Биосфера слайд.pptx
- Количество слайдов: 7
Биосферадағы үлкен айналым
Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераны ң үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте, Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың түбімен өтеді.
тірі заттар биогендік заттар ғарыштық заттар. В. И. Вернадский бойынша биосферада 7 әр түрлі, бірақ өзара байланыстағы зат түрлерін бөлуге болады шашыранды атомдар радиоактивті заттар енжар заттар биологиялық енжар заттар
Биосфераның негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік процестерінің динамикасын қамтамасыз ететін энергия мен заттардың биологиялық айналысы. Тірі азғалар (тірі заттар) мен олардың тіршілік ететін ортасы ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде динамикалық жүйелер түзе отырып, бірімен-бірі өзара тығыз байланыста және өзара әрекеттес болады. "Биосфера" терминін алғаш австриялық геолог Э. Зюсс енгізді (1875 ж. ).
Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы Биосфераның негізгі қасиеттері Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі. Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.
Үлкен немесе геологиялық (құрлық пен мұхит арасында) Кіші немесе биологиялық (экожүйе ішінде) Заттар айналымы 2 түрге бөлінеді
Үлкен айналым бірнеше млрд. жылдарға созылады. Тау жыныстары бұзылып, желмен мүжіліп, су ағынымен Дүниежүзілік мұхитқа түседі. Бұл жерде олар теңіз түбі қабаттануын түзіп, тек бір бөлігі ғана жауын-шашынмен құрлыққа қайтып түседі. Ірі, бірақ өте баяу жүретін геотектоникалық өзгерістердің (материктердің төмен түсіп, теңіз түбінің көтерілуі, мұхиттар, теңіздердің орын ауысуы) арқылы қабаттану құрлыққа қайта оралады, процесс осылай қайталана береді.
Биосфера слайд.pptx