D_1199_niezh_1199_zilik_sauda__1201_yymy.pptx
- Количество слайдов: 16
Дүниежүзілік сауда ұйымы • • Жоспар: ҚазақстанныңДСҰ-на кіруінің артықшылықтары мен кемшіліктері • Қазақстан Республикасының ДСҰ кіру жөніндегі келіссөз процесінің барысы
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол бұрынғы ГАТТ-тың орнын баса отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Ол мамандандырылған мекеме болып табылмайды, бiрақ онда Бiрiккен Ұлттар ұйымымен тетiктер және ынтымақтассудың тәжiрибесi бар. ДСҰ-ның басты міндеттері халықаралық жүйеде мемлекеттер арасында сауда жөніндегі келісім шарттарды белгілеу және оны қадағалау, мемлекеттер арасында дау дамайларды шешуде көмегін тигізу және сауда саттық қарымқатынастарды ұйымдастыру болып табылады. Осы қызметтер негізінде ДСҰның 60 келісім шарттары қарастырылған – халқаралық коммерция ме сауда саясатының негізгі құқықтық нормалары. Мұндай келесім шарттардың принциптеріне дискриминацияның жоқтығы(ұлтқа өз септігін тигізетін және қамтамасыз ететін режим), еркін сауда шарттары, бәсекелестікті кеңейту және дамушы елдерге қосымша жағдайлар жасау жатады.
ҚазақстанныңДСҰ-на кіруінің артықшылықтары мен кемшіліктері Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар. Бiр жағынан, ДСҰ-ға мүше елдер үшін арзан импорт және шикізат қол жетімді болады, ал тұрғындарға арзан тауарлар мен қызметтерге жол ашады. Бiрақ, бұдан жалпы экономиканың ұтатындығына қарамастан, кейбір салалар зардап шегіп қалуы мүмкін. Қазақстан экономикасын ДСҰ-ға кіргеннен соң не күтедi? Тәуелсiз срапшылар пікірінше еле жаппай өзгерулер орын алады. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырайды, өйткені шетелдік өндірушілер төмен кедендік баж салығымен отандық нарыққа еркін еніп, олармен бәсекеде жеңілуі мүмкін. Десек те, Қазақстан неліктен ДСҰ-ға кіруге асығады? Бұнда барлығы аз да болса түсінікті: билік өкілдері дүние жүзілік экономикаға одан да терең ықпалдастық жасау арқылы ІЖӨ өсімінің қарқынын жылдамдатамыз деп есептейді. Бұның мәнісі, халықаралық сауданың дүниежүзілік экономикаға қарқын беретіндігінде, сондай-ақ, жаһанданудың басқа аспектілерін өзімен бірге ілгерілететіндігінде. Осы сөздерді растау үшін статистиканы келтірсек: соңғы 50 жылда өндіріс өнімдерінің дүниежүзілік сауда мөлшері 17 есеге өсті, ал дүние жүзілік өндіріс мөлшерінің өзі 6 есеге ұлғайды. Және де, соңғы 10 жылда дүние жүзілік сауданың жыл сайынғы өсу қарқыны 6, 5%-ға жетті, ал жиынтық ІҰТ тек 2%ға өсті
Сонымен қатар, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы ғаламдық транзиттік делдал болуға ұмтылуда, ал ДСҰ-ға нақты мүшеліксіз бұл ұмтылыс сенімсіз көрінеді. Саудадағы шектеулерді жою да маңызды саналады. Атап айтсақ, АҚШ-та КСРО-мен қарсылық кезінде енгізілген Джексон-Вэник түзетуі. Бұл туралы жоғарғы деңгейдегі американдыққазақстандық кездесулерде жиі айтылады, ал 2009 жылғы наурыз айының басында Қазақстанның бас раввині Ешая Коген АҚШ-қа барған іссапары кезінде түзетулерді жою туралы өтініш жасады. Бірақ, АҚШ тарабы уәделерден әрі қарай «барлығын ойластыруға» бармай отыр. Бұнымен қоса, ДСҰ ережелеріне сәйкес, ұйым мүшесі ұйымның барлық мүше-елдерімен бірге кедергісіз сауда жасау режиміне қол жеткізеді. Сондықтан, нафталин иісі бар түзету автоматты түрде жойылады. Және де тағы бір артықшылық: ДСҰ-ның бір мүшесіне ұсынылған жеңілдіктер ұйымның басқа мүшелеріне де автоматты түрде тарайды.
