Бреттон Вудс.pptx
- Количество слайдов: 9
БРЕТТОН ВУДС Орындаған: Исмаилов Ғабит Қарасаев Асқар
• Бреттон - Вудс Жүйесі, Бреттон - Вудс Келісімі ағылшынша ( Bretton Woods system) – Бреттон - Вудс конференциясы (1944 жылдың 1 -22 шілдесі аралығы) нәтижесінде орнатылған ақша қатынастары мен сауда алыс - беріс (есептесу) ұйымдастырылуының халықаралық жүйесі. Атауы АҚШ, Нью Хэмпшир штаты Бреттон - Вудс (ағылшынша Bretton Woods) шипажайына байланысты пайда болды. Жүйе Халықаралық Қайта құру және Даму Банкісі мен Халықаралық Валюта Қоры сияқты ұйымдардың құрылуына бастама берді. АҚШ доллары алтынмен қатар әлемдік ақша түріне айналды. Бұл сұраныс пен ұсыныс негізіндегі алтын ұранды жүйеден (стандарт) еркін конвертацияға өтпелі кезең болып табылады.
• Құрылуының мақсаттары • 1. Халықаралық сауда көлемінің қалпына келтірілуі мен бірден ұлғаюы; 2. Тұрақтандырылған валюта бағамы жүйесі негізіндегі халықаралық айырбас жүйесінің тұрақты ара - қатынасының орнатылуы; 3. Сыртқы сауда тепе - теңдігінің уақытша қиыншылықтарына қарама қайшы әрекет етуі үшін қайнарлардың мемлекет қолданысына берілуі.
• Ұстанымдар • • Негізгі валюта бағамына қатысушы мемлекеттерінің тұрақты айырбас бағамдар орнатылды; • Негізгі валюта бағамы алтынға сәкес тұрақтанды; • Орталық банктер негізгі валюта және валюта интервенциясы көмегімен сәйкенсінше (+/- 1% шамасында) ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын ұстауда; • Валюта бағамының өзгеруі ревальвация және девальвация негізінде іске асырылуда; • Жүйенің ұйымдастырушы мүшесі ретінде Халықаралық Валюта Қоры мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі болып табылады. Халықаралық Валюта Қоры тұрақсыз валюта демеуі мақсатын көздеген төлемақы балансы молшылығы өтеу үшін шетел валютасымен несие береді, мүше елдердің валюта жүйелері қызметі ұстанымдарының іске асырылуын қадағалайды, мемлекеттердің валюта ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.
• АҚШ доллары үшін алтын стандарт орнатылған болатын: 1 тройск унциясы үшін 35 доллар. Нәтижесінде АҚШ өзінің бұрынғы бақталасы Ұлыбританияны шетке ығыстырып валюта гегемониясына ие болды. Бреттон Вудс Жүйесі шеңберінде халықаралық валюта жүйесінің доллар төрешілігіне негізделген долларлық стандарты тұрақтанады. Кейбір кезде алтын долларлық стандарт туралы да сөз болатын. Сол кезеңде АҚШ бүкіл дүние жүзілік алтын қорының 70% - ын иемденген болатын. Алтынға айналатын валюта – доллар, валюталық паритеттердің негізіне айналды, халықаралық есеп айырылысудың валюталық интервенциясы мен қор (резерв) активтерінің әсерлі құралына айналды. АҚШ -тың ұлттық валютасы бір кезеңде әлемдік ақшаға да айналды.
• Бреттон – Вудс Валюта Қоры дағдарысы себептері • Мұндай жүйе тек қана АҚШ-тың алтын қорлары шетелдегі долларлардың алтынға айналуын қамтамасыз ете алмайтындай кезеңге дейін өзекті бола алады. Алайда 70 жж. - ң басында алтын қорларының бөлініп - реттелуі Еуропа пайдасына шешілді, ал халықаралық айналымда АҚШ-тың қолма - қол және қолма - қол емес долларлары да одан әрі көп қатысып отырды. Халықаралық сауда көлемінің өсуімен салысты алтын өндірісінің аз болуы, халықаралық тұрақсыздықта аздап шешілмес мәселелерді туғызды. Қор (резерв) валютасы ретіндегі долларға деген сенімнің түсуі АҚШ-тың төлем балансындағы алып жоқшылықтардан болды. Жаңа қаржы орталықтары (Батыс Еуропа, Жапония) пайда болды және де олардың ұлттық валюталарын бірітіндеп қор (резерв) валютасы ретінде қолдана бастады. Бұл АҚШтың қаржы әлеміндегі өзінің абсолютті күштілік жағдайының жоғалтуына алып
НАЗАРЛАРЫ ЫЗҒА РАХМЕТ! Ң
Бреттон Вудс.pptx