13_БЕ_бюджет.pptx
- Количество слайдов: 34
Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау 13 -дәріс тақырыбы
Басқару есебі мен бюджеттеу Баскару есебі баскару шешімдердің тиімділігін алдын ала бағалауға, оптималды түрде ресурстарды бөлімшелер арасында бөлуге, кәсіпорынның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді
Жоспарлау, шешім қабылдау мен басқару процестерінің жиынындағы сметаның орны
Анықтама Бюджет — бұл бөлімшелердің және кәсіпорынның қызметін толығымен сандық көріністе көрсететін жоспарлы көрсеткіштер. «Бюджет» термині «смета» және «жоспар» терминдеріне жақын ұғым, сондықтан оларды кейде синонимдер ретінде пайдаланады.
Анықтама Смета (немесе бюджет) — жорамалдаған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Және осы әрекет болашақ қаржылық операцияның болжамы ретінде саналып, содан соң ол бюджеттеу кезеңіне өтеді. Басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп түсіндіріледі. Жоспарлау – кәсіпорынның мақсаттарын болжамдар мен жоспарға айналдыру.
Сметаны құраудың мақсаты жыл сайынғы операцияларды жоспарлау; ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру (координация) және олардың өзара қатынастарының үйлесімділігін қамтамасыз ету; жоспарларды әртүрлі жауапкершілік орталығындағы қызметке жауап беруші менеджерлерге дейін жеткізу (ақпараттандыру); ұйым мақсаттарына жетуіне байланысты менеджерлердің жұмысын ынталандыру (мотивациялау); қызмет түрлерін басқару; менеджерлердің жұмысының тиімділігін бағалау
Бюджеттеудің кезеңдерді сметаны құрауға жауапты тұлғаларды кәсіпорында қабылданған, осы процеске қатысты негізгі тәсілдермен таныстыру; өнімді шығаруды шектеуші, факторларды анықтау; өнімді өткізу сметасын дайындау; сметалардың түрлі нұсқаларын бастапқы дайындау; сметаларды жоғарғы басшылықпен талқылау; сметаларды үйлестіру мен талдау; сметаларды түпкілікті бекіту; сметалардың кейінгі талданылуы
Сметалық кезең Әдетте сметаны бір жылға алдын құрастырады. Орындалуды ағымдық бақылауы үшін, ол 12 айлық не 13 төртапталық кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Үздіксіз (жылжымалы) сметаларды құрастыру, ол өткен тоқсанның бюджет мерзімі аяқталғанда, сметаны келесі тоқсанға қосатын он екі айлық сметаның тұрақты болуын кепілдейді.
Жоспарлы-қаржылық комиссия Сметаларды құрау процесін басқару үшін, әдетте компания қызметтерінің негізгі бағыттарын ұсынатын жоғарғы деңгейдегі мамандардан жоспарлы-қаржылық комиссия құрылады. Комиссияның басты міндеті - шындыққа негізделген сметаларды қабылдануын және олардың тиісінше үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Бухгалтердің ролі Комиссия сметаға жауаптыны тағайындайды, әдетте ол - бас бухгалтер болып табылады. Оның ролі - жеке сметаларды үйлестіріп, жоспарлы-қаржылық комиссия және функционалды бағыттардағы басшылар бүкіл кәсіпорын қызметіне жеке сметалардың ықпалын көре алатындай, кәсіпорынның жалпыланған сметасына жинақтау болып табылады.
Сметаны құрау үшін нұсқама Сметаны құрау бойынша жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін бухгалтер сметаны құрау бойынша нұсқаманы құрастырады. Нұсқамада сметаны құраудың мақсаты мен амалдары (процедура) суреттелуі тиіс. Оған қосымша жоспарлы-қаржылық комиссия ұсынатын сметалардың мерзімі көрсетілген график қарастырылуы мүмкін. Нұсқаманы сметаларды дайындауға жауапты тұлғалардың бәріне беру қажет.
