1507.ppt
- Количество слайдов: 13
Бруцеллез Орындаған: Мұратбекова Ақбота ВС-403
Сарып І. Сарып – зоонозды инфекциялық аллергиялық, көбіне созылмалы түрге бейім, қызба, әлсіздік, тершеңдік белгілерімен, сүйек -буын, жүйке, ішкі ағзалар, несеп-жыныс жүйелерін зақымдайтын жұқпалы дерт. Қоздырғышы – brucellae туыстығына жататын, ұсақ, таяқша немесе кокк тәрізді, қозғалмайтын, спора түзбейтін, анилиндік бояулармен жақсы боялатын, эндотоксин бөлетін бактериялар. Бруцеллалар сыртқы ортада өте шыдамды болып келеді: малдың тезегінде, зәрінде, мал ластаған суда 40 күнге дейін «өлмей» өмір сүреді; мұзға, қарға түскен
Сарып ауруы үш түрлі жолмен жұғуы мүмкін: · Тағамдар (элиментарлық) арқылы, · Тұрмыстық қарым-қатынас кезінде, · Аэрогенді жолмен. Сарыптың жасырын кезеңі- 3 -4 апта. Эндемиялық аймақтарда сатып антигеніне сенсибилизацияланған адамдарда жасырын мерзім 2, 5 ай және одан да ұзақ болуы мүмкін.
Жедел сарып диагнозы ауру ағымының ұзақтығы 3 айға дейін созылғанда қойылады. Клиникалық көріністері уытты сепсистік процестермен байқалады. Ауру басталғанда науқаста жоғары толқын тәрізді, интермиттірлік және дұрыс емес типтегі қызба болады. Дене қызуы 39 -40 градусқа дейін көтерілгеніне қарамай сарыпқа шалдыққан науқастың жалпы жағдайы нашарламайды. Қызбамен қатар науқас адам қатты терлейді, буын ауырып, сүйектері сырқырайды, ұйқысы бұзылып, басы ауырады. Аймақтық лимфа бездерінің, бауыр мен көк бауырдың ұлғайғаны, гипотония, брадикардия, жүре, к тондарының тұйықталуы анықталады.
Ем науқаста сарыптың клиникалық белгілері болған кезде тағайындалады. Сарыптың жедел, жеделдеу түрлерінде төменде көрсетілген емді қолданған дұрыс: - антибактериальдық ем, - дезонтоксикациялық ем, - қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, - иммуномодуляторлар. Ал аурудың созылмалы түрлерінде тағайындалатын ем: - гипосенсибилизациялық ем,
Ауру ауадағы шаң арқылы жұққанда респираторлы синдромның белгілерімен басталуы мүмкін. Сондай-ақ бронхтардың қабынуы, түбірлік өкпе қабынуы, жедел тонзиллит, перитонзиллярлы абцесс, экссудативті плеврит сияқты өзгерістер де кездеседі. Өте сирек кездесетін жағдай – бұл құрт тәрізді өсіндіде қабыну процесінің болуы (жедел аппендицит) Шеткі қан анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының қалыпты немесе бірыңғай жылдамдауы байқалады. Улану белгілеріне байланысты науқастардың зәрінде альбуминурия, микрогематурия сияқты өзгерістер байқалады. Сарып диагнозын дұрыс қою үшін науқасты толық және мұқият тексере білу керек: Лабораториялық зерттеу әдістері: бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, аллергологиялық. Сарыпқа қарсы емдеу аурудың түріне, клиникалық белгілеріне, әсіресе ошақты зақымданулар сипатына, қосалқы басқа ауруларға, тағайындалатын дәрілерге бейімділігіне және тағы басқаларға байланысты болады.
Назарларыңызға рахмет!!!
1507.ppt