ФГЗ эфир майы.ppt
- Количество слайдов: 39
Дәрілер технологиясы кафедрасы Тақырыбы: Эфир майын алу. Орындаған: Әжімаханова Е. М. Тобы: 509 фк www. themegallery. com
Жоспар v v v v v І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім А) Хош иістер. Эфир майы туралы түсінік В) Эфир майының өсімдікте пайда болуы С) Эфир майы мен эфир-майлы шикізатты жіктеу Д) Эфир майларын алу. Алу тәсілдері, аппаратуралар. Е) Эфир майларын зерттеу және стандарттау Г) Құрамында эфир майы бар өсімдіктер, қолдануы ІІІ Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Көптеген ғасырлар бойына адам хош иістің құпиясын тануға, оны иістенуші өсімдіктерден алуға және өзіне қызметке қоюға ұмтылды. Хош иістерді біз бала кезімізден пайдаланамыз, біз бұны арнайы оқуға немесе терминдерге мұқтажсынбай, қарапайым және табиғи жасаймыз. Сарымсақтың ұшы, жалбыз немесе жөке қосылған шай, үгілген лимон қабығы, әлбенмен шаю, жас раушан шоғы. Хош иістер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі.
Эфир майлары дегеніміз… v Алайда… кесілген раушан тез солады және өз қасиетін жоғалтады, ақгүл жапырағы құрғап кетеді, ал қардың астынан жалбыз жапырақтарын таба алмайсыз… Сөйтіп, адамдар өсімдіктер иістерін жинауды және олардың сиқырлы қасиеттерін ұзақ сақтауды үйренді. Эфир майлары түрінде хош иістер көп шоғырланып, қолдануда ыңғайлылық алды. v Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды.
. Көңіл-күй Иіс сулар Хош иістер Денсаулық Ем Аром. май Профилактика жақпамайлар Аромотеропия жайлылық Дәм Комфорт Ваниль ауа Тазалағыш заттар Ароматты майлардың қолдану салалары: Тұрмыс, Медицина, Парфюмерия, Кулинария. Тәттілер
Эфир майлары… v Сұйықтарда материалданған хош иістерді эфир майлары деп атайды. v Ал ғылым тұрғысында эфир майлары – бұл эфир майлы өсімдіктер шығаратын терпендерді, спирттер мен альдегидтердің, кетондардың және басқа көміртегілердің көп компоненті, органикалық қосылыстары. v Қазіргі уақытта 200 жуық әртүрлі эфир майлары белгілі. Олар сауатты пайдаланған кезде айқын көрінетін емдік әсер көрсетеді және жанама әсерлері жоқ. v Эфир майының химиялық құрамы өте күрделі. Эфир майының құрамына кіретін әртүрлі органикалық және органикалық емес заттардың саны 120 бастап 500 дейін жетеді.
v Эфир майы – мөлдір, түссіз немесе өзіндік иісі мен дәмі бар жеңіл боялған сұйықтық. v Олар майлы емес, бөлме температурасында булана отыра, өсімдік майларымен салыстырғанда, қағазда майлы дақ қалдырмайды. v Егер эфир майының түсі болса, тек жеңіл бояу ғана байқалуы мүмкін.
Эфир майларының өсімдіктерде пайда болуы… v Эфир майы өсімдікте көбінесе бос күйінде кездеседі, бірақ кейбір өсімдіктерде гликозидтер күйінде болады және олардың ферментативті ыдырауы нәтижесінде босайды. v Олар өсімдіктердің барлық бөліктерінде кездеседі, бірақ сандық мөлшері әр өсімдікте әрқалай. v Өсімдіктің жапырақтары, гүлдері, жемістері мен тамырларында эфир майының ең көп мөлшері түзіледі.
Эфир майлы өсімдіктер шикізаттарын жіктеу… Бициклды монотерпендер Сесквитерпен- дер Ароматтық қосылыстар Ациклды монотерпендер Моноциклды монотерпендер
v Ароматты өсімдіктер және эфир майлары – египет дәуіріне дейінгі кезеңдерден бастап белгілі болған. v Эфир майлары - дәстүрлі ритуалдардың ажырамас бөлігі ретінде қаралды. v Қазіргі күнде тибет монастырларында отқа аталмыш майларды құю, Европа елдерінде ладан шегу кең таралған.
