Бизнес-жоспар.pptx
- Количество слайдов: 64
Бизнес-жоспар Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру Жакудаева Р. Ә Орындаған:
Жоспары: • Кестелер тізімі 3 • Суреттер тізімі 4 • Резюме 5 • Кіріспе 7 • 1. Жобаның тұжырымдамасы 8 • 2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы • 3. Өндірістер бағдарламасы 11 • 4. Маркетингтік жоспар 12 • 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы • 4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер • 4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер • 4. 4 Маркетинг стратегиясы 16 9 12 14 15
• 7. Жобаны іске асыру 23 • 7. 1 Іске асыру жоспары 23 • 7. 2 Жобаны іске асыру шығындары • 8. Пайдалану шығыстары 23 24 • 9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 25 • 10. Қаржыландыру қажеттілігі 27 • 11. Жобаның тиімділігі 28 • 11. 1 Cash-flow проекциясы 28 • 11. 2 Пайда мен залалдардың есептері 28 • 11. 3 Баланс проекциясы 28 • 11. 4 Қаржы индикаторлары 28 • 12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 30 • 12. 1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні • 12. 2 Қоршаған ортаға әсер 30 30
Кестелер тізімі • 1 -кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі • 2–кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы • 3 -кесте – Сатуға жоспарланған баға, мың теңге • 4 -кесте - Өнімге жоспарланған баға • 5 -кесте - 2011 жылғы қазандағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кептірілген нан мен печенье өндіретін кәсіпорындар бағасының индексі, % • 6 -кесте - Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі • 7 -кесте - Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың тізімі • 8 -кесте - Цех жабдықтарының тізбесі • 9 -кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
• 11 -кесте - 1 байдағы ауыспалы шығыстар • 12 -кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг. • 13 -кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг. • 14 -кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге • 15 -кесте - 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге • 16 -кесте - Кредиттеу шарттары • 17 -кесте - Кредит бойынша төлемдер, мың тг. • 18 -кесте - Өнімділік көрсеткіштері, мың тг • 19 -кесте - Баланстық есеп коэффициенттері • 20 -кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері • 21 -кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг. • 22 -кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл) •
Суреттер тізімі • 1 -сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг. • 2 -сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна
Кіріспе • Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады. • Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде. • Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай. • Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады. • Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.
1. Жобаның тұжырымдамасы • Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген. • Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды. • Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар: • - сары майдан жасалған кептірілген нан; • - ірімшік қосылған печенье;
• Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т. б. ) қосылатын болады. • Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады. • Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орынжайда орналасқан. • Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады. • Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы • Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері цехын құру көзделген. • Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді, . Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда. • Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9 -12 %) олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің рөлін атқара алады. • Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі белгіленген. Сақтау шарттары сақталған кезде сақтау мерзімі 1 -ден 2 айға дейінгі мерзімді құрайды. Кептірілген нанның ең маңызды көрсеткіштері –. нәзіктігі мен суда бұқтырылуы.
• Бір бубликтің салмағы 50 -100 г, шығыршығының диаметрі 7 -10 см, шығыршықтың қалыңдығы 3, 3 см, ылғалдығы 25 -27 %. • Баранкалар диаметрі 7 -9 см дөңгелек түрде жасалады, шығыршықтың қалыңдығы 2 см. Бір өнімнің салмағы 25 -40 г, ылғалдығы 14 -19 %. • Сушкилердің баранкалардан айырмашылығы шағын дөңгелек түрде жасалуды (диаметрі 4 -6 см)мен шығыршығының қалыңдығы (1, 0 -1, 7 см). Бір өнімнің салмағы 6, 5 -12 г, ылғалдығы 9 -13 %. • Қиықшалар қант, май және басқа шикізаттың тәтті, ащы, киевтік және ванильді түрлері қосыла отырып жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Бұл өнімдер жан-жағы жинақталған, диаметрі 8 мм және ұзындығы 100280 мм болатын таяқша түрінде жасалады. Дайын өнімнің ылғалдылығы қиықшаның түріне байланысты 7 -ден 11% дейін. • Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1 -кестеде берілген.
