Spabek_Dana.pptx
- Количество слайдов: 22
C. Гейникенің таза ауызша оқыту әдістемесі туралы
Жоспары: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2. 1. С. Гейнике және оның тарихтағы орны. 2. 2. Тілқозғалыс сезімдері арқылы тазa ауызша әдістің негізінің салынуы. 2. 3. Психолингвистикалық көзқарас. 2. 4. Таза ауызша әдістің тәжірибе жүзінде іске асырылуы. 3. Қорытынды
С. Гейнике - 1727 ж. Саксониядағы Наутцшутцта дүниеге келген. 1778 ж. ол Лейпцигтегі естімейтіндерге арналған алғашқы мектептің және әлі күнге дейін индивидуальді сабақ ретінде өткізіліп келе жатқан ауызша сөйлеуге оқытудың негізін салған.
С. Гейникенің тарихтағы орны
С. Гейнике естімейтіндердің ойлауында және толықтай білім алуында ауызша сөйлеудің қаншалықты маңызды екенін түсінген ең алғашқы педагог. Естімейтіндердің “дыбыс тілі” арқылы сөйлеу қабілетін дамыту мен соның негізінде қарапайым білім беруді қалыптастыру - Германияның Гейнике дәуірінен бергі естіметіндерді оқыту жүйесінің басты мақсаты болды.
Гейнике өз тапқырлығы мен тәжірибесі нәтижесінде естімейтін балалардың тілді меңгеруінің “немістік әдісін” қалыптacтырады. Сонымен қатар, ол еңбектерінде жалпыпедагогикалық мәселелер де қарастырған. Гейнике өз дәуірінің ең мықты педагогтарының бірі болған.
Гейнике өзі жақсы таныған Й. Г. Гердер, И. Кант, И. Г. Хаммандардың идеяларына сүйене отырып, Гейнике өз заманындағы мектеп жүйесін қайта құруды талап етеді. И. Кант Й. Г. Гердер
Тілқозғалыс сезімдері арқылы тазa ауызша әдістің негізінің салынуы
Оның ойы бойынша: сөйлеу адамның сөйлеу органдарында белгілі бір сезімдерді тудырады, яғни, қалыпты адам дыбысты естігенде қандай сезімде болса, дәл сондай сезім. Ал Гейникеде бұл бақылау тілдік моторикаға ауысады Бонет пен Амманда тілді бақылау - дыбысты тактильді, вибрациялық сезінулер және еріннен оқу арқылы жүргізілді. Гейнике Канттың идеяларына сүйене отырып, осы сезімдер ойлаумен тығыз байланысты болады деп ойлады. Осыларға сүйене отырып, сөйлеу тілін тереңірек оқытуға бағытталған жаңа бағытты ойлап табады.
Психолингвистикалық еңбегінде Гейнике естімейтін баланың диффузды тілдік ойлаудан ауызша ойлауға өту процесін былай сипаттайды: “Бала белгілі заттың атын ауызша айтып бастағанда ғана затты елестетуі анық бола бастайды. Осыдан адамның ойлауы дами түседі, дыбысталған сөз арқылы меңгерілген сөзді ретке келтіріп, сөздерді бірімен байланыстыра бастайды. Сөйлеу арқылы бала түсінігі кеңейіп, балада өмір бойына сақталатын ойлау түрі қалыптасады”.
Тағы бір еңбегінде ол естімейтіндердің тіл-қозғалыс сезімдерін байланыстыру арқасында қалыпты адамдар секілді ойлауға үйренетінін түсіндіреді: “Осы тіл-қозғалыс сезімдері біздің барлық түсініктерімізбен байланысып, оларға араласып, бірігеді. Осы байланыстар арқылы біз бір қорытындыны екінші қорытындыға, бір тұжырымдаманы екінші тұжырымдмаға байланыстырамыз. ”
Психолингвистикалық көзқарас
Гейникенің психолингвистикалық позициясы : естімейтін тұлғаны сөйлеуге үйретуде тіл-қозғалыс сезімдері еститін тұлғаның сөзді естіп қабылдауымен тең деген алғышартқа негізделген. Сөйлеу арқылы естімейтін тұлға іштей елестеткен заттарды формасы мен қасиеттері бойынша түсіндіру қабілетіне ие болады. Оларда заттарды символикалық елестету біздегідей толық емес, тек бөлшектік түрде болады. Тек артикуляция арқылы ғана естімейтін адам өз әлемінен интеллектуалды әлемге шыға алады.
