
Анатом СРС (3).ppt
- Количество слайдов: 18
БУЫН ҚОЗҒАЛЫСТАРЫН МОДЕЛЬДЕУ Орындаған: Арынтаева Р. М. 114 топ ЖМФ Тексерген: Карибжанова Р. Т.
ЖОСПАР Кіріспе Негізгі бөлім 1. Буын қозғалысы 2. Оларға сипаттама 3. Тұлға сүйектерінің буындары 4. Қол басының буындары 5. Аяқ буындары Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді антропология деп атайды. Сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектер және сүйектік ткандер байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүенің негізгі қызметі: адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті қозғалысын қамтамасыз ету. Сонымен қатар сүйек аралық байланыстардың ішкі құрылымы олардың иілгіштігі, созылмалылығы және буындарда болатын қозғалыстың көлемі оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
БУЫНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ Цилиндр тәрізді Шығыр тәрізді Буындардың буындық беттері, пішіні Ершік тәрізді Айдаршық тәрізді Эллипс тәрізді
БУЫНДАРҒА СИПАТТАМА ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ Цилиндр тәрізді буындардың, articulatio trochoideae, буын беттері дөңес, цилиндірдің кесіндісі ретінде қарастырылады. Буындасатын қарсы жағындағы сүйектің буын беттері ойыстау және бір – біріне өзара сәйкестеу болып келеді. Цилиндр тәрізді буындарға: ауыз омыртқа мен екінші мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінің аралығындағы буынды кәрі жілікпен шынтақ жіліктің проксимальді және дистальді ұштарындағы кәрі жілік – шынтақ жілік буындарын мысалға келтіруге болады. Мұндай буындарда: вертикальды білік бойынша ішке қарай – pronatio, және сыртқа қарай - supinatio, айналу қозғалыстары қамтамасыз етіледі.
ШЫҒЫР ТӘРІЗДІ Буын беттері шығыр тәрізді буындар, аrticulatio ginglymus. Бұл буындар цилиндр тәрізді буындардың туындысы болып саналады. Цилиндр тәрізді буындардан айырмашылығы: шығыр тәрізді буынның буын басының сүйектік көтеріңкі орналасса, буын бетінің ойыс жағында, бағыттаушы сала болады. Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындарға: қол басы мен аяқ басының бақайшықтарымен башпай аралық буындар жатады. Мұндай буындарға көлденең біліктің бойында иіледі, –flexio, және жазылады extensio.
ЭЛЛИПС ТӘРІЗДІ Буын беті эллипс тәрізді буындар, articulatio ellepsoideae. Мұндай буындардың буын басы мен буын ойысының сыртқы пішіні эллипс тәрізді болып келген. Эллипс тәрізді буындарға қозғалыстар фронтальді және сагитальді біліктердің бойында қозғалады. Фронтальды білік бойынша: иіледі flexio, немесе жазылады, exten-sio, сагитальді білік бойынша әкелу, adductio, және әкету abductio мүмкін. Сонымен қатар, мұндай буындар екі біліктің бойында айналма бағытта қозғалады. Айналма бағыттағы қозғалыс, екі біліктің маңындағы қозғалыстың жиынтығы болып саналады. Эллипс тәрізді буындарға білезік – кәрі жілік және т. б буындарды келтіруге болады.
ЕРШІК ТӘРІЗДІ Ершік тәрізді буын, articulatio sellaris. Бұл буындадың буын беттері ершік тәрізді бірімен беттесіп орналасқан. Буында болатын қозғалыстың көлемі эллипс тәрізді буындар сияқты көлденең біліктің бойында: иіледі: flexio, немесе жазылады, extensio. Қол ұшының бас бармағының бақайшығы мен трапеция тәрізді сүйектің аралық буынын мысалға келтіруге болады.