• Печенье. Пече нье — қамырдан жасалатын шағын кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені әдетте дөңгелек, төрт бұрыш, жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен, қоюлатылған сүтпен, креммен) немесе мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына салады. • Кепкен тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Кепкен тоқаш тобында сушкалар, баранкалар және бубликтер бар. Бұдан басқа осы топқа нан қиықшалар мен нан таяқшалар да кіреді. • Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ болып келеді, дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде шығыршықтардың шеттерін жапсыру және шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын өзгерту қолмен жасалады. .
3. Өндірістер бағдарламасы • Жобаның бастапқы айларында кондитер цехы толық қуатында қосылмайды, бұл нарықтағы орнын иеленуіне байланысты болады. • 2 - кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы мен жарамсыздық пайызы ескерілген ең төмен экономикалық тиімділігі ескеріле отырып есептелді.
Бағаны қалыптастыру кезінде халықтың орташа табыс деңгейі ескерілді Түсімдерді есептеген кезде цех өнімінің мынадай құны назарға алынды:
4. Маркетингтік жоспар • 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы • Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік тәуелсіздігін иелене алмайды, бірақ облыста өмірлік маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті биоклиматтық және өндірістік әлеует бар. • 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыста қолданыстағы бағамен 55, 3 млрд. теңгенің тамақ өнімі, 1, 5 млрд. теңгенің сусыны өндірілді. Тамақ өнімдері өндірісіндегі нақты көлем индексі 2009 жылғы қаңтаржелтоқсанға қарағанда 120, 2%, сусындар өндірісінде 95, 5% құрады. • Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің деректері бойынша облыстың республикадағы тамақ өндірісі өнімдерінің көлеміндегі үлесі 8, 2%-ға, сусындар - 1, 1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінде салалар үлесі тиісінше
• Тамақ өнімдері өндірісі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің көбінде өндіріс көлемінің өскені байқалады. • Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нантоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінде, өзге де тамақ өнімдерінде өнім көлемінің төмендегені байқалды. • Тамақ өнімдері мен сусындар шығаратын кәсіпорындарда 2010 жылғы қаңтаржелтоқсанда 5891 адам немесе барлық өнеркәсіп өндірісінде жұмыс істейтіндер санының әрбір он үшінші адамы жұмыспен қамтамасыз етілді. • Тамақ өнімдері өндірісінде орташа айлық жалақы 39268 теңге немесе 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қарағанда 111, 2% мөлшерінде қалыптасты.
1 -сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг. Суретте көрсетілгеніндей ШҚО бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 230, 5 млн. теңгеге төмендеді.
2 -сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна. Суретте көрсетілгеніндей ШҚО-да кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері мен тәтті нандар өндірісі бойынша аздап төмендеу байқалады. Мысалы, 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 158 тонна кептірілген нан мен печенье шығарылды, бұл 2009 жылғыдан 396 тоннаға кем.
• Кесте қорытындылары бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады: • - Кептірілген нанның бағасы (әр түрлі қалталау) мынадай диапазонда ұсынылған 119 – 190 теңге; • - Сушкалардың бағасы (әр түрлі қалталау) – 129 – 395 теңге; • - Қоспасы жоқ печеньенің бағасы (әр түрлі қалталау) – 39 – 669 теңге; • - Қоспасы бар печеньенің бағасы (әр түрлі қалталау) – 55 – 428 теңге. •
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындар болып табылады.
• Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары: • - Сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы; • - Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер; • - Шағын өндіріс, өзгеріп отыратын жағдайға тез икемделу тәсілі; • - Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер • Кондитер өнімдері Кеден одағының «Сезімтал тауарлар тізбесіне» енгізілген. Әкелу кеден бажының ставкасын Кеден одағының комиссиясы кейіннен консенсуммен қабылдайтын болады. Баждың орташа ставкасы әріптес елдердің «нөлдік ставкасы» есебінен төмен болады, бұл импорттың, әсіресе Ресейден келетін импорттың ұлғаюына әкеледі. Бірақ бұл ішінара Қазақстанның өндіріс қуатын ұлғайтуына және сапаны сақтауына байланысты болады. • Қазақстанда кондитер өнімдерінің бағасы инфляция диапазонында өсу үрдісін сақтайды деп күтілуде. • ATFBank Research сарапшыларының бағалауы бойынша нақты ақша кірісінің 1%-ға өсуі заттай мәніндегі тұтыну көлемінің 0, 6%-ға ұлғаюына әкеледі. Болашақта кондитер өнімдерін тұтыну
4. 4 Маркетинг стратегиясы • Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру болжануда: • Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы; • Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану; • Құрғақ нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ауылдық елді мекенде орналастырудың жоспарлануына байланысты және жаңа кәсіпорын туралы ақпарат халықтың арасында тез тарайтындықтан одан әрі жарнама жүргізу талап етілмейді.
5. 1 Технологиялық процесс • Кептірілген нан өндірісінің технологиялық схемасы • Жалпы алғанда ашытып жасалған кептірілген нанды өндіру схемасы төмендегі операциялардан тұрады. : • шикізатты өндіріске дайындау; • ашытқы мен қамырды дайындау және ашыту; • қамырды бөлу және қалыптау (қатарлар); • көтерілуге қою; • дайын қалыптарды пісіру; • салқындату және қалыпты дайындау; • қалыптарды бөлшектеп кесу және табақтарға салу;
• табақтарды пештің асына немесе кептіргіш аппараттың ішіне салу; • салқындату; • іріктеу, кептірілген нанды ыдыстарға салу немесе оларды қаптау мен өнімдерді қоймаларда сақтау. • Нан, соның ішінде кептірілген нан өнімдері өндірісінің технологиялық схемасы қамыр дайындау тәсілімен және технологиялық жабдықтарымен сипатталады, соның базасында өнім дайындау ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта ашытылған кептірілген нан өндірісінде қамырды опара тәсілімен дайындау кеңінен тараған: • қамырды екі рет мөлшерлеп, кезең-кезеңмен нан илейтін машиналарда илеу, оған көтерілуі жатады, ; • қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашыта отырып опара мен қамырды үздіксіз илеу; • қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашытпай опара мен қамырды үздіксіз илеу;
5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар • Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей кондитер цехын, қойманы және сауда залын орналастыру үшін ортасы бөлінген үш бөлмеден тұрады. • Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы • Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдердің қатар жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамынадай бөлімшелер кіреді: • - қамыр илеу – мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын фабрикаттар дайындалады; • - қамырды бөлу – бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю; • - пісіру – мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі • - салқындату;
• - өнімдерді өңдеу бөлімшесі; • - жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын. • Кондитер цехында сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш жүйе қарастырылған. Цех кондитер цехтарына қойылатын СЭС талаптарына сәйкес келеді. • Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал и т. б. ) сақтау үшін қарастырылған. Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60 – 65 % болуы тиіс. Бұдан басқа осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын тоңазытқыштар қойылады. • Сауда залы шамамен 20 шаршы метр аумақты алады. •