Эфир майларын алу. . . v Эфир майларын алу процессі бірнеше мыңжылдықтардан бері келеді. v Май сапасы - шикізатты өңдеу, оны сақтау жағдайларына, өсімдіктің өскен жеріне байланысты. v Эфир майларын алудың бірнеше жолдары бар.
Эфирлі ароматты майларды – үш типті заттардан алады: Өсімдіктер Жануарлар Эфир майларын алудың негізгі көзі - өсімдіктер болып саналады. Ароматты майларды өсімдіктерден алу үшін оның тамырынан бастап гүлдеріне дейін бар бөліктері қолданылады. Олардың кейбірлері ғана жағымды иісті. Синтетикалық жүпар заттар
Қолданылатын өсімдіктер түрлері: Шөбі – эстрагон, шалфей, жалбыз, т. б. Инелері мен бұтақтары – шырша, сосна, кипарис, пихта, т. б. Тамыры – имбирь, ирис, т. б. Жеміс қабығы – бергамот (алмұрт сорты), лимон, апельсин, т. б. Жапырақтары мен сабақтары – чабрец (тимьян), эвкалипт, герань, пачули, лаванда, жалбыз, розмарин. Гүлдері – раушан, тубероза, гвоздика, қалампыр, т. б. Жемістері мен тұқымдары – бұрыш, миндаль, ваниль, анис, мускатты жаңғақ, т. б. Ағашы – сандаль ағашы, кедр, сосна. Қабығы – қайың, т. б. Мох – емен, т. б.
Эфир майларын алу жолдары… Су буымен айдау; Add Your Text in here Сығымдау арқылы; Тұндыру арқылы; Жұтылу әдістері; Экстракциялау; Криогенді әдістер; Механикалық жолмен алу.
Су буымен айдау әдісі… v Бұл әдіс ежелден белгілі. v Су буының өсімдік шикізатынан ұсақ ұшқыш эфир майлы тамшыларын аулауға негізделген. v Өсімдіктің майдаланған бөліктерін бумен өңдегенде эфир майлары оның бойынан босап шығып, бумен қосылып жоғары көтеріледі. Салқындатқыш аппаратқа келіп түскен бұл қосылыстан эфир майы судың үстіне бөлініп шығады. Себебі, ол судан жеңіл. Осылай 100ºC температурада суды қыздыру арқылы қарапайым жолмен эфир майын бөліп алуға болады.
Су буымен айдау арқылы көптеген өсімдіктердің эфир майларын бөліп алуға болады. Ол жағдайлар: температура, қысым, процесстің жүру уақыты. Егер, қысым мен температура жоғары болса, эфир майы көп бөлінгенімен, сапасы төмендейді. Алайда, әдістің бір кемшілігі - әр шикізатты айдау үшін әртүрлі жағдайларды экспериментальды таңдау керек. Аз ғана өнім. Шикізаттың мөлшерінің шектеулігі. Әдістің артықшылығы – қарапайым, айдау уақытының қысқалығы, май сапасының жақсылығы.
Клевенджер аппараты… v Өсімдік шикизатынан эфир майы Мемлекеттік Фармакопеяда берілген методика бойынша Клевенджер аппаратында алынады және әрі қарай оның компоненттік құрамы хромато-массспектрометрия әдісімен зерттелінеді. Мысалы, Жусан эфир майы (Artemisia serotina) осы аппарат арқылы алынады.
Бумен дистилляциялау әдісі…
Сығымдау әдістері: центрифугалау, суық пресстеу… v Құрамында үлкен көлемде эфир майы бар шикізаттарға қолданылады. Мысалы, цитрусты жемістер. Оларды қабығынан тазалап сумен араластырады да, қысыммен әсер етеді. v Қыздырмайды, себебі ұшқыш заттар жоғалып кетеді. v Жеміс пестицидтермен өңделмеген болуы керек, себебі, у майға тікелей өтіп кетеді. v Бұл жолмен: Вивасан Лимон, Апельсин, Авокадо, Жожоба эфир майларын алуға болады.