тіл тілқозғалыс сезімдері арқылы шығады сөздік ойлау көптеген жаттығуларды жүргізу арқылы қалыптасады.
Гейнике жүйесінің негізі – ауызша сөйлеу тілі болып табылады. Ал ым-ишараны, пантомимикалық бейнелеуді сөз мағынасын түсіндіруде көмекші құрал ретінде қарастырды, бірақ хабарлау мақсатында қолдануға мүлдем қарсы болды. Сонымен қатар дактильді сөйлеу оқытуда кері әсерін береді деп түсінді. “Французша әдістен” айырмашылығы жазбаша сөйлеу тілі екінші орында тұрды. Ол: “ауызша сөйлеу тілі – туылғаннан естімейтін тұлғаларды оқытудың негізгі тәсілі…ал жазбаша тілді ауызша сөйлеу тілінің көлеңкесі ретінде қарастыру керек деп түсінді. Жазбаша тілдің көмекші құралы ретіндегі функциясын мойындады.
Тіл психологиясы тұрғысынан: Әдістің мақсаты – ауызша сөйлеу тілі арқылы естімейтін баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік тіл белгілерін сенсорлық әсерлермен тікелей байланыстыруға ұмтылу болып табылады. Ымишаралар сөз мазмұнын түсіндіру үшін көмекші құрал ретінде, ал жазу – көмекші сипаттағы екінші тілдік құрал болып саналады.
Таза ауызша әдістің тәжірибе жүзінде іске асырылуы.
Гейнике еңбектерінен ол өз тәжірибесіне сүйене отырып ауызша тілге сүйенгені және оны сыншылдардан табанды түрде қорғағаны көрініп тұрады. Ол ұстаздық қызметі барысында ылғи өз тәжірибесін толықтырып отырды. Алғашында шәкірттерін сөйлеуге жазбаша тіл арқылы үйретуге тырысты. Алайда осы тәсілден соң оқушылардың есте сақтау қабілеттері нашарлап кеткен соң, ол естімейтіндердің ақыл-ой ерекшеліктерін мұқият зерттеуге кірісіп, оларды мылқаулықтан алып шығатын жолды іздеді.
Зерттеу барысында ол мұндай тұлғалар өз сезімдерін анық әрі нақты бейнелей алмайтынын көреді. Ауызша сөйлеу тіліне сүйеніп жасаған әдісі өте сәтті шығады. Әдістің негізі етіп – “дыбыстық тілді” қояды. Оқытуды алдымен дыбыстық сезінулер арқылы бастады. Бұл іс-әрекетін “Arkanum” – “естімейтіндерді мылқаулықтан шығару өнері” деп атады.
• Гейнике балаларды артикуляцияға оқытуды ең алдымен дауысты дыбыстардан бастады. • Одан кейін дауысты дыбыстар мен оңай айтылатын дауыссыз дыбыстардан тұратын буындармен жаттығулар жүргізілді. Мысалы: аб, эб, иб, об, ба, бо, бу, бе, би. • Ең бірінші оқушыларға берілген толық сөзі “папа” сөзі болған деген деректер бар. Кейіннен оқуға қоршаған ортадағы заттардың аттары кіргізіле бастады. Сөздік материалдарды кеңейту мақсатында күнделікті өмірдегі оқиғаларға жүгінді.
“Гейнике балаларды сөйлеуге дәл аспапқа үйреткендей үйреткен. Еңбегінің нәтижесі : - балалардың сөздік тілді қолдануынан; - арнайы оқытылмаған еріннен оқу дағдысының қалыптасуынан; - ал ең бастысы – ауызша сөйлеуге дайындықтарынан көрінеді. ” Гейникенің біраз еңбегін қалпына келтіріп, жариялаған Пауль Шуманн:
Қорытынды. - естімейтіндердің кең философиялық негізде оқыту мен тіл дамытуын қалыптастырды. Тіл, білім, адам табиғаты арасындағы байланыстарды ескере отырып тереңдетілген әдістеменің негізін қалады; - Германиядағы бірінші мектепті ашу арқылы тілге оқытудың жеке сипатынан сөздік тілді қалыптастыруға болатынын, естімейтіндердің мектепте білім алуы мүмкін және міндетті екенін дәлелдеді; – тілқозғалыс сезімі арқылы, тіл мен сөйлеуді бекіту арқылы таза ауызша әдістің жаңа психолингвистикалық концепциясын жасады.
Spabek_Dana.pptx