мунаи.ppt
- Количество слайдов: 11
Біздің жұмыс істей алатын орындырымыз Қазақсанда! Соның ішінде мұнай-газ саласын бойынша Орындаған: Мамышева Анель
Қазақ мұнайы жайында сөз қозғағанда оның тарихына азкем тоқтала кеткеніміз орынды. 2009 жылы Қазақстанда мұнай өндіріле бастағанының 110 жылдығын тойлап, өткенге салауат айттық. Тарих таразысына салып қарасақ, бұл кезеңнің тұтас бір дәуір екенін байқайсың. Қазақтың кең сахарасында қара алтынның субұрқанша атқылағанына 110 жыл болса, жалпы адамзат баласының мұнайды кең көлемде өндіруіне 150 жыл толды. Американың Эдвин Дрейк атты инженері АҚШ-тағы алғашқы ұңғыманы бұрғылап болған күні мұнайшылық кәсіптің бастауы деп тарихта қарастыру үрдісі қалыптасқан.
Ең алғашқы қазақ мұнайы Атырау атырабындағы қасиетті Қарашүңгіл деген жерден шыққаны тарихтан белгілі. Қарашүңгі – Құлсарыдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан кеніш. 1894 жылы патшалы Ресейден келген кәсіпкерлер қазақ жеріндегі мұнай кен орындарын іздеуге және барлауға концессия алып, іске кіріседі. Алғашқы мұнай барлау объектілері Доссор, Қаратоң, Қарашүңгіл және Ескенеден басталған. Сол кезде «Ембі – Каспий» қоғамының концессиясына ие болған.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының қарыштап дамуына алып Теңіз бен қазыналы Қашаған, берекелі Құмкөл мен құт дарыған Қарашығанақ, өзегі мәйекті Өзен мен Қаражанбас, Жаңажол мен Кеңқияқ кеншітерінен өндірілген мұнай айтарлықтай әсер етіп отыр.
«Қаз. Мұнай. Газ» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық мұнай-газ компаниясы - «Қаз. Мұнай. Газ» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның (ҚМГ ҰК) еншілес компаниясы болып табылады. «Қаз. Мұнай. Газ» Барлау Өндіру» АҚ – Қазақстандағы мұнай өндіру көшбасшыларының бірі. Компания мұнайды Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында өндіреді. «Қаз. Мұнай. Газ» Барлау Өндіру» АҚ – акционерлік қоғамы «Өзенмұнайгаз» АҚ Қазақстандағы мұнай өндіру ( «ӨМГ» ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның көшбасшыларының бірі. Компания ( «ЕМГ» ) бірігуі нәтижесінде 2004 жылдың мұнайды Қазақстанның батыс және наурыз айында құрылды.
Табиғат ананы аялауды естен шығармайық
Экологиялық апаттар Табиғатқа зияны Адамзатқа келтіретін кесапаты
Кен орны 1979 жылы ашылған, кен орнын игеру 1984 жылы басталды. Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Шетелдік компаниялар Альянсы арасында бекітілген Өнімдерді тарату туралы нақты келісім шеңберінде іске асырылады.
Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған.
Алайда, бұл Қазақстан мұнайының азайғанынан емес еді. Осы аймақ игеріле басталғаннан бергі 40 жылдың ішінде айқын болғандай 1, 5 мың кен құрылымының 32 ғана барлаудан өткен еді. Соның 20 – нан мұнай белгілері байқалса, 12 – нен ғана отын қндіріліп тұрды. Жер қойнауындағы тұнып жатқан мол байлықтың кең көлемде игерілмеудің басты себебі – табиғаттың қаталдығынан еді
мунаи.ppt