Биосфера ЕСЕНОВА АЙЖАН 9 В
ОМ 1. ЭКОЛОГИЯ, ҰЛТТЫҚ ПАРК Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйеле рдің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ
Дендрологиялық бақ Дендрарий, дендрологиялық бақ – өсімдіктерді жүйеленімдік, географиялық, экологиялық, әсемдік, т. б. белгілеріне байланысты өсіретін жер телімі, арнайы бақ. Дендрарийдің (грекше dendron – ағаш) ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және ағартушылық мәні зор. Ауданы көбіне жүз гектарға дейін болады. Дендрарий шет жерлерден әкелінген және жергілікті өсімдіктерден құралады. Дендрарий өсірудегі негізгі мақсат – ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен орман шаруашылығы үшін әрі төзімді, әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Жақсы жоспарлап салынған дендрарийдің эстетикалық маңызы зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда Есік және Шымкент дендрарийлері жұмыс істейді. Есік дендрарийі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік-көрсеткіш питомнигі. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындаорналасқан, 1959 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 360 гектар. Ағаш, бұта көшеттерін өсіреді. Ал Шымкент дендрарийі 1979 жылы құрылған. Аумағы 173 гектар. Ағаш, бұта, әр түрлі гүл көшеттерін өсірумен айналысады.
Қазақстандағы дендрологиялық бақтар Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын. Ағаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1 млн. 360 мың. Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.
ПРОДУЦЕНТТЕР, РЕДУЦЕНТТЕР, КОНСУМЕНТТЕР Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайынорганикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Тұтынушылар, түзушілер, ыдыратушылар немесе бүлдірушілер
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШІ Табиғат ескерткіші[1] — ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат объектілері. Халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Табиғат ескерткіштерінің түрлері Ботаникалық зоологиялық, геологиялық Тарихи мемлекеттік Жергілікті
РЕЗЕРВАТТАР Резерват (лат. reservetus — сақталған) — негізгі қорғалатын нысаны табиғи кешен құрауыштарының бірі болып табылатын қорғалатын табиғи аумақ. Резерваттар міндеті (орман, батпақ, орнитологиялық және т. б. ) мен режімі бойынша сараланады: басқарылмайтын Резерват — мұнда табиғи процестер адамның ешқандай араласуынсыз өзінен-өзі табиғи негізде реттеледі және басқарылатын Резерват — қорғалу режімі бойынша қорыққа жақындау келеді. Резерваттар Ұлыбританияда, Бирмада, Африка елдерінде бар. Резерватты кейде қорық және қорықша деп атайды. [1]
САПРОФИТТЕР МЕН ПАРАЗИТТЕР Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Сапрофиты - это растения-организмы, питающиеся остатками растений и животных, они превращают органические вещества в неорганические, участвуют тем самым в круговороте веществ в природе. К сапрофитам относятся большинство грибов и бактерий.
Қызыл кітап Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т. б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. 30 -35 жыл бұрын ашылды
Қазақсатнның қызыл кітабы Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б. ғ. к. Ю. А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Қазақстанның қызыл кітабы Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
экожүйелер Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихиқалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымынэнергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты.
Түрлері Түзушілер дегеніміз- фотосинтезді жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктрер(негізінен алғанда жоғары сатыдағы өсімдіктер). Қалған ағзалардың барлығы ағзалық заттарды өсімдіктерден және басқа автотрофты ағзалардан алады. Тұтынушылардегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді. Бұлар бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдірушілер негізінен алғанда сапротрофтар болып саналады. Оған ұқсас ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады. Табиғатта зат айналымы қызмет істеу үшін энергия үнемі түсіп тұруы қажет. Энергия көзі-Күн. Күн энергиясы жарық синтездеуші ағзалар арқылы ағзалық қосылыстардың химиялық энергиясына айналады. Бірімен бірі қоректік қатынастар арқылы байланысқан тіршілік иелері қоректену тізбегі түрінде дайындалады және ол үшін энергия алмасу өте маңызды болып саналады. Бұған мысал ретінде қарапайым тоқалтістер(мыши-полевки) жайылып жүрген шабындықты және соларды аулайтын түлкіні келтіруге болады. Бірлестіктегі қоректік байланыс дегеніміз- бұл бір ағзадан екінші ағзаға энергия беру тетігі. Бірлестіктің әр қайсысында қоректік байланыс күрделі торапта шырмалып жатады.