
Biznesti_bagalausb.pptx
- Количество слайдов: 20
Бизнесті бағалау
Бағалау — материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалар күрделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында Бағалар жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндірістік қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданылады.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы“ (2000 жылғы 30 қараша) заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.
Кәсіпорынның бизнесін бағалаудың объектілері: кәсіпорынның мүліктік кешені; кәсіпорынға(фирмаға) нарықтың секторын бақылауға рұқсат ететін құқықтар жүйесі немесе қоржыны; кәсіпорынның(фирманың) тауар нарықтарында бәсекелесуге қабілеттілігі.
Бағалар процесі оның негізгі қағидаларын айқындауға және жүзеге асыру тетіктері мен нақты экономикалық есептеулерге негізделеді. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне қарай жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалар, негізгі қорды Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т. б. түрлерге бөлінеді.
Қолданылу объектісіне қарай бағалау түрлері Жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалау — мүлікті аукционда сату кезінде бастапқы бағасын белгілеу немесе кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылған жағдайда оның жарғылық қор көлемін анықтау. Кәсіпорынның мүлкі бухгалтерлік баланс мәліметтеріне, тікелей түгелдеу негізіне сүйеніп бағаланады. Бағаланғалы отырған мүліктің құрамына негізгі қор мен салымдар, ақшалай қаражат пен басқа да қаржылық активтер кіреді.
Негізгі қорды Бағалау — негізгі қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды: 1) толық алғашқы құн — жаңа іске қосылған негізгі қор құны. Оған ғимаратты жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді; 2) тозбасы шығарылған бастапқы құн — негізгі қор құнының өндірілген өнімге ауыспаған бір бөлігі; 3) толық қалпына келтіру құны — негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі нақты жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн; 4) тозбасы шығарылған қалпына келтіру құны — негізгі қордың өнімге ауыспаған нақты құны. Ол негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі мәліметтер негізінде анықталады. *Шаруашылық қорын Бағалау — табиғи көрсеткіштерді ақшаға шағып көрсету тәсілдері. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданылады.
Жылжымайтын мүліктерді Бағалау — жылжымайтын мүліктерді сатып алу, сату процесінде олардың нарықтық құнын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекеттер жиынтығы. Жылжымайтын мүліктерді Бағалауда мынадай талаптар: тұтынушының көзқарасына негізделген талаптар, жерге қатысты немесе оған орналасқан өндірістік қуаттар мен үй құрылыстарына байланысты талаптар, нарықтық ортаның қалыптасуынан туындайтын талаптар және мүлікті өте тиімді пайдалануға негізделген талаптар басшылыққа алынады.
Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амалдарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген.
Бағалау қызметі ғылыми негізде, оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.
Құн, шығындар және баға түсініктемелері бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн - алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері.
Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік обьектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар салушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей обьектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, құн және баға бір-бірімен тең болады.
Баға -өткен мәлімелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік құнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.
Құн негізінен төрт шарттан туындайды: сұраныс, пайдалылық, тапшылық және меншік құқықтарын беру мүмкіндігі. Сұраныс-белгілі бір уақыт үшінде нарықта сатып алатын тауар (қызмет)саны немесе меншік объектілері. Сұраныстың өсуі бағалардың өсуіне алып келеді.
Пайдалылық. Адамдардың белгілі бір қажеттенділіктерін қанағаттандыратын, тауарлар меншік объектілерінің қабілетін-пайдалылық деп атайды. Берілген зат неғұрлым көбірек қажттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оған сұраныс жоғары болады. Пайдалылықтың өсуі көбіне бағаның өсімімен сәйкес болады.
Тапшылық. Үлкен сұраныс пен жоғары пайдалылыққа қарамастан, ешбір мүлік тапшы болғанша құны болмайды.
Меншік құқығын біреуге беру мүмкіндігі. Кез келген зат меншік құқықтарын біреуге беру мүмкіндігі бар жағдайда тауар болып саналады. Мысалы, берілген заңнамамен жердің белгілі бір үрлеріне сату рұқсат етілмесе, онда олардың құндылығы болмайды. Дегенмен, бұл жерлердің жал құқықтарының нарық құнын бағалауға болмайды
Назарларыңызға рахмет!
Сұрақтар 1. Бағалаудың қазіргі кезде экономикадағы ролі? 2. Бағаның экономикалық сипатына қарай түрлері қандай? 3. Құнның пайда болу шарттары? 4. Бағалау объектілеріне не жатады?
1. Бағалау субъектісіне не жатады? А) кәсіпорын Б)кәсіби бағалаушы С)банк Д)кәсіпорынның жылжымайтын мүлкі 2. Бағалау теориясында бағалау тәсілдерінің неше түрі бар? А)3 Б)4 С)6 Д)1 Е)2 3. Салыстырмалық тәсіл дегеніміз не? А)табыс капитализациясы бойынша есептеу Б)бағаланатын объект қайта қалпына келтіру құны бойынша есептеу С) салыстырмалы және бағаланатын жылжымайтын объектінің бірліктер өлшемі Д) бағалаушы жылжымайтын мүлікті иемденуден болашақта алатын табыстың ағымдағы құнын өлшейді.
Biznesti_bagalausb.pptx