Master budget, мастер-бюджет, бас бюджет Бюджет жан-жақты үйлестірілген блок болып қызмет атқарады, оны жылдық бюджеттеудің жай сызбасымен көруге болады. Бұл кәсіпорынның жалпы қызметін қамтитын бюджет бас бюджет (Master budget, мастер-бюджет) деп аталады және оны екі бюджетке бөліп қарастыруға болады: операциондық және қаржылық
Master budget Операциондық бюджет (жоспар) — кәсіпорынның шаруашылық қызметінің арнайы техникалық -экономикалық көрсеткіштері арқылы баяндалады (суреттеледі), онда оның сатып алынатын материалдық ресурстарының бағасы, сатылатын өнімнің бағасы, өнімді сатудың көлемі, өндірістік-шаруашылық қызметі-нің кезеңі және басқада жекелеген жақтары сипатталады.
Master budget Қаржылық жоспарда — кәсіпорынның шаруашылық қызметінің, операциондық жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде есептелген және онымен қисынды байланысқан, ерекше қаржылық көрсеткіштерінің кешенді түрі көрсетіледі. Мұндай көрсеткіштер қатарына: ақтық қаржылық нәтижесі, ақша ағындары, кәсіпорын мүліктерін қаржыландырудың көздері және т. б. жатады.
Бюджеттеу сату сметасынан басталады! Өнімдерді сату (өткізу) сметасы басқа да құрастырылатын барлық сметалар үшін негіз болып келеді, өйткені түпкілікті барлық шығындар, тікелей сату көлеміне тәуелді. Смета компания сатуға жоспарлаған әр бұйым саны мен сатудан алынатын жоспарлы түсім көлемін көрсетеді.
Өндірістік смета немесе өндірістік бағдарлама Өндірістік смета тек көлемдік көрсеткіштерде құрастырылады және өндіріске жауапты менеджердің жауапкершілік ауқымына енеді. Оның басты мақсаты – тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті өндіріс көлемін қамтамасыз ету және экономикалық тиімді деңгейдегі тауарлыматериалдық запастар көлемін қолдану.
Өндірістік сметаның формуласы, (бірлікпен). . . Білу қажет!!! Жоспарлы өндіріс көлемі = Өткізу көлемі қосу Кезең соңындағы жоспарлы қор тең Сатылуға ДӨ және қоймадағы қор алу Кезең басындағы қор
Негізгі өндірістік материалдарды сатып алу бойынша шығындар сметасы Бұл сметаға сатып алулар бойынша менеджер жауапты, өйткені өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ететін, жоспарланған шикізат көлемін сатып алу жауапкершілігі нақ өзіне жүктелген. Оның міндетіне жоспарланған сатып алу бағасымен осы материалдарды уақтылы сатып алу кіреді. Бұдан басқа, ол жоспарланған шикізат қорының деңгейін де қамтамасыз етуі тиіс.
Негізгі өндірістік материалдарды сатып алу бойынша шығындар сметасы Ұқсас формуланы білу қажет!!!! Жылдық смета бойынша өндіріс қажеттілігін өтеу үшін керекті материалдар мөлшері қосу Кезең соңындағы жоспарланған қор алу Кезең басындағы қолда бар қор тең Сатып алынуға тиісті мөлшер көбейтеміз Материал бірлігін сатып алудың жоспарлы бағасы (теңге) тең Материалды сатып алулар бойынша жасалатын шығындар сметасы (теңге)
Еңбек ақы шығындары бойынша смета Бүл сметаны орындауға әдетте цех басшылары жауапты. Олар өндіріс мұқтаждығын қанағаттандыруға керекті жұмыс уақыты жұмсалымдарының есебін даярлауы тиіс. Егер кәсіпорында жұмыскерлердің квалификациялық (мамандану) бөлу орын алса, онда әр квалификация бойынша еңбек түрі сметада жеке көрсетіледі. Сметалық сағаттық нормалар еңбек қатынастары бөлімінде анықталады
Жалпызауыттық үстеме шығындар сметасы Бұл сметаны дайындауға өндірістік бөлімдердің менеджерлері жауапты. Сметадағы үстеме шығындардың жалпы сомасы өндірістің жобаланған деңгейіне байланысты жеке баптар бойынша шығындардың өзгеруіне тәуелді болады. Үстеме шығынның айнымалы баптары бойынша сметалық шығындары әр цех бойынша негізгі өндірістік жұмыскерлердің сметалық еңбегін айнымалы үстеме шығындардың сметалық сағаттық ставкасына көбейту арқылы анықталады. Барлық айнымалы үстеме шығындар негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ұзақтығына тәуелді болады деп шамаланады.
