Дәріс — слайд ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖАҢА ЗАМАН


Дәріс - слайд ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖАҢА ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ОТАРШЫЛДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ БАСТАЛУЫ ХҮІІІғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан Тақырыбы:

Дәріс жоспары: Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Жоңғар агрессиясы. Қазақ-орыс қатынастары. І Петрдің «Шығыстағы саясаты». Ресей империясының бодандығын қабылдау.

Орталық биліктің әлсіреуі XVII ғасырда Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының ауыр болуына байланысты ішкі бытыраңқылық шамадан тыс күшейді. XVII ғасырда Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ. Дәл осы кезде Қазақ хандығында жүздердің арасындағы ынтымақ, ауызбірлік бұзылып, экономикалық-шаруашылық байланыс, алып-беріс тоқтады. Сөйте келе, әр жүздің бай-шонжарлары өздерінің талап-тілегін қанағаттандыратын хандарын сайлап алды. Бұл кезекті Жоңғар шапқыншылығының басталуын тездетіп жіберді.

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандары Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы (1628-1652)

Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы (1628-1652) Қазақтың хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады. Жәңгір хан Жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара хандығымен, Жаркент хандығымен, қырғыздар одақтастығымен қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады. Басты мақсат олардың көмегіне сүйене отырып, Жоңғар шабуылынан қорғану еді.

Жоңғар шапқыншылығының басталуы

1643 жылы Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне баса-көктеп кірді: Жәңгір 600 жауынгермен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шықты; Жер жағдайын пайдаланып, ескі Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген; Шайқаста Жоңғарлар 10 мың адамнан айырылды; Осы кезде Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды. Жоңғар шапқыншылығы

Жоңғарлар өздеріне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинады. 1652 жылы Қазақ хандығының жеріне баса-көктеп кірді. 1665 жылы Жоңғар басшылары Шығыс Түркістанға аттанып, Шалыш, Ақсу, Қашқарды басып алды 1670жылы Жаркентті өзіне қаратып, Шағатай әулетінен шыққан Жолбарыс, Ысмайыл деген қуыршақ хандарға билетеді. Түркістан Жоңғар хандығы құрамына кіргеннен кейін оның экономикалық қуатын арттырып жіберді.Қашқардағы кен орындарынан мылтық оқ-дәрісі өндірілді. 1681 – 1685 жылдары Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса-көктеп кірді: Бірнеше қазақ ұлыстарын талқандап, тоғыз қаланы басып алды; Олар: Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Ташкент т.б. қалалар еді.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (1680-1715ж.ж.) Ішкі саясаты; Сыртқы саясаты; Тәукенің ''Жеті жарғысы'‘ 1. Хан туралы 2. Құрылтай туралы 3. Үйлену туралы 4. Қылмыс туралы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, феодалдар тобының басым көпшілігін билерге арқа сүйеуге, сонымен қатар сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған “хандық кеңестің” және “билік кеңестің” рөлін арттырды. Тәукенің орнатқан тәртібі бойынша , хан мен ру басы билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды. Ханның қасындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Феодалдар арасындағы ірі даулардың бәрі билердің тікелей қатысуымен шешілетін болды. Олар бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты Жүздер мен ұлыстар арасындағы дау-шаралар билер кеңесінде, қазақ арасында абыройы күшті: Үш жүздің басын қосқан құрылтай жиналысы Күлтөбеде (Ташкент қаласы) өтті; Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б.билер алдында шешіліп отырды; Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі талас-тартыс салдарынан бірлік-берекесі кетіп, ыдырай бастаған үш жүздің басын бір жерге қосты.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Сыртқы саясаты Қазақ ханы Тәуке осы кезде көршілес жатқан қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпаларының едәуір бөлігін Қазақ хандығының құрамына қосып алды. Қырғызды-Қоқым Қарашор би арқылы, қарақалпақтарды-Сасық би арқылы басқарып, тізгінді өз қолында ұстады. Тәуке ханның бұл әрекеті қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының ауыз бірлік ынтымағын көздеді. Аталған халықтардың бұл бірлігі Жоңғар шапқыншылығынан қорғану мақсатындағы соғыс одағы еді.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Сыртқы саясаты Тәуке хан Бұхар хандығымен бейбітшілік қарым-қатынаста болуға, Орта Азия аймақтарымен, қалаларымен сауда байланыстарын дамытуға тырысты. Тәуке ханның қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтас болуы жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. 1680жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған кезде, Түркістан қаласы ғана аман қалды. Себебі онда әскерлермен Тәуке хан болған еді. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар, ең маңызды керуен жолдары өтетін жерлерді де басып алуға ұмтылды

1681-1685жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады: Сайрам қаласын қаратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті. Жоңғар әскерінің: Бір тобы Сарысу өзеніне жетсе; Екінші бір бөлігі Орта жүздің солтүстік-шығыс аудандарына басып кірді; Қазақ ханы Тәуке береке-бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл тойтарыс беру үшін қажырлы қайрат жұмсады. Үш жүздің басын қосып, қазақ еліне хандық құрды. 1710жылы жау шабуылын қалай тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы'' Қазақ хандығының тағына берік отырған Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттіңи күш-қуатын арттыруды мақсат етті. ‘’Жеті жарғы’’ жасауға атсалысқан билер: Ұлы жүзден Төле би; Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек ; Кіші жүзден Алшын Әйтеке би.

Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман, даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын.


Төле би Қызметі: би Туған күні: 1663 жыл Туған жері: Жамбыл облысы, Шу өңірі Қайтыс болған күні: 1756 жыл Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Қазыбек би Қызметі: би Туған күні: 1665 жыл Қайтыс болған күні: 1765 жыл Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Әйтеке би Дүниеге келгені: 1644 Қайтыс болғаны: 1700 Мансабы: би Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2]

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы'' Жарғының негізі: ‘’Қасым ханның қасқа жолы’’ мен “Есім ханның ескі жолы” сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. Қасым хан тұсында шыққан, ”Қасым ханның қасқа жолы” деген заң жинағының бес тарауына екі тарау қосып, ”Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды. Тәуке хан “Күлтөбенің басында күнде жиын” өткізіп, оның шешімі хан қасындағы билер кеңесінде бекітілді. Жаңадан шыққан бұл заң тарихта ”Тәуке ханның заңдары”, - деп аталған. Қазақша ”жарғы” деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді. Бұл қазақ хандығы заңдары қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалады.

Батырлар – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ, қаһармандық – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырлары Еуропаның рыцарьлары, жапонның самурайлары, үндінің кшатрийлері секілді өзіндік сословиені құрады. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, жапон самурайларының «Бусидо» кодексі секілді батырлық этикасы болған. Қазақ батырлары


Батырлық – мүлік пен тақ емес. Оны құжат жүзінде бекітіп, өсиет бойынша мұраға қалдыру мүмкін емес. Соған қарамастан, қазақта батырлар әулеті деген ұғым бар. Батырдың ұрпағынан батыр шығуы – зергердің баласының зергер болуына ұқсамайды. Зергердің баласы көп жағдайда атасынан үйренген тәжірибе арқылы епті болады. Ал батыр, ең алдымен, бабаларының қанымен дарыған тек арқылы батырлыққа бейім болады.


Қазақтың хас батырлары

Бөгенбай батыр Дүниеге келгені: 1680 жылы Сырдария өзенінің жағасында Қайтыс болғаны: 1778 жылы Ұлты: қазақ Мансабы: Қазақ батыры Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті.

Қабанбай батыр Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

Шапырашты Наурызбай Наурызбай батыр Дүниеге келгені: 1706 жыл Алатаудың баурайында Қайтыс болғаны: 1781 жыл Ұлты: қазақ Мансабы: Қазақ батыры Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.



ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.

Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады. Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен,1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.

Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы 1797 жылы қарт Айшуақты хан етіп бекіту арқылы үкімет ықпалды сұлтандардың билікке жету әрекеттерін тоқтатты. Эссен Кіші жүздің ханы Арғынғазының күшеюінен қорқып, оны хан деп есептемеді. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. 1824 жылғы қабылданған «Орынбор қазақтарының Жарғысы» бойынша кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.

1. Бөліктер Басшылары: аға сұлтандар 3.Ауыл Басшысы ауыл старшины Кіші жүздің Әкімшілік құрылымы 2. Дистанция 54-дистанция болды Басшылары: Ру шонжорлары

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың I жартысындағы дамуында 1822 жылғы қабылданған «Сібір қазақтарының Жарғысы» елеулі рөл атқарды. 1815 жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Бөкей хан 1817жылы, Уәли хан 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін, Орта жүзге хан тағайындалмады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді

Басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Әкімшілік құрылымы мынадай. 1. Округ 15-20 болыс. Басшысы: аға сұлтан 2. Болыс 10-12 ауыл. Басшысы: болыс сұлтаны 2. Ауыл 50-70 шаңырақ. Басшысы: ауыл старшины Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды.

Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.

Округтық приказдың негізгі міндеттері округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; халыққа білім беруге қамқорлық жасау; тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту; қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу; өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу; тергеуді және сот істерін әділ жүргізу; діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу; көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету; сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы 1817 жылы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды 1824 жылы ¥лы жүздің 165 мың адамы Ресей билігін қабылдады 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болыстары өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келсім берді Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалының күшеюінің кепілі: Әскери бекіністер салды (Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.)). Бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. XIX ғасырдың 20-30 жылдары "Азия комитеті" (Қазақстанды отарлау ниетімен) кұрылды.

Ұлы жүз халқына жан-жақтан қысымшылық көрсетті. Ресей ұлы жүзді орта Азия елдерінен азат ете отырып, бекіністерді өз қарамағына алды. Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстан Қоқан Хиуа Ресей

Бекіністер және жауланған аймақтар: 1847 жылы Қапал бекінісіні 1851 жылғы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі 1853 жылы Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қаратылды 1853 жылы Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы күзде Верный 1859 жылы Қастек бекінісі 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ 1860 жылы 4 қырқүйекте Пішпек 1860 жылғы 19-21 қазанда Ұзынағаш 1864 жылғы көктемде Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан 1864 жылғы 22 қыркүйекте Шымкент 1865 жылғы шілдеде Ташкент 1866 жылы Бұхар хандығы 1868 жылғы қаңтарда Қоқан хандығы 1873 жылы Хиуа хандығы

орындаған: Аркабаева Фатима

10038-7-tak.ppt
- Количество слайдов: 44