Гидролат аппарат…
Тұндыру әдістері: мацерация және анфлераж… Негізделген: эфир майларының майлы майлар мен майларда еруіне 70°C Эфир майларын белгілі температураға дейін қыздырылған майлардың құрамынан алады. Әдіс жұпар иісті гүлдерді өңдеп, эфир майын алуда қолданылады
Эфир майларын стандарттау және зерттеу… v. Эфир майлары келесідей сенімді нормативті құжаттар талаптарына сай болуы тиіс: ISO- халықаралық стандарттау ұйымы; IFRA – Халықаралық ароматикалық ассоцияция және МФ. EOL – Америкалық эфир майларының ассоцияциясы;
Эфир майлары үшін, олардың физико-химиялық қасиеттеріне қарай өзі екендігін және қауіпсіздігін анықтайды. Алдымен, эфир майларының органолептикалық, кейін физикалық және химиялық константаларын анықтайды.
Эфир майларының анализі… Эфир майларының анализі Органолеп тикалық қасиеттері н анықтау Бөтен қоспаларды анықтау Сандық көрсеткіштерін анықтау түсі; мөлдірлігі; иісі; дәмі Спирт; майлы және минералды майлар; су Физикалық константалары: қатаю температурасы; тығыздық; рефракция; поляризация айналу бұрышы. Химиялық константалары: қышқылдық саны; эфир саны; ацетилдеуден соң эфир саны
Дәмін фильтр қағазына 1 мл қант ұнтағын, 1 мл эфир майын тамызып тіл ұшымен тату арқылы анықтайды. Иісін фильтр қағазына эфир майын тамызып, оны бір сағат бойы салыстырмалы эфир майы бар фильтр қағазымен кезек иіскеп көріп салыстыру арқылы анықтайды. Түсін диаметрі 2 -3 см цилиндрге 10 мл эфир майын құйып, өткінші жарықта анықтайды.
Лаванда майы v Лаванда майын құрамында 30% эфир майы бар гүлдері мен шөбінен алады. v Иісі сергіткіш, тәтті. v Эфир майы өте қатты тәтті иісі мен ащы дәмімен ерекшеленеді. v Лаванда эфир майының құрамында – линалилацетат, альдегид, кумарин, лимонен, валерьян, май қышқылы. Витамин А, В, Е кездеседі.
Кедр майы Суыққа қарсы профилактикалық зат болып табылады. Тыныс алу жолдары инфекциясында қолданылады. Сергітетін әсері бар. Кедр эфир майының құрамы: линол қышқылы - 36%, линолен - 16%, олеин - 26%, фосфор, калий, магний, марганец, мыс, мырыш, кобальт, йод. Онда 5% азотты заттар бар. Оның 90% аминқышқылы, аминқышқылдарының 70% алмаспайтын аминқышқылы. Витамин С, А-ға бай.
Апельсин (“алтын алма") Эфир майының көп шоғырланған жері – жемістерінің қабығы. Аромат - жеңіл, жағымды-тәтті. Қолданылуы: Көңіл-күйді жақсартады, депрессияны тыныштандырады, қорқынышты басады, нервжүйесін тыныштандырады. Организмнің инфекцияларға қарсы тұруын күшейтеді, бактерицидті және антисептикалық қасиеті бар. Қан айналымды жақсартады. Пигментті дақтарды кетіруге қабілетті. Қол терісінің жасаруына ықпал етеді. Терінің нәзіктігін жоғарылатады. Күн көзіне тез әрі анық күйгіңіз келсе, Апельсин эфир майын қолдануыңызға болады!!! !!!Қарсы көрсетілімдер: Цитрустық препараттарды индивидуальді көтере алмаушылық. Күн көзіне шығар алдында апельсин эфир майын пайдаланбаған абзал!