Өнімді өткізумен байланысты және әкімшілік шығындар сметалары Тәжірибеде бұл сметалар жеке құрастырылуы тиіс: сатылым бойынша менеджер өткізу бөлімінің сметасы үшін, ал әкімшілік бөлімінің басшысы - әкімшілік сметасына жауап беруі тиіс.
Цехтық смета Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбегі бойынша шығын сметасын бақылау үшін, негізгі өндірістік материалдарды қолдану сметасы мен жалпызауыттық үстеме шығындардың сметалары цехтық сметаға (әр қайсысы жеке) жинақталады. Әдетте, мұндай сметалар он екі жекелей айлық сметаларға жіктеліп, нақты шығындар жоспарлы әр баппен салыстырылады. Мұндай салыстыру, цех басшысы өзіне жауапты шығындарға қаншалықты тиімді бақылау жүргізгеніне объективті баға беруге мүмкіндік береді.
Соңында Барлық сметалар құралып болған соң, сметалық кезеңнің жоспарлы өнімділігінің жалпы суреттемесі пайда мен залалдардың сметалық шоты мен сметалық баланстық есептемесі түрінде ұсынылады.
Кассалық шоғырландырылған смета Бұл сметаның мақсаты – түрлі сметалардағы операциялық деңгейлерге сәйкес келетін, кезкелген уақытта жеткілікті кассалық нақты ақшаларды қамтамасыз ету. Жалпы айтқанда, бір жағынан, олардың жеткілікті мөлшеріне ие болу, одан басқа – қазіргі кезде пайдаланылмаған ақшаны салым жасаудан мүмкіндігінше жоғарырақ пайыздар ала отырып, ақшалай қаражаттарды басқару қажет.
Бюджет түрлері: статикалық не икемді Статикалық бюджет - бұл кәсіпорынның нақты іскерлік белсенділік деңгейінде есептелген бюджет. Басқаша айтсақ, статикалық бюджет табыстар мен шығыстардын тек бір ғана сату деңгейінен шығатын жоспарды (немесе жоспарлауды) көрсетеді. Бас бюджетке, кіретін барлық бюджеттер, статикалық болып табылады. Өйткені, кәсіпорынның белгілі бір жоспарланған сату деңгейіне жету үшін, табыстарды да, шығыстарды да, бас бюджеттің құрамында қарастырылады.
Бюджет түрлері: статикалық не икемді Икемді бюджет - бұл тек нақты іскерлік белсенділік денгейі үшін ғана емес, сондай -ақ оның диапазонын анықтау үшін де жасалатын бюджет, яғни онымен сату көлемінің бірқатар баламалы варианттарын қарастырады. Икемді бюджет (немесе «айнымалы» бюджет) - бұл өндірілген өндіріс көлеміне қарап, өзгеріп отыратын бюджет. Әрбір сату деңгейі үшін (әрбір балама үшін) шығындардың сол деңгейге тиесілі сомасы анықталады.
Бюджет түрлері: статикалық не икемді Сонымен, икемді бюджет сату деңгейінің өзгерісіне тәуелді шығындардың өзгерісін ескереді және ол қол жеткен көрсеткіштерді жоспарланғандармен салыстырып, оның қарқындық базасын жасауды мақсат тұтады. Икемді бюджетті жасау үшін шығындарды айнымалы және тұрактыға бөледі.
