D_1241_ris1.ppt
- Количество слайдов: 26
Дәріс № 1 Тақырыбы: Физиология курсына кіріспе. Жасуша, ультрақұрылымдары, қызметтері. Қызметтердің реттелуі туралы ұғым. Қозғыш тіндер. Биоэлектрлік құбылыстар. Жоспар: 1. Физиология анықтамасы, басқа ғылымдармен байланысы. 2. Құрылым мен кызметтің өзара байланысы. 3. Жасуша, оның ультракұрылымы мен қызметтері. 4. Қызметтерді реттеу туралы ұғым. 5. Қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар.
Физиология, анықтамасы, басқа ғылымдармен байланысы, даму кезеңдері. Физиология (physis - табиғат, logos – ғылым) - жалпы организмнің , оның мүшелерінің , тіндерінің, жасушаларының қызметтерін зерттейтін ілім. Физиология организм қызметтерінің өзара байланыстары мен сыртқы факторлардын әсерін қарастырады.
Физиология организмнің түрлі функцияларын онтогенездік және филогенездік дамуын зерттейді. Физиология биологиялық ғылымдарға жатады. Ол анатомия, гистология, бионика, химия, физика, кибернетикамен тығыз байланысты.
Физиологияның негізгі даму кезеңдері I. Гиппократтан Гарвейге дейін II. Гарвей кезеңі (1628 -1878) III. Павловтың кезеңі IV. Жаңа талаптағы нейрокибернетикалық +
Физиологиялық зерттеулердің әдістері I. Тез тәжірибе а) вивисекция; б) оқшаулау әдісі II. Созылмалы III. Клинико-физиологиялық IV. Қосымша әдістер
2. Құрылым мен кызметтің өзара байланысы Ағза мен мүшелердің кызметі олардын қүрылымдарымен байланысты. Ағза кызметтері мен мүшелер құрылысын біртұтас биологиялық жүйелер тұрғысынан және сыртқы ортамен байланыстырып қарастырған жөн.
Организм тіндерінің түрлері • Эпителий немесе шектес тіні – безді эпителий, тері эпителий, қуыс мүшелердің қабырғалары, эндотелий. • Дәнекер немесе ішкі ортасындағы тіні – сұйық тіндер (қан, лимфа), сүйек, шеміршек тіндер. • Бұлшық ет тіні • Жүйке тіні
Жасуша, оның ультрақұрылымы мен қызметтері • Жасуша - тіршіліктің морфологиялық және функциялық бірлігі. • Жасуша – тіндердің кішкентай бөлшектері. Көбею, метаболизм, қозғыштық, бейімделу касиеттері бар.
Жасушаның негізгі құрылымдары • Ядро - генетикалық ақпараттың негізі • Цитоплазма - жасуша ішкі ортасы, метаболизм үрдістеріне қатысады. • Эндоплазмалық тор – Са++ иондарының көзі. • Рибосомалар - жасуша белоктарының биосинтезіне қатысады • Митохондриялар - энергия көзі • Гольджи аппараты - биологиялық белсенді заттарды шығарады • Лизосомалар - биологиялық макромолекулаларды ыдыратады • Пероксисомалар - бөгде заттарды өзгертеді • Мембрана - жасушаның сыртқы қабығы жәңе жасуша органелларын коршайды
• Мембрананың негізгі бөлімін фосфолипидтердің қос қабаты құрайды. А В А А) Полярлық ұштар фосфолипидтер (гидрофилді), В) Гидрофобты ұштар
Мембрананың белоктары • Ішкі – белок каналдары немесе тесіктері - фосфолипид қабатын тесіп өтеді • Шеткі - жасушаның сыртқы жағына бекітілген - рецепторлар
Мембрана клетки
Мембрананың құрылысы
Мембрананың қызметтері • Тірек, құрылымдық • Тосқауыл, қорғаныс • Биохимиялық реакцияларды реттейді, зат алмасу • Өткізгіштік, тасмалдау • Рецепторлық
Организмнің функцияларының реттелуі 1. Жүйкелік реттелу Рефлекс, рефлекстік доға ОЖЖ-нің қатысуымен өтеді. 2. Гуморалдық реттелу Қандағы химиялық заттардың қатысуымен өтеді. 3. Метаболикалық реттелу
4. Өзін-өзі реттелу – тіршілік үшін маңызды процесті белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті. Қазіргі уақытта қызметтердің реттелуінің бірлік нейрогуморальдық процесс деп қарастырады және креаторлық байланыстарда аса маңызды роль атқарады.
Қозғыштық – бұл тірі тіндердің тітіркендіргіштерге қозу үрдісімен жауап беруі. Қозу – бұл физиологиялық, биофизикалық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістермен сипатталатын тіндердегі күрделі үрдіс.
Қозу кезіндегі қозғыштықтың өзгеру кезеңдері 1. Абсолюттік рефрактерлік кезең (АРК) Бұл кезеңде тін ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы: - жүйке талшығында – 1 -2 мсек; - бұлшықетте – 4 -5 мсек; - мионевралды синапста – 8 -10 мсек. 2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады. 3. Супернормалды кезең. Бұл кезеңде, тін, табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді. 4. Субнормалды кезең. Бұл кезеңде тіннің қозғыштық қасиеті күрт төмендейді де, табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.
Мембраналық потенциал (МП) Мембраналық потенциал – бұл жасуша мембрана беті мен оның протоплазмасы арасындағы потенциалдар айырмасы. Мембрананың сыртқы беті «+» зарядталған; Мембрананың ішкі беті «-» зарядталған. Бұлшық ет талшығының мембраналық потенциалының мөлшері: - 60 – - 90 мв.
Иондар мөлшері Жасуша ІШІ Сырты К 150 ммоль/л 4 – 5 ммоль/л Nа 14 ммоль/л 140 ммоль/л
Әрекет потенциалы (ӘП) Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңіндегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).
Әрекет потенциалы кезеңдері 1. Жергілікті жауап. 2. Деполяризация. 3. Реполяризация. 4. Теріс іздік потенциал. 5. Оң іздік потенциал.
Әрекет потенциалы мен тін қозғыштығы кезеңдерінің ара қатынасы І - әрекет потенциалы. ІІ - тін қозғыштығы.
D_1241_ris1.ppt