5. 3 Жабдық және инвентарь (техника) • Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады: • Елеуіштен өткізу машинасы – басқа қосындыларды бөлу және ұнды оттегімен байыту үшін. • ТММ-1 М үлгісіндегі сыйымдылығы 140 литр нан илеу машинасы. • Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр • ШПЭСМ-3 үлгісіндегі бір ауысымда 50 торт пісіруге мүмкіндік беретін пісіру шкафы. • Нан пісіру өнімдері өндірісі шағын көлемде болатынына қарамастан онда 3 пісіру камерасы бар арнайы кондитерлік пісіру шкафын пайдаланған орынды. Әрбір камерада 100 –ден 250° С дейінгі температураны автоматты ұстап тұруға болады, нәтижесінде бұл шкафта бір мезгілде әр түрлі температурада жартылай фабрикаттың үш түрін пісіруге болады, ол үшін дербес термореттеуіші орнатылған. Қамырды дайындау, бөлу үшін тот баспайтын болаттан жасалған үстел, жартылай фабрикаттарды қоятын сөрелер қажет. • Бұдан басқа, арнайы өндірістік инвентарь қарастырылған:
• өлшейтін стакандар, касықтар; • тортқа арналған түрлі формалар, формочкалар; • тәтті нандарды ою құралдары; • кастрюльдер, чашкалар, тарелкалар; • қамыр өңдеу инвентары (ағаш және темір оқтаулар); • ағаш қасықтар; • жартылай фабрикаттарға арналған пышақтар; • қасықтар, венчиктер, шанышқылар; • кондитер жиынтығы (шприцтар, алмалы-салмалы бөлігі, метал түтіктер); • жуу жабдығы; • ас үйге арналған орамалдар, қағаз орамалдар жиынтығы. • Қор қоймасы • Өнімдерді сақтау үшін қор қоймасына сөрелер орнатылады. Өнімді өлшеу үшін таразылар мен өлшеу ыдыстары қолданылады. Шикізат пен тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқыш пайдаланылады. • Сауда залы
• қою опара мен қамырды барынша механикалық өңдеуді пайдалану. . • Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиялық схемасы • Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиясы мыналардан тұрады: алдымен ірімшікті ерітілген маргаринмен қосады, содан соң ұн салып қамыр илейді. Дайын қамырды қалыңдығы 1 сантиметр етіп жазады. • Ірімшік қосылған печенье дайындау үшін 10 кг арналған шикізат шығысы, граммен: жоғары сортты бидай ұны - 4000, маргарин - 4000, ірімшік - 4000, қант 900, қамырдың салмағы - 12900, ашыған кезде - 10000. • Үстіне қант ұнтағын себеді, оқтаумен жазады және 3 Х 3 сантиметрлік ромбик түрінде кеседі. 280 - 300°С температурада 17 минут пісіреді. • Сушкалар өндірісінің технологиялық схемасы • Қою опара, ылғалдығы 38 — 40%, ұннан жасалады (13 — 60%), нығыздалған ашытқы (0, 5 — 1, 0%) және су. Дайын опараны әдетте бөліп-бөліп пайдаланады, дайын опараны пайдалану уақыты 2 сағаттан астам. Опараның көтерілу күші 13 — 15 минут. • Қамырды дайындаған кезде опараның қажетті бөлігін өлшейді, нан илейтін машинаға салып алдын ала дайындалған маргаринмен (40 — 45 ˚С температурада ерітілген), қант ерітіндісімен, сумен және басқа шикізатпен араластырады, содан кейін ұн қосады. Осыдан кейін қамырды 5 — 8 минут илейді. • Илеу ұзақтығын ұн жақсы болған жағдайда және қамырды тездетіп илеу тәсілі кезінде ұлғайтылады. Қамыр ең соңында құрғақ және біртекті болуы қажет. • Қамырды өткізу механикалық түрде жасалады (вальцовкада).
• Қамырды 10 кг шамасында кесектерге бөледі, содан соң кесу машинасынан өткізіледі (сушкаларға арналған қамырды 3 — 4 рет өткізеді). • Бірнеше рет өткізгеннен кейін қамырды екіге бүктейді. Тездетіп дайындаған кезде үккіштен 7 -8 рет өткізеді. • Қамырдың кесектерін орайды, жел тимеу үшін үстін жақсылап жабады да 10 -40 минутқа қояды. Осыдан кейін қамыр сирек тесіктері бар біркелкі массаға айналады • Қамыр әмбебап бөлу-қалыптау машинасына салынып, шығыршықтарға бөлінеді. • Дайын сушкаларды жоғары ылғалдықта (80 — 90%) 45 — 60 минут және ортаның жоғары температурасында (35 — 40 ˚С) ұстайды. • Тұрған кезінде дайын өнім көтеріліп, дөңгелек түрге енеді. • Тұрған дайын қамырды температурасы 96 — 98 ˚С арнайы бу камераларында қысымы төмен (3, 0 — 5, 0 к. Па) бумен бүркеді. • Бүрку уақыты 1 — 3 минут; дайын өнімнің салмағы көп болса бүрку де ұзақ жүреді. Бүрку кезінде өнім көтеріледі, өнімнің салмағы да шамалы өседі ( 6%). • Сушкалар торлы табақшаларда пісіріледі, бұл оның сыртқы түрін, сондай-ақ кептірілуі мен өсуін қалыпты сақтайды. Сушкаларды пісіру уақыты 14 — 15 минут. Сушкаларды бусыз және желдеткіші бар камераларда пісіреді. Өнімді желдеткіш арқылы суытады.
