СБЛ педиатрия.ppt
- Количество слайдов: 23
CBL Нейроинфекция
Клиникалық жағдай • 13. 11. 2013 жылы, сағат 7: 00 -де Семей қаласы, Цементная көшесі-29, 4 -пәтерінен жедел жәрдемге шақырту келіп түсті. 5 жастағы бала, дене температурасы 3940°С, тырысулар болған.
Қандай сұрақтар қажет?
• 1. Инфекционды науқаспен қатынаста болды ма? • Алғаш симптомдар қашан пайда болды? • Аурудың басталуы жедел ме? (кенеттен пайда болған қалтырау, дене температурасының жоғарылауы және т. б) • Қызбаның уақыты мен сипаты? • Науқасты бас ауруы мазалай ма? ( ауырсыну бірнеше сағат бойы сақталады және шыдатпай ауырсыну) • Бас ауруымен қатар жүрек айну және құсу жүре ме? • Теріде бөртпелер бар ма?
Anamnes morbi Осыдан 1 апта бұрын біраз тұмауратып, әлсіздік сезінген. Басы, бұлшық еттері ауырған.
• Бала Р, 5 жаста, жедел ауырды, бүгін таңертең қатты басы ауырып, бірнеше рет құсып, дене температурасының 3940°С-қа дейін көтерілді, біраздан кейін жүрегі қатты соғып, ентігіп, тырысулар пайда болды. Анасы жедел жәрдем шақыртты.
Anamnes vitae • Бала 2 -ші жүктілік, 2 -ші босанудан. Туғандағы салмағы 3450 гр. Бойы 48 см. Жүктілік асқынусыз, дамуы өз жасына сай. Басынан өткерген аурулары: жылына бірнеше рет ЖРВИ, 3 жасында желшешекпен ауырған. Аллергоанамнез – теріс.
Қарау кезінде неге көңіл аударасыз?
Көңіл аударатын жағдайлар: • Жалпы жағдайы: есі, тынысы; • Психикалық статусы: галлюцинация, психомоторлық қозу; • Визуальды бағы: тері жабындыларының гиперемиясы немесе бозаруы, петехиальды бөртпелердің болуы; • Пульстің сипаты, АҚҚ, ЖЖС, ТАЖ анықтау; • Дене температурасын өлшеу.
Объективті көріністер • Қараған кезде температурасы 39, сопор типі бойынша есі жоғалған, пульсі минутына 130, АҚ 90/60 мм. сын. бағ. Бөксе, жамбас, тізе аймағында геморрагиялық бөртпелер анықталды. Желке бұлшық еттердің ригиттілігі 4 см. Керниг симптомы оң. Төменгі Брудзинский симптомы оң. Неврологиялық статуста: қарашық D=S, Манн Гуревич симптомы оң. Аяқ-қолдың парезі жоқ. Шеміршек рефлексі біркелкі серпімді. Терісі ыстық, құрғақ, беті гиперемирленген, ісінген, склера тамыларының инъекциясы, жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Аранында– жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемирленген және дән тәрізді. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, ТАЖ-30 рет минутына.
Клиникалық синдромдарды бөліп көрсетіңіз?
Гипертермиялық синдром Температурасы 39 -40°С, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік (балада ақ қызба)
Интоксикациялық синдром Қызба 39 -40, бұлшықеттерінің ауырсынуы, бас ауруы, құсу, жүрек тондарының тұйықталуы, гипотония
Тырысу синдромы Тонико-клоникалық тырысулар
Менингеальді синдром • Бас ауруы, қызба, құсу, желке бұлшықеттерінің кернеулігі, Керниг, Брудзинский симптомдары.
Ми ісіну синдромы сопор типі бойынша есі жоғалтылған Манн Гуревич симптомы оң
Токсикалық инфекциялық шок синдромы • • АД 90/60 мм с. б. б. Пульсі 130 рет/мин Олигоурия Бозару
Респираторлы синдром Жөтел, гиперемия және жұтқыншақтың артқы қабырғасының дән тәрізденуі, ТАЖ-30 рет минутына
Сіздің болжам диагнозыңыз кандай?
Менинг т, менингоэнцефалит
Шұғыл жағдайдағы көмек
• Литикалық қоспа: папаверин 2% - 0. 1 мл/жасына, анальгин 50%-0, 1 мл/жасына, димедрол 1% -12 мл/жасына б/етке Лазикс 1% -1 мг/кг • Диазепам 0, 5% 0, 05 мл/кг • Преднизолон 3%- 2 мг/кг к/і;
Интенсивті терапия бөліміне жедел госпитализациялау
СБЛ педиатрия.ppt