АЙДАРШЫҚ ТӘРІЗДІ Буын беттері айдаршық тәрізі буындардың, articulationes bicondylares, буын беттері айдаршақ тәрізді дөңестеу және сопақшалау болып келгендіктен, айдаршық тәрізді буын деп атайды. Бұл, буын шығыр тәрізді буын мен эллипс тәрізді буындардың туындысы болып саналады. Айдаршық тәрізді буындардың шығыр тәрізді буындардан айырмашылығы, буын беттері көлемді болып келеді, ал эллипс тәрізді буындардан айырмашылығы екі жақтық айдаршық тәрізді буын беттерінен тұрады.
ТҰЛҒА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БУЫНДАРЫ Омыртқа аралық буындар омыртқалардың буын өсіндісімен төменгі буын өсіндісінің буын беттерінің өзара бірігуі нәтижесінде құрыл-ған. Буын беттері гиалин шеміршегімен көмке-рілген. Мойын, кеуде омыртқаларының буын өсінділері сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Буын қапшықтары буын беттері-нің айналасындағы буын шеміршегінің жиегінде өзара тартылып орналасқан. Буын қапшығы-ның меншікті байламы жоқ. Бұл буындар, ом-ыртқаның жанама, қосалқы байламдар арқылы мықталған.
ИЫҚ БУЫНЫ Иық буыны қарапа йым буындарға жатады. Бұл буынның буын басы Тоқпан жіліктің басынан тұрса, буын ойысы жауырының буындық ойығынан тұрады. Буын беттері гиалинмен көмкерілген. Буын ойысы буын еріндерімен толықтырылған.
ҚОЛ БАСЫ БУЫНДАРЫ Ортаңғы білезік аралық буын білезік сүйектерінің прокситмальды қатары мен дистальды қатарының аралығында орналасқан. Қызметі жағынан кәрі жілік білезік буынымен өзара сабақтас. S әріпіне ұқсайды. Сол себепті, буынның буын басы: бір басы қайықша тәрізді сүйектен тұрса, екіншісі басты сүйек пен ілмек тәрізді сүйектен құралған.
ШЫНТАҚ БУЫНЫ Шынтақ буыны бұл күрделі буындарға жатады. Себебі буынды құраушы буынның құрамы жағынан және буын беттерінің түр ерекшеліктері жағынан өз алдына дербес тек қана буын қапшығы мен буын қуыстығы ортақ үш буыннан: иық кәрі жілік, иық шынтақ жілік және проксималды кәрі жілік шынтақ жілік буындарынан тұрады.
БІЛЕЗІК АЛАҚАНДЫҚ БУЫН Білезік алақандық буын екінші қатардағы білезік сүйектерінің дистальді беті мен алақан сүйектері негізінің буын беттерінің беттесуі нәтижесінде құралған.
АЯҚ БУЫНДАРЫ СЕГІЗКӨЗ МЫҚЫН БУЫНЫ Сегізкөз мықын буынының беттері: сегізкөздің құлақша тәрізді беті мен мықын сүегінің құлақша тәрізді буын беттерінің өзара беттесуінен құралған. Буын беттерінің сыртқы пішіні жазық келіп, ірі талшықты дәнекер тканмен көмкерілген.
ҰРШЫҚ БУЫНЫ Ұршық буыны жай буындарға жатады. Буын басы, ортан жіліктің басынан буын ойысы, ұршық ойысынан тұрады. Буын бетінің сыртқы пішініне қарай үш білікті, шар тәрізді немесе жаңғақ тәрізді буынға жатады. Ол жамбас сүйегінің буындық ернінің сырттқы бетінен басталып, ортан жіліктің алдында ұршық аралық сызықшаның бойына барып бекісе, артында ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына жетпей барып бекиді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 1. Керімбеков Е. «Тәнтану» (Адам анатомиясы) Алматы 2004 2. Керімбеков Е (Адам Анатомиясы ) Алматы 2002 3. Ү. Ж Жұмабаев (Адам Анатомиясы ) Алматы 2006
Анатом СРС (3).ppt