен ерекшеленетін, барлық түрдегі инновация облысында түрлі секторлардың әрекетін белсенді үйлестіруші елдер (ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея).
Инновациялық дамуды қолдау, реттеу және ынталандыру үшін мемлекет белсенді пайдаланады: • Әкімшіліктік және экономикалық әдістер; • Бюджеттен қаржыландыру; • ҒЗТКӘ-ді (НИОКР) субсидиялау; • Университеттерде фундаменталды және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
Шетелде (АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері) ҒЗТКӘ мен инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі қаражаттардың көптеген түсім көздерінің болуымен сипатталады: • Мемлекет; • Өнеркәсіп фирмалары мен корпорациялары; • ЖОО; • Коммерциялық емес ұйымдар; • Шетелдік капитал.
Дамыған елдерде ИК-ні тікелей қаржыландыру әдістеріне келесілер жатады: • Әкімшіліктік-ұйымдастырушылық әдіс. • Бағдарламалық-мақсатты әдіс. • Субсидиялар (гранттар).
Жанама қаржыландыру әдістерінде: • Салық жеңілдіктерінің түрлі әдістері негізгі рөл атқарады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде салық жеңілдіктерінің келесідей түрлері пайдаланылады: • Бірнеше жыл бойы инновациялық жобаны жүзеге асырудан алынған және дамуға бағытталатын пайдаға «салық каникулдары» ; • Тапсырыс бойынша және ммелекеттік кәсіпорындармен бірігіп орындайтын ҒЗТКӘ-ге бағытталған пайдаға салық ставкасын төмендету; • Интеллектуалдық меншік құрамына кіретін патенттерді, лицензиялрады, «ноу-хау» және басқа материалдық емес активтерді пайдалану нәтижесінде алынған пайдаға жеңілдікпен салық салу; • Пайдадан салықтық төлемдерді инновациялық және басқа мақсаттарға шығындарға кейінге қалдыру.
Тәуекелді бизнесті қаржыландыру келесілермен жүзеге асырылады: • Тікелей қаржыландыру: субсидия, қарыз (Франция, АҚШ және т. б. ); • Пайызсыз ссудалар беру (Швеция, Германия); • Дотациялар және жеңілдікпен салық салу, мемлекеттік сатып алулар (барлық дамыған елдерде); • Мүмкін тәуекелділікті ескеріп, инновацияны ендіру қорларын құру (Англия, Германия, Франция, Швейцария, Нидерланды);
• Жеке дара өнертапқыштар үшін мемлекеттік баждарды төмендету (Австрия, Германия, АҚШ, Жапония және т. б. ); • Егер өнертабыс энергияны үнемдеуге қатысты болса, баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе олардан босату (Австрия); • Жеке дара өнертапқыштардың тапсырыстары бойынша ақысыз іс жүргізу, патенттік сенімгерлерге ақысыз қызмет көрсету, баж төлеуден босату (Нидерланды, Германия, Жапония).
2. Жеке елдерде инновациялық кәсіпкерлікті қолдау.
Ұлттық инновациялық жүйенің табысты дамуына келесідей факторлар ықпал етеді: • Мемлекеттің дәл қалыптасқан мақсаттары мен міндеттері бар тізбектелген және ұзақ мерзімді инновациялық саясаты; • Инновациялық экономика құрылысы және инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін фундамент ретінде қолда бар инновацияялық әлеуетті ұтымды пайдалану; • Жеке, зерттеу және білім беру секторлары арасындағы ынтымақтастықты орнату және күшейту бойынша жүйелі күш салу; • Инновациялық технологиялық әлеует үшін жеткіліксіз жылдам дамитын не дербес дамымайтын маңызды бағыттарды айқындау және мақсатты қолдау;
• Әлеуетті инновациялық фирмалардың неғұрлым үлкен көлемін оларға мемлекеттік қолдау беру арқылы қамту; • Инноваццияларды, құрылатын және алынатын технологияларды коммерциаландырудың дамыған бағдарламалары; • Трансұлттық корпорациялардың шетелдік инвестицияларын саналы тарту; • Интеллектуалды меншік облысында дамыған заң шығарудың болуы; • Өте жақсы халықаралық тәжірибені жүйелі зерттеу және ендіру.
Инновациялық жүйенің дамуына кедергі келтіретін факторларға жатады: • ҒЗТКӘ-ні қаржыландырудағы бизнестің аз үлесі (Франция, Швеция, Нидерланды, Үндістан); • «ақылдың кетуі» (Франция, Германия); • Дамудағы территориалдық диспропорция (Германия, Үндістан, Қытай, Франция, Норвегия); • Халықтың жылдам қартаюы (Еуро одақ елдері); • Әскери-өнеркәсіптік кешенге жоғары шығындар (Швеция, Израиль); • Венчурлік капиталдың дамымаған нарықтары (Дания, Германия); • Бюрократия (Үндістан, Бразилия, Азия елдері).
Ұлттық инновациялық жүйені дамыту үшін пайдаланылатын мемлекеттік саясат шаралары: • Инновациялық саясатты анықтауға және жүзеге асыруға жауапты арнайы ұйымдар мен органдарды құру (барлық елге жуық); • Басқа елдермен технологиялық айырбаста белсенді өзара әрекет ету (барлық елге жуық); • Инновациялық кластерлерді құру (Франция, Германия); • Ірі трансұлттық корпорацияларда негізгі инновацияларды жүзеге асыру (Швеция, Франция, Нидерланды, Үндістан, Жапония);
• Ақысыз білім беруді қамтамасыз ету (Германия, Норвегия); • «Инновациялық ваучерлерді» пайдалану (Нидерланды, Ұлыбритания, Германия); • Түрлі нысанда едәуір тікелей бюджеттік қаржыландыру.
Назарларыңызға рахмет!
инн касипкерлик 3 лекция презентация.pptx