бирма.pptx
- Количество слайдов: 9
Бирма мемлекеті Орындаған: Ергешбаева. С Тексерген: Махмудова. Л. К
Иравади- Бирмадағы аса ірі өзендердің бірі. Ұзындығы щамамен -2170 км, бассейн ауданы 411 мың км². Ирававди өз бастауын Канчин штатындағы Мали мен Нмай өзендерінің қосылған жерінен алады. Өзен мемлекетті солтүстіктен оңтүстікке қарай қиып өтеді. Иравади мен оның салалары жоғарғы жағында жунгли арасымен терең шатқалдар арқылы ағады, арнасы шоңғалды келеді. Орта және төменгі ағысында Иравади жазығын кесіп өтеді, бұл тұста аңғары кеңейеді. Сағасына 300 км қалғанда батпақты атырауы басталады, оның ауданы 30 мың кm² шамалы (кейбір дерек бойынша, 48 мың кm²).
Иравадидың орташа су шығыны төменгі ағысында 13 - 14 мың m³/ сек. Нөсер жаңбыр жауған кезде 40 мың m³/ сек - қа жетеді. Сұрапыл су тасқыны жиі болып тұрады. 1100 км - ге дейін, жазда 1440 км - ге дейін (Бамо қаласына дейін) дейін кеме жүзеді. Кішігірім кемелер Мьичина қаласына (сағасынан 1600 км) дейін көтеріле алады. Орта және төменгі ағысында Иравади және оның салаларымен жер ағызылады. Энергия ресурсы мол, бірақ мүлде пайдаланылмайды. Жағасында. Мандалай, Пьи, Хинтада қалалары, атырауында Бирманың астанасы Рангун қаласы орналасқан
Салуин -Қытай мен Мьянма жеріндегі өзен; ішінара Мьянма мен Таиланд мемлекеттері аралығындағы шекара бойымен ағады. Ұзындығы 3200 кмдей, су жиналатын алабы 325 мың км². Бастауын Тибеттегі Тангла жотасындағы мұздықтардан алады. Юньнань және. Шань таулы қыраттарында шоңғалдар мен су құламаларын жасап, терең (1500 — 3000 м-ге дейін) шатқалмен, төменгі ағысында — жағалық жазықпен ағады. Екі тармақтана Андаман теңізіне құяды. Сағасында орташа жылдық су ағымы 6700 м 3/с. Суы жазда тасып, деңгейінің маусымдық ауытқуы 15 — 20 м-ден асады. Өзенмен ағаш ағызылады. Төменгі ағысындағы 120 км-дей қашықтықта кеме қатынайды. Сағасында Моламьяйн (Мьянма) теңіз порты орналасқан.
Чиндуин – Бирмадағы үлкен өзендердің бірі Иравади өзенінің ірі оң жақ саласы. Кумун тауының батыс бөлігінен бастау алады. Ұзындығы шамамен - 1100 км, бассейн ауданы-114 000 км². Өзен негізінен жаңбырмен қоректенеді,
Назарларыңызға рахмет!
бирма.pptx