Бразилия Жерінің ауданы: 8, 5 млн км 2 Халқы: 193, 3 млн адам (2009 ж. ) Астанасы: Бразилиа Мемлекеттік құрылымы: федерациялық республика Мемлекет басшысы: президент Заң шығарушы органы: Ұлттық Конгресс Мемлекеттік тілі: португал тілі Ақша бірлігі: реал Әкімшілік-аумақтық бірлігі: штаттар және федералдық округ Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Бразилия – Латын Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүниежүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны, әдетте, «тропик алыбы» деп атайды. Бразилияның елтаңбасы
Бразилияның экономикасы Бразилия – Латын Америкасындағы экономикалық потенциалы ірі елдердің бірі. Португалияның ұзаққа созылған отарлық саясаты, одан кейін тәуелсіз Бразилияда шетел капиталының қожалық етуі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Бразилия экономикасында ағылшын капиталының ықпалы күшті болды. 40 -50 жылдары Бразилияда АҚШ капиталының үлесі көбейе бастады, 60 жылдары Германия мен Жапонияның ықпалы арта бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бразилия экономикасында мемлекеттік сектор пайда болды; мемлекеттік қаржының үлесі, әсіресе, теңіз транспортында, мұнай мен темір рудасын, тас көмір өндіруде, қара металлургияда басым дәрежеге жетті. 60 жылдары Бразилияның ұлтық өнімінде ауыл шаруашылығының үлесі әлі де басым болды. Көлік қатынасы салыстырмалы түрде жағалық аудандарда жақсы дамыған. Ішкі аудандардың табиғат ресурстарын игеру мақсатында салынған Трансамазония тасжолының басым бөлігінде қатты төсеніш қабаты жоқ. Қазіргі кезде теміржолдар бірыңғай жүйеге келтіруді қажет етеді. Елдегі тасжолдардың жалпы ұзындығы – 2 млн км-ден асса, теміржол 22 мың км-ге созылып жатыр. Сртқы қатынастар теңіз және әуә көліктері арқылы жүзеге асырылады. Елде 4 мыңнан аса әуежайлар бар, олардың саны жөнінен Бразилия дүниежүзінде АҚШ-тан кейін 2 орынды иеленеді. Басты порттары – Виктория, Сантус, Риу. Гранди, Рио-де-Жанейро. Теңіз кемелері Амазонка бойындағы Манаус портына дейін жетеді.
Ел экспортқа темір кенін, машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін, бұршақ пен ұн өнімдерін, кофе, какао, қант, жеміс шырындарын, боксит шығарса, мұнай, құрал-жабдықтар мен көмірді және т. б. шеттен сатып алады. Жалпы алғанда, импорт көлемі экспорттан басым болғандықтан сыртқы саудаға кері сальдо тән. Бразилияның басты сауда әріптестері – ЕО елдері және АҚШ, Латын Америкасы және Азия елдері. Елдің сыртқа қарызы көп болғанымен, қаржы күйзелісінен құтқару мақсатында халықаралық ұйымдар Бразилияға қомақты қаржы бөлуде.
Бразилияның шарушылығы Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтікэкономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық және дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. ХХ ғасырдың соңына қарай ЖІӨ көлемі жөнінен Бразилия дүниежүзіндегі алғашқы ондыққа енді, 2009 жылғы қорытындысы бойынша 9 орында. Ұлттық жиынтық өнімнің құрылымында да өзгерістер болды. Бразилияның ұлттық жиынтық өнімінің құрылымы. Осы алғышарттар негізінде бірнеше онжылдық ішінде аграрлық елден индустриялы-аграрлық елге айналған Бразилияда қазіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған. Соңғы 30 жылда елде қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары қарқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында 4 сала – болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясы шешуші рөл атқарады. Бразилияның энергия балансында су энергиясы және мұнай мен газ басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90%-дан астамы осы отынмен жұмыс істейді. Елдің мұнай кәспшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада «Петробраз» мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады. .