5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым • Жобада орын-жайды жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда электр -, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай -ақ телефон байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай қажетінше бейімделетін болады.
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам • Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы мынадай негізгі ұйымдастыру бірліктерінен тұрады: • Мынадай негізгі талаптарға сәйкес келетін кондитер: • - кәсіби білімінің болуы; • - ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісінің рецептері мен технологиясын білуі • - шикізаттың сипатын, құрылымын, қолданылуын, сақтау шарттары мен мерзімдерін білуі; • - ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары деңгейде өңделуі әдістері мен тәсілдерін білуі; • - жұмыс істеу принциптері мен технологиялық жабдықтарды пайдалану қағидаларын және т. б. білуі; • - жоба бойынша 2 кондитер қарастырылған, біреуі пісірумен, екіншісі сыртқы келбетін әшекейлеумен айналысады. • Сатушы, оның қызметіне ұннан жасалған кондитер өнімдерін сату, өтінімдер, шикізат пен материалдарды жеткізушілерден тапсырыстар қабылдау және т. б. жатады. • Бухгалтер, ол кәсіпорынның бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуді жүзеге асырады.
7. Жобаны іске асыру 7. 1 Іске асыру жоспары
8. Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан тұрады.
• Ауыспалы шығыстар өнімді дайындау үшін қажетті ингредиенттерден тұрады. Бағасы тұрғындар – шаруашылық иелері үй өнімдерін сататын аудан базарларындағы бағаға жасалған талдаудың негізінде көрсетілген. •
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар Жобада құны айына 48 мың теңге тұратын орынжайды жалдау көзделген. Осы бағаға электр энергиясы мен телефон байланысын қоспағанда барлық коммуналдық төлемдер қосылған. • Кондитер цехын электрмен жабдықтаудың негізгі ағымдағы шығындары кондитер цехы мен дүкендегі электр жабдықтарының қуатын тұтыну есебінен қалыптасады, атап айтқанда: • Пісіру шкафы – 12 к. Вт*ч • Электр плитасы – 5 к. Вт*ч • Крем араластыратын машина – 1, 5 к. Вт*ч • Ұн елеуіш – 0, 55 к. Вт*ч • нан илейтін машина – 1, 5 к. Вт*ч • Тоңазытқыш жабдығы – 1 к. Вт*ч • Жобада тоңазытқышты қоспағанда барлық жабдық сөткесіне 5 сағаттан артық жұмыс істемейтіні көзделген. Тоңазытқыштар тәулік бойы істейді. • Сумен, жылумен жабдықтау шығындары жалдау ақысының құнына кірген. • Телефон байланысының шығыстары сандық АТС пен қалааралық
Кондитер цехын электрмен жабдықтаудың негізгі ағымдағы шығындары кондитер цехы мен дүкендегі электр жабдықтарының қуатын тұтыну есебінен қалыптасады, атап айтқанда: • Пісіру шкафы – 12 к. Вт*ч • Электр плитасы – 5 к. Вт*ч • Крем араластыратын машина – 1, 5 к. Вт*ч • Ұн елеуіш – 0, 55 к. Вт*ч • нан илейтін машина – 1, 5 к. Вт*ч • Тоңазытқыш жабдығы – 1 к. Вт*ч • Жобада тоңазытқышты қоспағанда барлық жабдық сөткесіне 5 сағаттан артық жұмыс істемейтіні көзделген. Тоңазытқыштар тәулік бойы істейді. • Сумен, жылумен жабдықтау шығындары жалдау ақысының құнына кірген. • Телефон байланысының шығыстары сандық АТС пен қалааралық сөйлесулерді пайдаланудың абоненттік құнына қосылады. • Орау шығыстары өнім өндірудің орташа айлық көлемі – 1 140 кг, ескеріліп есептеледі. Олар 5 кг қораптарға бөліп салынады. Осылайша, 228 қорап сатып алу қажет болады. Қораптардың көтерме бағасының 44 теңге екенін ескере келе оларды сатып алу шығыстары айына 10 000 теңгені құрайды. Ыдыстарды созылмалы картоннан орау ыдыстары өнімдерін шығаруға маманданған «Казполиграф» ЖШС (Семей қаласы) сатып алу жоспарланған. •
• Еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы айына 136 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік аударымдар айына 6, 1 мың теңгені (міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) есептемегенде еңбекақы төлеу қорының (бұдан әрі ЕТҚ) 5% есебінен) құрайды. Бұл сома Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 437 бабына сәйкес әлеуметтік салық сомасын азайтады. Салықты жеңілдетілген декларация негізінде есептеу салық салу объектісіне (кіріс) 3% (ҚР СК 437 -бабы) ставканы қолдану арқылы жүргізіледі, соның ½ жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС), ½ - әлеуметтік салық құрайды. • Бұдан басқа әлеуметтік салықтың есептелген сомасы егер жұмысшының орташа айлық жалақысы Республикалық бюджет туралы заңда (ҚР СК 436 -бабы) тиісті қаржы жылына белгіленген еңбек жалақысының 2 -еселік ең аз мөлшерінен кем болмаса әрбір жұмысшы үшін салық сомасы 1, 5 % сомаға азайту жағына қарай түзетіледі.
10. Қаржыландыру қажеттілігі Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығыстар мыналарды қамтиды:
Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды
11. Жобаның тиімділігі 11. 1 Cash-flow проекциясы • Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр. • операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет; • инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі; • қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.
11. 2 Пайда мен залалдардың есептері Жоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2 -қосымшада айқарма түрінде көрсетілген.
11. 3 Баланс проекциясы 2016 жылғы баланстық есептің коэффициенттері төмендегі кестеде берілген.
11. 4 Қаржы индикаторлары 10% дисконттау ставкасы кезінде 7 жылға арналған инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 267 мың теңгені құрады.
• Кестеде кәсіпорынның залалсыздық шегі жылына сату көлемі 5 378 мың теңге болып табылатыны көрсетілген (1916 жыл). • Қаржылық тұрақтылық қоры 2013 жылы 8 % құрайды, одан әрі бұл көрсеткіш пайыздар бойынша шығыстардың азаюына қарай (19% дейін) өседі. • Кәсіпорында жеке кәсіпкердің ұйымдастыруқұқықтық нысаны бар және шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың жеңілдетілген режимін қолданады. ҚР Салық Кодексіне сәйкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың ставкасы кіріс сомасының (жалпы кіріс) 3% мөлшерінде белгіленген. •
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 12. 1 Жобаның әлеуметтікэкономикалық мәні • Осы жобаны іске асыру ауылдық жерде жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік береді, осылайша әкелінетін өнімді өңірде өндірілетін өніммен ауыстыруға ықпал етеді. • Жобаны іске асыру: • - ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын ашуды; • - Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын аудан әкімшілігінің бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуін (7 жылда 1 млн. теңгеден астам) болжайды. • Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады: • - ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. •
12. 2 Қоршаған ортаға әсер • Жобаның идеясы кондитер цехын ашу кезінде қоршаған ортаға түбірінен қандай да бір өзгеріс енгізуді қарастырмайды. • Қалың және сұйық тұрмыстық қалдықтарды үнемі және уақтылы шығарып тұрған кезде қоршаған ортаның ластануы барынша азаятын болады.
Бизнес-жоспар.pptx