Келіссөз үрдісінің жұртшылыққа ерекше, кездейсоқ деп жарияланғандығы басқа мәселе. Бұнымен келіспеуге рұқсат етіңіз. Неге? Нақты мысал келтіріп, қарастырып көрелік. Өткен жұма күні, Қаз. ТАГ тілшісі хабарлағандай, ҚР Экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың бастамасымен қазақстандық делегация Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобының 11 -ші отырысына қатысу үшін Женеваға кетті. Біздің кандидатурамызды қолдауға уәде берген АҚШ, Қытай, Бразилия, ЕО және басқа елдердің өкілдері Қазақстан делегациясын қарсы алды. Шындығын айта кету керек, бұндай сапарлар тек техникалық сипаттамаға ие. Яғни, ДСҰ-ға кіру арқылы біз басқа мүшелермен кедендік баж салығы туралы келісетін боламыз. Мысалға, жақын арада Еуразиялық одаққа өзгертілетін Кедендік одақ үрдісі жалпы алғанда айқын саяси астары бар техникалық үрдіс болып келеді. ДСҰ-ның құрылуы тарихы үрдістің таза техникалық сипаттамасын білдіреді. Ол 1947 жылы 23 мемлекет Сауда және тарифтер бойынша бас келісім (СТБК) жасалғаннан кейін құрылды. 1990 жылы. СТБК құрамында 90 мүше-ел болды, ал 1995 жылы СТБК-ның ісін жалғастырушы ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) құрылды. Бүгінгі таңда ДСҰ-ға 145 ел мүше, және тағы 30 мемлекет оның құрамына кіруге ниет білдірді.
Бірінші жол – бұл ешқайда асықпау, ДСҰ-ға кірудің барлық жағдайларын талқылау. Осылай жасаған ел – Қытай, оның ДСҰ-ға кіруінің үрдісі 15 жылдан астам уақытты алды. Пекин келіссөздер кезінде 84 позициядан басқа өз тауарларының барлығына «экспортқа қатысты қолданылатын барлық салықтар мен жиындарды» жоюға уәде берді. Олардың қатарында 9 шикізат материалдары үшін экспорттық шектеулер бар, олар - бокситтер, кокс, флюорит, магний, марганец, металл кремний, кремний карбиді, сары фосфор және мырыш. Қытай биліктегілерінің пікірінше, бұл шикізаттар болатбалқыту өндірісі, аллюминий және химиялық өнеркәсіптерінде маңызды орын алады. Олар уәдені беруі берді, ал сөзінде тұрған жоқ. 2009 жылдың жазында ЕО және АҚШ ДСҰ-ға қытайлық экспорттық шектеулерге қарсы наразылық білдірді. Олардың айтуынша, осы шектеулер қытайлық компанияларға басымдық береді, ал американдық және еуропалық компанияларға проблемалар әкеледі. Пекин экологиялық жағдайға сілтеме жасап жылдам жауап қатты. Ал шын мәнінде бұл проблема таза экономикалық сипаттамаға ие. Қытай үлесіне кокстың дүние жүзілік өндірісінің 60% келеді, және ол қалған жоғарыда аталған материалдардың негізгі жабдықтаушысы болып табылады. Ал экспорттық шектеулер Қытайға осы материалдардың ішкі бағаларын ең төменгі деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Бұл дүние жүзінің қалған елдерінде ұсыныстардың азаюына және олардың бағаларының дүние жүзілік нарықта өсуіне әкеледі.
Екінші жол – бұл ДСҰ-ға кіру үрдісін жылдамдату. Осылай кезінде Қырғызстан, Молдова және Грузия жасады. Қырғызстан 1998 жылы 14 қазанда ДСҰ-ның мүшесі болды, ал кіру үрдісінің өзі 3 жылға созылды. Республика асыққандықтан ДСҰ-ға басқа мүше елдерге жол берулеріне тура келді, ал бұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Бұның нәтижесінде, аграрлық сала мен өнеркәсіп зиян шекті. Елді импорт жаулап алды, ал қырғыз өнімі олармен баға және сапа бойынша бәскелесе ете алмай қалды. Бұл кәсіпорындар мен фермерлердің күйреуіне, өндірістердің қысқартылуы мен жойылуына, бюджетке түсетін салықтың бірден азаюына әкелді. Грузия мен Молдова шетел инвестициясының ағылуы мен экономикалық басымдықтарға ие болған жоқ. Молдованың ауыл шаруашылығының машина құрылысы, темекі жасау және шарап ашыту индустриясының күйреу қаупі бар. Дегенмен де, ДСҰ-ға кіру Халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті арттыруға және экономикаға тиімді көп жақтарға мүмкіндік беретіні анық. Оған ұлттық заңнамаларды жүзеге асыру(Салық-салымдары, кедендік қадағалау, бәсеке саясаты, стандартизация және сертификация) арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасының ДСҰ кіру жөніндегі келіссөз процесінің барысы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру процесі 1996 жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның ДСҰ Хатшылығына ДСҰ-ға кіру туралы ресми өтінішін беруінен басталды. 1996 жылдың ақпан айында Қазақстанға ДСҰ-дағы бақылаушы ел статусы берілді. Мұнымен бір уақытта Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қазіргі кезде ДСҰ-ның 40 мүше елдері кіреді. Жұмыс тобының төрағасы болып БҰҰ-дағы және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардағы Финляндия елшісі Веса Химанен болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі негізгі төрт бағыттар бойынша көп жақты және екі жақты деңгейлерде келіссөздер жүргізеді: 1. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер. 2. Ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі келіссөздер. 3. Тауарлар рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер. 4. Қызмет көрсетулер рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер.
I. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер: Жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде ДСҰның барлық мүдделі мүше елдерінің қатысуымен, Қазақстан сыртқы сауда режимінің және сыртқы сауда заңнамасын олардың ДСҰ-ның көп жақты саудалық келісімдерге сәйкестігі мәнін қарастыру, сондай-ақ ұлттық заңнаманы ДСҰ-ның нормалары мен ережелеріне үндестіру үшін қажет шараларды белгілеу мақсатында жүргізіледі.
II. Ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі келіссөздер Ауылшаруашылығына экспорттық жәрдем ақшалар мөлшері мен ішкі қолдау шаралары жөніндегі арнайы көп жақты келіссөздер шеңберінде жүргізіледі.
жетімділік жөніндегі келіссөздер ДСҰ-ға мүше елдермен импорттық кедендік баж салықтарын байланыстырудың ең көп деңгейін анықтауды және келісуді қосады, ол бойынша Қазақстан ДСҰ-ға қосылғаннан кейін оларды пайдалану құқығына ие болады.
IV. Қызмет көрсетулер рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер Қазақстан рыногына шетелдік жеткізушілердің қол жетімділік шарттарын келісу мақсатында жүргізіледі. Бүгінгі күні Қазақстан Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Жұмыс тобының 10 отырысын өткізді:
Бүгінгі таңда Қазақстан ДСҰ-ға кіру аясында ДСҰ-ның 22 мүше елдерімен қазақстандық тауарлар мен қызметтер нарығына қол жетімділік жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау туралы хаттамаларға қол қойды: • Қырғызстан Республикасымен (25 желтоқсан 2003 жыл); • Грузиямен (11 қараша 2004 жыл); • Пәкістан Ислам Республикасымен (5 маусым 2005 жыл); • Түркиямен (15 тамыз 2005 жыл); • Қытай Халық Республикасымен (31 тамыз 2005 жыл); • Корея Республикасымен (14 қазан 2005 жыл); • Оман Сұлтандығымен (20 қазан 2005 жыл); • Жапонямен (23 қараша 2005 жыл); • Кубамен (13 желтоқсан 2005 жыл); • Америка Құрама Штаттарымен (15 желтоқсан 2005 жыл); • Норвегиямен (25 сәуір 2006 жыл); • Гондурас Республикасымен (28 шілде 2006 жыл); • Доминикан Республикасымен (4 қазан 2006 жыл); • Болгариямен (6 қазан 2006 жыл). • Швейцариямен (2 қараша 2006 жыл); • Египетпен (7 қараша 2006 жыл); • Израиль мемлекетімен (27 ақпан 2007 жыл); • Бразилия Федеративтік Республикасымен (23 сәуір 2007 жыл); • Малайзиямен (21 желтоқсан 2007 жыл); • Канадамен (13 ақпан 2008 жыл); • Австралиямен (11 желтоқсан 2008 жыл); • Индиямен (24 қаңтар 2009 жыл).
Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-ға бірыңғай кедендік одақ болып кіреді Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына Бірыңғай кедендік одақ құрамында кіретін болады. ДСҰ-ға бірыңғай кедендік аумақ ретінде қосылу туралы шешім Ресей, Беларусь және Қазақстанның Үкімет басшылары келіссөздерінің қорытындылары бойынша қабылданды. Бұл үш елдің өздеріне ДСҰға кірудің бірыңғай шарттарды қорғайтындықты білдіреді.
Орындаған: Тексерген: Тобы: Алматы 2013
D_1199_niezh_1199_zilik_sauda__1201_yymy.pptx