Елдегі электр энергиясының 96%-ы су электр станцияларында өндіріледі. Әсіресе Парана және Сан-Франциску өзендері алабының энергетикалық қоры неғұрлым толық пайдаланылған. Қазіргі кезде Амазонка алабының қорларын пайдалану қарқынды жүруде. Электр энергиясын өндіру жөнінен Бразилия алғашқы он ел қатарына кірді. Су энергиясы мен жергілікті боксит кенін пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүниежүзінде төртінші орынға шықты. Оңтүстік-шығыста шоғырланған алюминий өндірісі, негізінен, АҚШ пен Канада қаржысының есебінен өркендеуде. Қара металлургия саласында да шетел қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады. Елдің машина жасау өнеркісібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30%-дан астамын береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда болған автомобиль жасау кәсіпорында қазіргі кезде қажетті бөлшектердің барлығы жасалады. Бразилия 2009 жылы 3, 2 млн автомобиль шығарды, жүк машиналары мен автобус жасаудан дүниежүзінде бесінші орынға шықты. Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген-ду-Бразил» , «Дженерал моторс» , «Форд-Виллис» , «Крайслер-ду-Бразил» жетекші орын алады. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап елде күрделі әскери техника өндірісі жолға қойылған. Машина жасау өнеркәсібі электрондық және есептеу құралдарына деген сұраныстың 80%-дан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Машина жасау Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро агломерацияларында шоғырланған
Ауыл шаруашылығы – Бразилия экономикасының маңызды саласының бірі. Ел экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша дүниежүзінде АҚШ пен Франциядан кейін үшінші орын алады. Басты ауыл шаруашылығы дақылдары кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршақ, бидай, какао, мақта. Мал шаруашылығында ірі қара малдың үлесі жоғары, оның саны (192 млн бас) жөнінен Бразилия дүниежүзінде тек Үндістаннан кейнгі орында. Бразилия жерінің үштен екі бөлігіне жуығын ормандар алып жатыр, жалпы бағалы ағаш қоры жөнінен ел дүниежүзінде бірінші орын алады. Орасан зор орман байлықтары әлі де болса жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай келеді. Жыл сайын Амазонка ормандарынан 50 мың тоннаға дейін табиғи каучук өнімдері (латекс), балауыз, сондай-ақ жаңғақ жиналады. Оңтүстік аудандарда парагвай шайы (йерба-матэ) мен араукария сүрегін дайындау жүргізіледі.
Туризм Бразилияның туризмі – тез әрі белсенді түрде жамып жатқан экономиканың бір саласы. Жыл сайын Бразилияға 1 млн-нан астам туристтер барып қайтады. Бұл Оңтүстік Американың ерекше мемлекеті. Тропиктік және субтропиктік климаты тән мемлекет үлкен ботаникалық бақша ретінде әлемге таныс, және бұл рекреациялық, танымдық туризмнің дамуына зор үлес қосады. Елдің ең көрнекті, бірақ меңгерілуі қиын аймағы – Бразилияның солтүстігі. Бұл аймақтың ең басты туристтік ресурстары - құлазыған қу далалары, түрлі жануарлар мен өсімдіктерге бай табиғаты, джунгли, Амазонка өзені – туризмнің экскурсиялық, ойын-сауық, экстремалдық, балық аулау, аңшылық сияқты бағыттарының дамуында шешуші рөл атқарады. Ал елдің солтүстік-шығысы ең экологиялық таза зона болып есептеледі. Бразилияның оңтүстік-шығысы – елдің ең негізгі экономикалық ауданы және ең басты туристтік орталығы. Бұл аймақта әлемнің ең әдемі қалаларының бірі – Рио-де-Жанейро, Гуанабара шығанағы орналасқан. Бразилиялықтар – Күннің балалары, және әлемге танымал Рио-де. Жанейро қаласы дүниежүзілік карнавалдың астанасы ретінде әйгілі. Бразилияның оңтүстігі әлемге өзінің Игуасу сарқырамасымен, ұлттық парктерімен даңқты. Елдің бұл аймағында туризмнің сафари, рафтинг сияқты бағыттары дамыған. Мемлекеттің батыс аймағы елдің астанасы – Бразилиа қаласының арқасында әйгілі. Бұл қала өзінің архитектурасымен танымал.
Туризмнің ең басты орталықтары: Рио-де-Жанейро, осында Грумари, Леме, Копакабана, Лебнон, Ипанеме, Пепино Сан -Конраду, Барра де Тижуки, Фламенгу, Урка, Рекреудус-Бандейрантес жағажайлары орналасқан. Ресифи – Бразилияның інжуі. Бұл қалада көптеген шіркеулер, ескі оңаша үйлер, тарихи ғимараттар орналасқан, және олар туризмнің танымдық бағытын дамытуға үлес қосады. Сан-Паулу – Оңтүстік Американың ірі мегаполисі, ірі сауда және өнеркәсіп орталығы. Минас-Жерайс – ескі штаттардың бірі. Бразилияның Ору-Прету, Марианна, Сан. Жуан-дел-Рей, Сабара сияқты қалалары барокко стиліндегі архитектурасымен танымал. Салвадор – өзінің көшелік мерекелерімен, жағажайларымен әйгілі.
Бразилия немен әйгілі. . . Бразилиа, Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Ресифи, Минас-Жерайс, Салвадор қалаларымен; Христос мүсінімен; Игуасу сарқырамасымен; Гуанабара шығанағымен; Ұлттық саябақтарымен; Амазонка өзенімен; Жағажайларымен; Карнавалымен; Футболымен;