Лимон Ароматы - салқын, сергіткіш, ащылау. Қолданылуы: - Вегетативті нерв жүйесі үшін сергітетін, ОЖЖ-не седетативті әсер береді. Қан тоқтататын. Қылтамырларды нығайтатын, иммунитетті ынталандыратын, вирусқа қарсы, ыстықты басатын, қабынуға қарсы, кардиотоникалық, ревматизмге қарсы эффекттері бар. Жараның тез жазылуына, теріні тегістеуге, жаңартып ағартуға, шашта қайызғақты алып тастауға, тырнақтың сынғыштығын азайтуда, қышуға қарсы қолданылады. - Зат алмасуды реттейді - теріге тазалық пен жаңару сезімін береді. !!!Қарсы көрсетілімдер: Күн қауыздарын қабылдағанда лимон эфир майын қолданбаған абзал! Цитрустық көтере алмаушылықта және гипотонияда қолданбаңыз!
Жалбыз Жалбыздың емдік қасиеті 3000 жыл бұрын Египетте белгілі болған. Кейін Қытай, Жапонияда тарала бастады. Римде жалбыз иісі көңіл-күйді көтеретін, қарым-қатынасты жақсартатын қасиетін жақсартады деп білген. Жалбыздың эфир майы – тек сұлулардың қолданылатын майы деп есептелінеді. Қолданылуы: - адамның есте сақтау қабілетін жақсартады; - Шаршауды басып, бас ауруына ем бола алады; - Теріні тегістейді; - ағартады; - терінің май алмасуын реттейді. !!!Қарсы көрсетілімдері: Гомеопатиялық ем қабылдағанда қолдануға болмайды. Екіқабаттылық кезінде абайлап қолдану керек.
Раушан Өте бағалы эфир майы. Ежелгі Египет тұрғындары бактерияға қарсы зат ретінде қолданған. Ароматы: өткір, сергітетін Қолданылуы: -теріні жасартады; -пигментті дақтардың жойылуына ықпал етеді; -зат алмасуды реттейді; -қанайналымды реттейді. !!!Қарсы көрсетілімдер: индивидуальді көтере алмаушылық, үш жасқа дейінгі балаларға және екіқабат әйелдерге қолдануға болмайды. Қолданар алдын міндетті түрде көтере алмаушылыққа тест жүргізіп көріңіз!
Қорытынды Эфирмайлы өсімдіктерді және олардың компоненттік құрамын, биологиялық белсенділігін зерттеу өте өзекті, әсіресе Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу маңызды, себебі Қазақстан флорасы эфирмайлы өсімдіктерге бай. Ал біз білеміз бұл өсімдіктерден бөлінетін маңызды биологиялық белсенді заттар, эфирмайлары үлкен практикалық маңыздылыққа ие. Атап айтқанда, олар тамақ, косметика, фармацевтика өндірісінде, сондай -ақ медицинада, ароматерапияда кеңінен қолданылады. Эфир майларын Ежелгі Египет сияқты елдерде қасиетті май ретінде қолданған. Оны алу ғасырлар бойы зерттеліп, дамып келе жатқан көптеген еңбектердің жемісі десе де болады. Эфир майларын күнделікті қолдану сіздің әрі жас әрі балғын қалпыңызды сақтауға, көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына, ғажап әлемнің керемет құпияларын ашуға деген ынтаңызды арттыра түсетініне кепілдік береді. Бастысы – сіздің жан дүниеңізге жағатын өз эфир майыңызды жаңылмай таба алсаңыз болды! Өмірдің тылсым сұлулықтарын бірге ашайық!!!
Әдебиеттер тізімі: 1. Фармакогнозия Патсаев Қ. А. Шымкент-2011 жыл 2. Фармакогнозия Д. А. Муравьева Москва – 1978 год 3. Е. М. Сулейменов, T. Ozek, F. Demirci, B. Demirci, K. H. C. Baser, С. М. Адекенов, Химия природ. соедин. , 1, 104 -106 (2009) Text in here 4. Ye. M. Suleimenov, G. A. Atazhanova, T. Ozek, B. Demirchi, S. M. Adekenov, K. H. C. Basher, Химия природ. соедин. , 5, 381 -384 (2001) 2004 5. Государственная Фармакопея СССР, 11 издание 6. Е. М. Сулейменов, А. В. Ткачев, С. М. Адекенов, Состав эфирного масла некоторых видов полыней, Химия природ. соедин. , 2010 [Chemistry of Natural Compounds, Vol. 46, No 1, 2010, 135 -139] 365 7. Интернет
www. themegallery. com
ФГЗ эфир майы.ppt