
аким.pptx
- Количество слайдов: 15
БУРАБАЙ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Бурабай кентінің әкімдігіне үміткер Айтжан Арман Назарұлы “Арманмен бірге биікке жетейік”.
Мен, Айтжан Арман Назарұлы, 1997 жылы, 31 мамырда, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кентінде дүниеге келдім. 2003 -2014 жылдары Бурабай орта мектебінде білім алдым. 2018 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің, Экономика факультетіндегі, Экономика мамандығын тамамдадым. Алғашқы атқарған қызметтерім: ГНПП “Бурабай” директорының орынбасары, Бурабай ауданының Білім беру басқармасының бас есепшісі. Болашақта Бурабай кентінің жағдайын жақсарту мақсатымен, сіздердің алдарыңызға үміткер ретінде келіп отырмын.
Бурабай— Ақмола облысының Бурабай ауданындағы кент, кенттік әкімшілік округі орталығы. Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде, аудан орталығы — Щучье қаласынан 22 км, Бурабай көлінің солтүстік -шығыс жағасында, қарағайлықайыңды орман өскен сұлу Көкшенің етегінде орналасқан. Тұрғыны 6, 5 мың адам (1998). Іргесі 1910 жылы қымызбен емдеу санаторийінің ашылуына байланысты қаланған. 1939 жылдан кент. Оның төңірегінде көптеген денсаулық сақтау мекемелері ұйымдастырылған. Мұнда Қазақстандағы ең ірі “Бурабай” курорты орналасқан. Одан басқа балалар санаторийі, әскери санаторий және демалыс үйі, медициналық жабдықтар жөндеу шеберханасы, орман шаруашылығына, жалпы білім беретін мектептер, музыкалық мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, табиғаттану музейі, т. б. мекемелер бар.
Әкімдік бағдарлама 1) Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы (Щучье, Бурабай, Қарасу көлдері) су қоймаларын тазалау және санациялау; 2) Бурабай кентінің жолдарын жөндеу; 3) Шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Бурабай кентінің жолдары
Жолдар жөндеу
Шағын кәсіпкерлік
Су қоймаларын тазалау
Түйін Егер де менің әкімдік жоспарым сіздерге ұнаса, маған дауыс берулеріңізді сұраймын. Бурабай кентін ары қарай көркейтуге тырысамын. «Арманмен бірге биікке жетейік»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! Дайындаған: Айтжан Арман Назарұлы Э-21 тобы Тексерген: Жумагулов Елдос Танирбергенович
аким.pptx