1916 жыл тапсырмалар.ppt
- Количество слайдов: 19
Буржуазиялық-демократиялық ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан
Буржуазиялық-демократиялық ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан Сабақтың мақсаты: Ақпан бурзуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсерін, негізгі оқиғаларының тарихын бейнелі түрде баяндау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру. Тарихи көзқарастарын қалыптастыру. Білімділік: Оқушыларға ХХ ғасырдың басында қоғамдық-саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру, ақпан революциясының Қазақстанға әсерін баяндау, тарихи оқиғаларды саралауға үйрету; Тәрбиелік: Оқушыларға тақырыпты оқыта отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлт белсенділері мен еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ұялату. Дамытушылық: Оқушылардың танымдылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Сөзжұмбақ Т О Р Ғ А Й
Карточкамен жұмыс 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Сипаты Жеңілу себептері Тарихи маңызы
Карточкамен жұмыс 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс Қозғалыстың негізгі қозғаушы күші Қозғалыс қамтыған аймақ Қозғалысқа қатысушылардың қолданған әдіс-тәсілдері Қозғалысқа қатысушылар жүзеге асырған шаралар Қозғалыстың ірі орталықтары
Карточкамен жұмыс Ұлт-азаттық қозғалыстың Жетісудағы орталығы Қозғалыс болған жер Басшылары Негізгі оқиға Патша өкіметінің қозғалысты басу үшін қолданған шаралары Қозғалыстың нәтижесі
Карточкамен жұмыс Ұлт-азаттық қозғалыстыңТорғайдағы орталығы Қозғалыс болған жер Басшылары Негізгі оқиға Патша өкіметінің қозғалысты басу үшін қолданған шаралары Қозғалыстың нәтижесі
Сынақ хат 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс бүкіл Қазақстан даласына жайылды. Осы қозғалыс кең етек алып жатқан кезеңде ең ірі қақтығыстар. . . мен. . . болған екен. Көтерілістің басшылары Жетісуда. . . , ал Торғайда көтерілісшілер. . . руынан шыққан Орта жүздін беделді биі. . . немересі, аса беделді. . . өздерінің ханы етіп сайлап, Атақты. . . батырдың немересі. . . сардарбегі етіп тағайындады. 1916 жылдың қазанға қарай Жетісудағы көтеріліс аяусыз басылды. Өлім жазасына. . . адам, каторгалық жұмыстарға –. . . , түрмеге отырғызуға –. . . адам кесілді. Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып-жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. 22 қазанда. . . бастаған 15 мың көтерілісші. . . қаласын қоршауға алды. Қаланы құрсау бірнеше күнге созылды. Сол аралықта қалаға қарай үш бағыттан генерал-лейтенант. . . жазалаушы корпусы келе жатты. А. Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті өрбіді. Ол ұрыстар. . . жылы ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А. Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясын қарсы алды.
Қазақстанда биліктің өзгеруі Қос үкімет Уақытша үкімет Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі
Қазақстанда биліктің өзгеруі Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесінің құрылуы Орал Семей Ақмола Верный Әулиеата
Қазақстанда биліктің өзгеруі Уақытша үкімет Реформашыл жолмен капитализмді дамыту Діни бостандық “Бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару Отаршылдық басқару органдарын жоймады Ұлтаралық қатынастарды реттеу
Тыл жұмысшыларының қайтып келуі және олардың революциялық үрдіске ықпалы Тыл жұмысшылары “Солдаттардың орысмұсылман ұйымы” (Сергиопль) “Қара жұмысшылар одағы” (Верный) “Жас арбакештер одағы” (Петропавл)
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар Партиялар “Алаш” 1917 жыл “Түркістан федиралистер партиясы” 1917 жыл, қыркүйек
“АЛАШ ОРДА” ҮКІМЕТІ Қазан революциясынан бұрын-ақ, қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламалы көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын. Ал Петроградтағы революциядан кейін бірден “Қазақ” газетінің 21 қарашадағы санында “Алаш” партиясының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдухамит Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжанов құрастырған бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тараудан тұрады. Олардың сол кездегі мәнділері мыналар: І. Мемлекет қалпы. Демократиялық Ресей, федеративті республика болу. Федеративті республика һәм мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, һәм қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. . . ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей республикасының Федерациялы бір ағзасы болу. . . “Алаш” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. . . ІІІ. Негізгі құқық. Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік. . . IV. Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы болуы. Дін біткенге тең құқық. . . муфтилік қазақта өз алдында болу. . . V. Билік һәм сот. Әр жұрттың билік пен соты тұрмысына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. . . Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. . . VI. Ел қорғау үшін әскер болу. . . Әскерлік қызметін қазақтар атты милиция түрінде атқару. VII. Салық. Хал-ауқатына, табысына қарай: бай-байша, кедей-кедейше жолмен таратылу. VIII. Жұмысшылардың заңмен қорғалуы. . . “Алаш” партиясы жұмысшылар жайында социал-демократтардың меньшевиктік тобының программасын жақтайды. ІХ. Ғылым мен білімді дамыту. Оқу орындарының есігі әркімге де ашық және ақысыз болуы: Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ тілінде орта мектеп, университеттер ашу, оқу жолы өз алдына автономиялы түрде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу. . . Х. Жер мәселесі. Құрылтай жиналысы негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі, қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжықтардың келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы.
“Инсерт” стратегиясы: +; v; ? . Білемін Білгім келеді Жаңалық
Үй тапсырмасы: • § 3 – оқу. • Тақырып соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша жауап беру.
1916 жыл тапсырмалар.ppt