Өсімтал смета Әдеттегі сметаны құрау кезінде жанама жұмсалымдар мен қосалқы қызмет түрлері өсімталдық принципі (қағида) бойынша дайындалады, өйткені бұл жердегі ресурстарды тұтыну шығарылған өнімге пропорционалды өзгермейді. Сосын бұл база келесі сметалық кезең ішінде орын алады деп күтілген өзгерістерді ескере түзетіледі. Мұндай тәсіл өсімтал сметаларды құрастыру деп аталады, өйткені бұл жердегі сметаны құрау процесі, ең алдымен келер сметалық кезең ішінде орын алатын ағымдағы операцияларға немесе шығындарға «қабаттасумен» (өсімталдық) байланысты.
Кемшілігі Мысалы, сметалық шығындарды бөлуге, өткен сметалардағы бөлінулер, қосу инфляцияның әсерінен, тым жоғары бағаларды жабуға арналған қосымшалар - негіз болуы мүмкін. Өсімталдылық тәсілінің негізгі кемшілігі, қызметтің «базалық деңгейімен» байланысты шығындардың қомақты бөлігінің өзгеріссіз қалуы болып табылады. Сондықтан, қызметтің басқа түрлерінің шығындары, немесе тікелей нақты өніммен байланысты емес, белгіленген болып келеді. Бұл - бұрынғы кемшіліктер мен тиімсіз шығындардың ары қарай да жалғасуына апаруы мүмкін.
Нольдік базадағы смета - ZBB Бұл сметаларды құрау XX ғғ. 60 -шы жж. соңында өсімтал сметалардың шектелуін жеңуге әрекет ретінде пайда болды. Бұл тәсіл, дәстүрлі сметалар сипатындағы функционалды бөлімдерге емес, бағдарламалар мен қызмет түрлеріне негізделген. Ол әсіресе дискрециялық шығындар мен қосалқы қызмет түрлеріне тура келеді. Шығындардың дискрециялық сипаты дегеніміз, менеджерлер белгілі-бір қызмет түріне қаржы бөлуде біршама еркін әрекетенеді. Мұндай типті шығындарға мысал ретінде: жарнама, зерттеу, персоналды даярлау шығындарын келтіреміз.
Нольдік базадағы смета - ZBB Нольдік базадағы сметаларды құрау келесі үш қадамды қарастырады: жалпы қабылданатын шешімдер қоржыны ауқымында шешім қабылдануы тиісті кәсіпорынның әр қызмет түрлерінің мазмұндамасы; шешімдердің басымдылық сипатына қарай бағалау мен топтау; жалпы бөлінген қаражатты ескере, басымдылық сипаты негізінде ресурстарды үлестіру.
Басымдылық негіздегі өсімтал сметалар Бұл жағдайда менеджерлер сметаны құрағанда, егер олар ұсынған сметалық жобаларды әлде-бір процентке арттырса не кемітсе (мысалы, 10%-ға), қызмет түрлері қалай өзгереді не қандай басқа да өзгерістер орын алатынын көрсетуі тиіс. Бұл жерде сметалық үлестіру, шығындардағы өзгерістер мен алынатын пайдадағы өзгеріс-тердің салыстырмалы нәтижелері бойынша орындалады. Сонымен, басымдылық негіздермен өсімтал сметалар, нольдік базадағы сметалар мен дәстүрлі өсімтал сметалардың арасындағы экономикалық келісімді (ымыраны) ұсынады.
Тест Астық сататын компания келесі айдың сату бюджетінде 300000$ табыс алуды жоспарлады. Сатылған астықтың өзіндік құны өнімді өткізуден түскен табыстың 40%-н құрайды деп күтілуде. Сатылған астыққа төленетін төлемдер сатып алынған айдан кейнгі айда төленеді. Кезең басындағы астықтың қоры 10000$ тең, ал кезең соңына жоспарланған қор 12000$ тең. Кезең басындағы төлеуге тиісті шоттар 76000$ құрайды. Келесі айда сатылатын астықтың құны қанша болады ($) : А) 180000 В) 132000 С) 122000 D) 120000
13_БЕ_бюджет.pptx