Дәріс 12. ТЭ 33 А магистралды жүк тепловозы Мазмұны GEVO 12 дизелі төрт тактілі, он екі цилиндрлі, цилиндрлері V-тәрізді орналасқан, 4 500 а. к. қуаты бар, газотурбинді үрлеуі және үрлеу ауасын салқындататқышы бар, экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып, General Electric компаниясының мамандарымен іштен жану қозғалтқышы болып табылады.
МАҚСАТТАРЫ ТЭ 33 А тепловозы 2 ТЭ 10 М тепловозынан айтарлықтай айырмашалығы бар және реттелетін жиілігі бар үшфазалы айнымалы токты қолданумен байланысты анықталған артықшылықтары бар. Қосымша құрылғылардың барлық жетектері үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарды қолданумен жұмыс істейді.
GEVO ДИЗЕЛІ • GEVO (GE Evolution Series) модельді дизельдер экологиялық стандарттар талаптары есебімен General Electric компаниясының мамандарымен, сонымен бірге экологиялық талаптардың тұрақты қатаңдануымен байланысты конструкцияны жетілдіруге арналған платформа ретінде әзірленген.
GEVO 12 дизельдік қозғалтқышының техникалық мәліметтері Жабдықтыі атауы Маркасы Тактілер саны Цилиндрлердің орналасуы Цилиндрлер саны Цилиндр диаметрі, мм Поршень жүрісі, мм Цилиндрдің жұмыстық көлемі, л Сығу дәрежесі . Цилиндрлердің жұмыс реті Клапан механизмі Мәліметтер GEVO 12 4 V-тәрізді 12 250 320 15, 7 ≈17: 1 1 О-1 С-5 О-5 С-3 О-3 С 6 О-6 С-2 О-2 С-4 О-4 С әр цилиндрге 2 енгізу + 2 шығару клапаны Бос жүрістің минималды айналымы, айн/мин 330 Бос жүрістің номиналды айналымы, айн/мин 440
ТЭ 33 А тепловозын құрастыру бойынша негізгі ережелер «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ құрастыру цехтарының негізгі мақсаты болып құрастыру бірліктері – ТЭ 33 А тепловозының түйіндері мен агрегаттарын сапалы және уақытылы дайындау, іске қосу, қалпына келтіру, сынау. Құрастыру бірліктерін сапалы даярлаудың жиынтығы дайын өнім – ТЭ 33 А тепловозының сенімділігін көрсетеді. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ цехтары цехтың бекітілген техникалық сұлбасына сәйкес құрастыру бірліктерін құрастыруды, қалпына келтіруді, тексеруді орындайды
ТЭ 33 А тепловозына жоспарлы сервистік қызмет көрсету және күрделі жөндеу бойынша негізгі ережелер Дайын өнім түйіндері мен агрегаттары құраушыларының қасиеттері жиынтығы тағайындалуына сәйкес жарамдылығын көрсетеді, және өнім спасы деп аталады. Осы қасиеттердің бірі болып – сенімділік табылады. Құрастыру – құраушы бірліктердің немесе барлық локомотивтің орнату және жинау үдерісі. Сенімділік – қолдану, техникалық қызмет көрсету, жөндеулер, сақтау мен тасымалдаудың берілген тәртіптері мен шарттарына сәйкес келетін, берілген шекте орнатылған пайдалану көрсеткіштерінің шамаларын сақтай отырып, нысанның берілген функцияларды орындай алу қасиеті.
Жоспарлы техникалық қызмет көрсету «Локомотив» акционерлік қоғамы, «GE INTERNATIONAL, INC. » және «ҚАМҚОР» жөндеу корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларындағы 2011 жылдың 2 тамызынан бергі «ТЭ 33 А» ( «ES 44 ACI» ) сериялы магистральді тепловоздарына сервистік қызмет көрсету туралы үш жақты келісім шартқа сәйкес дайын өнімнің сервистік қызмет көрсету жүйесі бекітілген уақыт аралығында жоспарлы техникалық қызмет көрсету мен күрделі жөндеуді жүргізуді білдіреді.
Бірінші кезең – Күнделікті техникалық қызмет көрсету Әр сапар алдында бекітілген деполарда жүргізіледі және өзіне келесілерді қосады: - Тепловоздың SDIS жүйесін диагностикалау. - Ауа компрессорын тексеру. - Дизель жұмысын тексеру. - Өрт сөндіру жүйесін тексеру. - Жарық беру құрылғыларын тексеру. - Арбашықты қарау. - Тежеулі рычагты берілісті, колодкаларды және саңылауларды реттеу механизмдерін қарау. - Доңғалақ жұбын қарау. - Автотіркегішті қарау.
Екінші кезең – Тоқсан сайынғы техникалық қызмет көрсету (92 күнде 1 рет) • - Тартым электрлі қозғалтқышын қарау. • - Дизельді салқындату жүйесінің сүзгілері мен майын ауыстыру.
Үшінші кезең – жарты жылдық техникалық қызмет көрсету (184 күнде 1 рет) • • • - Ауа компрессорындағы май сүзгісін ауыстыру. - Құжатнамадағы келтірлгендерге сәйкес аккумулятор батареяларына қызмет көрсетулер жүргізу. - Тартым және көмекші генераторлар коллекторлар, түйіспелі сақиналар мен щеткаларының беттерінің күйін тексеру. - Реостатты тежегіш желдеткішінің генераторы мен қозғалтқыштарын қарау. - Радиаторды тазарту. - Отын багын қарау. - Қар тазартқышты қарау. - Тартым электрлі қозғалтқыштарын қоректендіргіш сымдарды қарау. - Тісті беріліс редукторының жабынын қарау. - Арбашықтың тозуға қарсы пластинасын қарау. - Қажет болған жағдайда букса жағының жақтауын, бүйірлік жақтауын ауыстыру. - Дизель жұмысын тексеру.
Төртінші кезең – жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету (жылына 1 рет) • • - Ауа компрессорының жұмысын тексеру. - Дабыл қаққыш пен қорғау құрылғыларының жұмысының дұрыстығын тексеру. Салқындату жүйесін тексеру. - Бақылау-өлшегіш құралдар мен жабдықтар жұмысын тексеру. - Клапан саңылауын тексеру және қажет болған жағдайда ретке келтіру. Картер жұмысын тексеру. - Тісті беріліс редукторындағы майды ауыстыру. - 5 GEB 30 тартым электрлі қозғалтқыштарын қарау. - Тісті беріліс редукторының кожухы жұмысын тексеру.
Бесінші кезең – әр екі жыл сайын техникалық қызмет көрсету • - Радиатор күрекшелерінде жарықшалардың болуына сырттай қарау арқылы тексерулер жүргізу. Жарықтар табылған жағдайда радиатор желдеткішін ауыстырыңыз.
Алтыншы кезең – әр жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету • - Тартым генератордың, тартқыш желдеткіштердің тартым қозғалтқыштардың және басқа да жабдықтардың мойынтіректерін ТУ GE D 6 A 2 C 5 сәйкес маймен майлау.


