такырып 6 - IAS - 19.ppt
- Количество слайдов: 18
CАБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Міндеттердін есептілігінің стандарты 19 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР
СҰРАҚТАРЫ: • 19 (IAS) ХҚЕС «ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР(ҚБС)» мақсаты және негізгі аңыктамалары; • Еңбек ақының аңықтамасы және олардың жіктелуі; • Еңбек ақы есептеу.
1 – СҰРАҚ 19 (IAS) ХҚЕС «ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР(ҚБС)» мақсаты және негізгі аңыктамалары
19 (IAS) «ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР» МАҚСАТЫ 1. Есеп тәртібін орнату және қызметкерлерге берілетін сыйақы туралы ақпаратты ашу болып табылады. 2. Стандарт ұйымнан мыналарды тануды талап етеді: • а) міндеттемені – егер қызметкер болашақта төленуі тиіс сыйақы орнына қызмет көрсеткен жағдайда; • b) шығысты – қызметкердің сыйақы орнына қызмет көрсету нәтижесінен шығатын ұйымның экономикалық пайданы пайдаланған жағдайда.
НЕГІЗГІ АҢЫҚТАМАЛАР Қызметкерлерге берілетін сыйақы – ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар – (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы.
НЕГІЗГІ АҢЫҚТАМАЛАР Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақыларын қоспағанда). Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары – ұйымның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған ресми немесе ресми емес келісімдері.
2 – СҰРАҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ АҢЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ АҢЫҚТАМАСЫ Жалақы - еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық. Еңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер.
ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді. Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбекақының жіктелуі Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады: • Мерзімді және кесімді еңбекақы. • Сыйлықтар мен сыйақылар. • Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына: • Жұмысшылар еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер. • Жұмысшылар мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер. • Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер. • Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер. • Жұмысшылар кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер. • Демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.
3 – СҰРАҚ ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕПТЕУ
ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕПТЕУ МЫСАЛЫ: Бас директордың орынбасары Темирханов Г. Ж. ҚТО-ң басқарма қызметкері болғандықтан, ол аптасына 8 сағаттан 5 күн жұмыс істейді. ақпан айында оған норма бойынша 20 күн істеу керек. Бірақ осы айында 19 күн жұмыс істеді. Оның еңбекақысы - 90 000 теңге.
Шешуі: 1) Орташа 1 күндік еңбек ақыны есептеу керек: 90 000 теңге / 20 жұмыс күні = 4 500 теңге. 2) осы айда оның жалақы көлемі: 4 500 теңге х 19 жұмыс күні = 85 500 теңге.
ҰСТАЛЫМДАР • Зейнетақы жарналары = 85 500 х 10 % = 85 500 х 0. 1 = 8 550 теңге. • Жеке табыс салығы = (85 500 – 8550 – -19 966) х 10% = 56 984 х 0. 1 = 5 698 теңге • Қолға берілетін ақша = 85 500 – 8 550 - 5 698 = 71 252 тенге.
ӘЛЕМЕУТТІК АУДАРЫМ ЖӘНЕ САЛЫҚ • Әлемеуттік аударымды есептеу үшін табыс = 85 500 – 8550 = 76 950 тенге; • Әлемеуттік аударым = 76 950 х 5 % = =76 950 х 0. 05 = 3 848 тенге. - әлемеуттік салықты (ӘС) есептеу : • ӘС = (85 500 – 8550) х 11 % - 3 848 = =76 950 х 0. 11 – 3 848 = 8 465 – 3 848 = = 4 617 тенге.
Демалыс ақысы бұрын календарлық күнтізбе бойынша берілетін, ал қазір жұмыс күні бойынша төленеді. Ол есептік кезең соңында беріледі (яғни 12 ай). Оны анықтау үшін орташа күндізгі жалақы алынады. Мысалы: Джамалиев Н. Ж. 28 күнге демалысқа кетті, есепті кезеңде толық жұмыс істеген, алдағы жылдың 12 айы ішінде оның жалпы жылдық табысы – 1 700 000 теңге. Оның жұмыс істеген орташа айлық күн санын – 22 күн деп аламыз. Есебі: • 1 700 000 (теңге) / 12( ай) = 141 666, 67 (теңге / ай) • 141 666, 67 (теңге/ ай) / 22 күн) = 6 439, 4 (теңге / күн) • 6 439, 4 (теңге / күн) *28 күн = 180 303, 2 теңге Төленетін демалыс сомасы 133 737, 9 теңге
Назар аударғандарыңызғы рахмет!
такырып 6 - IAS - 19.ppt