биомеханика 2.pptx
- Количество слайдов: 20
Cабақтың тақырыбы: Биомеханиканы робототехникада қолдану мүмкіндігін талқылау Discuss the possibility of applying biomechanics in robotics
Пән бойынша терминология: Құрал , электродтар, фильтрлер, электрокардиографпен жүректің электр импульстерін жазып алу әдісі, жүректің электрлік осі, потенциалдардың айырмашылығы, ток өткізетік гель, фазалар прибор, электроды, фильтры, нормальная ЭКГ, электрическая ось сердца, электрическая активность сердца, разность потенциалов, электрокардиограммы, токопроводящий гель, фазы device, electrodes, filters, normal ECG, electrical axis of heart, electrical activity of the heart, the potential difference, electrocardiogram, conductive gel, phase
Био механ ика ? Робото техноло гия
Бұл мүмкін бе?
Биомеханика Адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т. б. ) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т. б. ) зерттейді.
Биомеханика құпияларын зерттеудің тарихы 13 ғасырдан Леонардо да Винчиден басталады. Ол адамның қозғалысын анатомия және механика тұрғысынан зерттеген Қазақстанда биомеханикалық зерттеулер академик Б. А. Домбровский мен академик Ф. Мұхамедғалиевтің жұмыстарынан басталады. 20 ғасырдың ортасында биомеханика тыныс алу, қан айналу, қозғалыс-қимыл биомеханикасы болып 3 салаға бөлінді: тыныс алу биомеханикасы тыныс алу мүшелері (өкпе, көкірек қуысы) қимылының динамикасын зерттейді; қан айналу биомеханикасы жүрек пен қан тамырларының серпімділік қасиетін, қан ағыны заңдылықтарын, жүрек жұмысын зерттейді; қозғалыс-қимыл биомеханикасы анатомия және теориялық механика негізінде қимыл мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, дененің қозғалу заңдылықтарын, буын қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық ет күшінің әсерін, дене массасының дене бөліктеріне таралу заңдылықтарын зерттейді.
• Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы. • Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т. б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.
• Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты ісәрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т. с. с. ) және технологиялық құралдардың (айлатетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина.
(G) Биомеханика робототехникада қолданылуы мүмкін, аяқтардан басқа да қандай мүмкіндіктер болуы мүмкін? табандарды/қолдарды/аяқтарды протездеу. . . .
Prof. Full, University of California, Berkeley, on human/animal feet and designing robotic feet TED (technology, education, design) talk. Very watchable, lots of video clips, but rather long (19. 5 min): http: //www. ted. com/talks/robert_full_on_animal_movement. html 2 min You. Tube clip about the biomechanics of the human foot: http: //www. youtube. com/watch? v=h_tl. BZe 25 o. U • Проф. Фулл, Калифорния Университеті, Беркли, адам табандары/жануарлардың аяқтары және робототехникалық табандарды/аяқтарды жобалау туралы не айта аласыз?
Сабақ тақырыбы: Жүректегі электрлі үрдістерді зерттеу
Жүректегі электрлік үрдістерге шолу • синустық-жүрекше жүйесі, Гис шоғыры, миогендік және т. б. туралы не білеміз?
Бұрын айтылғандай жүректің автоматизм функциясы бар, Ең үлкен автоматизмге синоатриалдық түйін ие болған(СА-түйін) – дәл осы жерде қалыпты кезде электр импульсі пайда болады, ол жүректі түгел қозушылыққа алып келеді, сондықтан оны автоматизм орталығы немесе бірінші реттік ритм жүргізушісі деп атайды. СА- түйінінің функциясы бүлінген жағдайда электр импульсін ӛндіру қызметін жүректің ӛткізу жүйесінің басқа бӛліктері ӛз міндетіне алуы мүмкін, олар атриовентрикулярлық түйін (екінші реттік ритм жүргізуші), Гис шоғырларының аяқшалары, Пуркинье талшығы, (үшінші реттік ритм жүргізуші).
• Әрі қарай электр импульсі миокард бойынша өткізу клеткаларында жүреді. СА-түйінде пайда болған, импульс түйін аралық ӛткізгіш тракттар мен жүрек алды шоғыр бойынша, бір мезгіде оң және сол жүрекшені қоздырады. Әрі қарай түйінаралық ӛткізгіш тракттар бойынша импульс атриовентрикулярлық түйінге қарай бағыт алады (АВ-түйін). АВ-түйінде импульс ӛткізу жылдамдығының азаюы салдарынан қозу толқынының физиологиялық кідіруі жүреді (егер жүрекше бойынша импульс 30 -80 см/с жылдамдықпен тарайтын болса, АВтүйінде 2 -5 см/с ге дейін тежеледі). АВ-түйінде қозудың кідіруі қарыншалар жүрекшенің толықтай жиырылуы аяқталғаннан кейін ғана қоза бастауына мүмкіндік береді. Әрі қарай АВ-түйіннен импульс Гис өткізуші жүйесі бойымен өте бастайды, қарыншалардың қозуы басталады. Бірінші болып қарынша аралық перденің жоғары үштен бірі қозады.
• Назар аударыңыз! Осы мезгілде онымен бірге жүрек алдының бәсеңдеуі басталады. Гис өткізуші жүйесі екі аяқшадан тұрады – оң жақтағысы, оң жақ қарыншаны қоздырушы; және сол жақтағысы, сол жақ қарыншаны қоздырушы. Гис шоғырының сол жақ аяқшасы екі тармаққа бөлінеді– алдыңғы (сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасын қоздырады) және артқы (сол жақ қарыншаның артқы қабырғасын қоздырады).
Үйге: Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
биомеханика 2.pptx