БУДДИЗМ
Будда діні — б. з. б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатынд а пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек
Қазақстандағы будда діні Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе II-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VІ ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.
Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б. з. б. 5 ғ. — б. з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б. з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.
Бір-біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады
Назарларыңызға рахмет